Адвокат Жуаспаева лицензиясынан айыратын қаулыны сотта даулап жатыр
Адвокат Гүлнар Жуаспаева лицензиясынан айырылып қалуы мүмкін. Кейінгі жылдары саяси істерде қорғаушы болып жүрген Жуаспаеваны Алматыдағы аудандық сот «құпия істің деректерін жария етті» деп тауып, адвокат лицензиясынан айыру туралы қаулы шығарған. Қазір адвокат бұл құжатты сотта даулап жатыр.
ПІКІРЛЕР