Қазақстанда құлдыққа түсетіндер әлі көп. Неге?
«Құлдық» - ескі заманның ғана түсінігі емес. Aйналаңызда, аулаңызда не жақындарыңыздың арасында күштеп тегін жұмысқа жегілгендер болуы мүмкін. 2023 жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстанда адамды құлдықта ұстаудың 111 фактісі тіркелген. Көбі сексуалдық қызмет көрсеткен. «Зере» қыз-келіншектер подкасының бүгінгі қонағы құлдыққа түскендерге көмектесетін «Родник» ұйымының үйлестірушісі Ғазиза Сапарғалиқызы кез келген адам құлдыққа түсуі мүмкін дейді.