Таалайбек Ылайтегін. Желтоқсанда шеруді басуға қатысқаны үшін берілген марапаттан бас тартқан адам
1986 жылы Желтоқсан оқиғасын басып-жаншуға қатысып, кейін сол үшін берілген марапаттан бас тартқан Таалайбек Ылайтегін осы оқиға кезінде екіұдай күйге түскенін айтады. Желтоқсан оқиғасын тексеру комиссиясына "Алаңға әскер енгізгендерді жазалау керек" деп арылу хатын жазған ол оқиғадан 37 жыл өткенде Азаттық радиосына сұхбат берді.