Еуроодақ қазақстандық компанияларға да санкция салмақ
Қазақстандық екі компания Еуропа одағының кезекті санкция тізімінде бар. Азаттық танысқан құжаттағы бұл компаниялар Қытайда жасалған дрондар мен батыста өндірілген микрочиптерді Ресейге тасымалдаған. Екі серіктестік те Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Қазақстанда тіркелген. Дәл осы компаниялардың реэспортпен айналысқаныны туралы биыл халықаралық зерттеуші журналистер де жазған.