"Әйелдің өзі кінәлі". Адамдар неге жәбір көрушінің өзін айыптауға үйір?
Қазақстанда қандай да бір әйелді зорлап кетсе, тұрмыстық жанжалда оған қол көтерсе не оны өлтіріп қойса, кейбір адам кінәні сол әйелдің өзінен іздеп жатады. Мұны "виктимблейминг" деп атайды. Ағылшынның victim – "жапа шегуші" деген сөзі мен blaming – "айыптау" дейтін сөзінен шыққан. Азаттық психолог Гүлнұр Сапаровмен бірге осы бір құбылыстың табиғатын талқылап көрді.