Жыланбаевтың ашық сотын судья жабық қылды
Азаматтық белсенді, "Алға, Қазақстан!" саяси партиясын құрушы бастамашыл топтың жетекшісі Марат Жыланбаевқа қатысты сот процесі басталды. Ашық болатыны хабарланған отырысты судья жабық өткізуге шешім шығарды. Жыланбаев өзіне тағылған "экстремистік ұйымның жұмысына қатысты, оны қаржыландырды" дейтін айыпты мойындамайды.