Accessibility links

Алматы әкімдігі: 2025 жылы "Қалқаман" метро станциясы ашылады, 2030 жылға дейін үш станция салу жоспарда бар


Алматы метросы.
Алматы метросы.

Алматы әкімдігі 2025 жылы "Қалқаман" метро станциясы ашылатынын, 2030 жылға дейін "Барлық" базарына дейін тағы да үш станция салынатынын айтады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин хабарлады.

Әкім орынбасарының сөзін Tengrinews сайты жариялады. Әкімдік "Қалқаман" станциясының ашылуы күніне тасымалданатын жолаушылар санын 20 мыңға өсіреді деп күтеді.

"Былтырғы жылдың басында күніне 70 мың адам метромен жүрсе, қазір күніне метро 100 мыңдай адам тасымалдайды" дейді Әмрин.

Алматы метросында қазір 11 станция бар. Қала әкімдігінің мәліметінше, вагон паркінде пойыздардың 15 құрамы бар, олардың 11-і күніне жолаушы тасымалдауға шығады, екеуі резервте тұр, екеуі жөндеуде.

Алматы метрополитеннің құрылысы Совет одағы кезінде, 1988 жылы басталып, тек 2011 жылдың соңында ашылған. КСРО тараған соң біршама уақыт тоқтап қалған метро құрылысы кейіннен қайта жалғасқан.

Алматыда метрополитенінің ашылғанына он жылдан асса да, метро қаланың көп бөлігін қамтымайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG