Қарапайым ирандық азаматтардың Ирандағы президенттік сайлаудан кейін болған оқиғалар туралы жіберген суреттері мен мәтіндерін, бейнежазбаларын вебсайтына орналастыру барысында қалыптасқан пікірі жайлы Питней былай деген болатын:
-Мен бұл жерде талай нәрсеге қанық болдым. Иран халқы көмектесуге әзір, дос көңілді екен. Менің блогтағы жүргізіп жатқан жұмысыма қолдау білдіріп, қоштаған талай хат алдым. Осы жолы Иран халқын көбірек біле түскендеймін. Маған ирандықтар мен америкалықтар, Ираннан тыс жердегі басқа да адамдар ақпараттар жолдаумен болды. Онлайн байланысына шығу өздеріне қаншалықты қауіпті екендігіне қарамастан, ирандықтардың ықыласты түрде ақпараттар жолдап тұрғаны ерлік болды деді блогшы.
Ирандағы президенттік сайлаудан кейін болған шерулер тұсында ирандық азаматтардың арасында маған өлеңдерін, шолу хабарларын тұрақты түрде жіберіп тұрғандары болды.
Сол азаматтардың батыл да ерлікке толы әрекеттерінің арқасында ғана Иранда шерулерді Басиж жасақтарының қалай басып жаншығаны, наразы жұрт қарсылықтарының өзге де пішіндерге қалай ауысқаны туралы хабарларға әлем қанық боп отырды дейді Питней.
Оның айтуынша, кей күндері оқиғалардың тым шапшаң дамуына байланысты хабарлар ерекше эмоцияларға толы болған.
Шерулер тоқтатылды деген күннің өзінде оқиғалардың аяқ астынан өзгеруі мүмкін екендігіне жексенбі күні, мешітте болған оқиға дәлел дейді ол.
Блогшы өзіне айрықша әсер еткен оқиғалар қатарында Неданың өліміне байланысты жағдайды атаған екен.
Шерулер кезіндегі Иран әйелдерінің ерлігі оған айрықша әсер етіпті.
"Соққыға жығылып жатқан ерлерге қол ұшын бермекке ұмтылған, полицияға қарсы тұрып, өз пікірілерін ашық айтқан Иран әйелдерінің ерлігі қайран қалдырды" дейді АҚШ-тағы “Huffington Post” вебсайтының редакторы Питней Азаттық радиосының тілшісі Голназ Есфандиариге берген сұхбатында.
Маусым айында болған оқиғаларға дейін миллиондаған америкалықтар Иран десе бірден Ахмадинежадты естеріне түсіретін еді.
Ал, маусымдағы президенттік сайлаудан кейінгі аралықта әлем Иран халықның демократия мен еркіндік үшін күрескен талай ерлік істеріне куә болды.
Әлемнің барлық түкпіріндегі халық Иран халқына вебсайттар арқылы өз қолдауларын білдіріп жатты дейді блогшы Питней.
Иран үкіметінде өзгеріс болар, я болмас. Бірақ ең басты нәрсе-Иран халқының осынау батыл да табанды әрекеттері әлем халқын рухтандырғандай болды.
Мұндай қадамдары үшін олар мақтаныш сезімде болса керек деді америкалық блогшы Азаттық радиосына берген сұхбатында.