Ақтөбеде түнгі клубтағы адам өліміне қатысты он алты адамға үкім оқылды. Ең ауыр жазаны екі адам арқалады: сот оларды 17 және 15 жылға сотталды. Сотталғандардың бәрі — түнгі клуб күзетшілері мен қызметкерлері. Олардың жақындары сот залында үкімге наразылық білдірді. Cотталғандардың өзі де басқа әріптестеріне араша түсті.