Жанболат Мамайдың кітап шығаруына да тыйым салынды
Оппозициялық саясаткер Жанболат Мамайдың кітап шығаруына да тыйым салынды. Мұндай шешімді 25 қыркүйекте Алматыдағы Бостандық аудандық сот шығарған. Мамайдың өзіне салынған тыйымдарды нақтылау жөніндегі өтінішін қараған судья "кітап шығару қоғамдық жұмыс саналатынын" айтып, оған тыйым салды.