Атырау облысында Жайық өзені арнасынан асып, елді мекендерге қауіп төндіре бастады. Үкімет Атырау өңіріне топан су алдағы төрт-бес күнде келеді деп болжап отыр. Қазірдің өзінде су күннен күнге Индер мен Махамбет аудандарында қауіпті межеден асып отыр. Қала маңындағы кей елдімекендер аумағын да су ала бастаған.
ПІКІРЛЕР