Алматыда саудагерлер сауда орнымыздан айырылып қаламыз деп дабыл қақты
Алматы қаласындағы "Евразия" сауда үйінде жұмыс істейтін кәсіпкерлер "ғимарат ішіндегі дүкендерден айырылып қаламыз ба" деп алаңдайды. Айтуыларынша, ескі базардың орнына жаңа ғимарат салынғанда оның құрылысына өздері де жүздеген мың доллар қаражат құйған және сол кездегі басшылық "дүкендер толық иеліктеріңе өтеді" деп уәде еткен. Бірақ былтыр пайда болған жаңа қожайындар саудагерлерге орынды босату туралы талап қойған.