Қазақстан билігі мемлекетке тиесілі активтерді жаппай жекеге өткізуге тағы бір тырысып көрмек. Ол үшін комиссия құрып, нені жекешелендіретінін түгендеп жатыр. Азаттық сөйлескен экономистер бұл бастаманы қолдайды. Бірақ бірі «жекешелендіру ашық өтпейді» деп сынаса, екіншісі «процестің сәтті жүзеге асуына жемқорлық пен елдің инвестициялық репутациясы кедергі келтіреді» дейді.
ПІКІРЛЕР