Қазақстанда жыл басынан бері 17 мыңнан астам адам қызылша жұқтырған. Денсаулық сақтау министрлігі вирус «вакцина салдырмағандықтан тарап жатыр» дейді. Ресми дерек бойынша, ауырып жатқандардың сексен пайызы — балалар. Отыз бала жан сақтау бөлімінде жатыр.