Диана Қазақстаннан қалай қашты?
31 жастағы Диана Баймағамбетова 2021 жылы Қазақстан билігі "экстремистік ұйым" деп тыйым салған оппозициялық топқа мүше болғаны үшін сотталды. 10 ай тергеу абақтысында отырды, кейін сот бостандығын екі жылға шектеді. Шоттары бұғатталып, полиция бақылауына алынды. Диана Қаңтар оқиғасынан соң қысым күшейгенде елден қашуға бел буған. Бұл сапар оған оңай соққан жоқ.