Бүгін Алматыда белсенділер 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына тағзым етті. Олар 1991 жылы 12 желтоқсанда сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен белгіленген «17 желтоқсан - Демократиялық жаңару күні» ұмыт болғанын айтты. Желтоқсаншылардың сөзінше, «әлі күнге саяси-құқықтық баға берілмеген» оқиғаны «оқиға демей, ұлт-азаттық көтеріліс» деп атау керек.
ПІКІРЛЕР