Accessibility links

Израильмен қару саудасы жайлы құпия түрде өтіп жатқан соттағы құпия емес жайттар


Әскери соттың ғимараты. Астана, 14 қаңтар 2010 жыл.
Әскери соттың ғимараты. Астана, 14 қаңтар 2010 жыл.

Ақмола гарнизонының әскери сотында Қазақстанның бұрынғы қорғаныс вице-министрі Қажымұрат Маермановтың және Израиль азаматы Борис Шейнкманның соты жалғасуда.


ЖАБЫҚ СОТ

Генерал-лейтенант Қажымұрат Маермановқа 2009 жылдың 10 сәуірінде «соңы ауыр зардаптарға алып келген, қызмет бабын жеке басына пайдалану және билігін асыра пайдалану» бабы бойынша айып тағылған. Әуел баста Қазақстанда зейнетақы алу айла-шарғыларына байланысты ҰҚК таққан айыптарды есепке алмасақ, Борис Шейнкманға қандай баппен айып тағылғаны әлі күнге дейін белгісіз.

Процесс әскерилерге тән үрдіспен құпия өтуде. Ақмола гарнизонының сотындағылар Азаттық радиосының тілшісіне тіпті осы қылмыстық істі қарайтын судьяның атын айтудан да бас тартты.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз-қызметіндегілер әскери саладағы Қазақстан-Израиль ынтымақтастығының қазіргі жағдайы туралы Азаттық радиосының сауалын да жауапсыз қалдырды.

Әйткенмен, бұл министрліктегі құпиялық режимінің электронды хат алмасуларға қатысы жоқ сияқты. Министрліктің баспасөз-қызметі басшылығының байланыс поштасы ретінде тек ресейлік rambler және mail серверлері ғана берілген. Ал қазақстандық әскери мекеменің сенім туғызарлық электронды адрестері жоққа тән.

ҚЫМБАТҚА ТҮСКЕН ЖЕТІЛДІРУ

Ең басында баспасөзде әскери министрлікті әшкерелейтін ҰҚК-нің бірнеше қарама-қайшы ақпараттары шықты.

Қазақстандық «Время» газетінің хабарлауынша, ҰҚК сараптамасына сәйкес, Қазақстан қару-жарақтарын Израиль компанияларының
Бұрынғы қорғаныс вице-министрі Қажымұрат Маерманов. Қорғаныс министрлігінің сайтындағы суреті.
жетілдіруі барысында «алып бара жатқан жаңалықтар жасамаған» және «мұндай жетілдіруді отандық кәсіпорындардың базасында да жасауға болар еді».

Тергеу қолда бар ақпараттарға сүйене отырып, Қазақстанға әскери-техникалық зардаптан, жетілдірілген артиллерияның техникалық ақауларынан бөлек, сонымен бірге, 82 миллион доллар көлемінде материалдық шығын келтірілді деп есептейді.

Бұл – 2007-2008 жылдары Израильдің әскери-өнеркәсіптік кешенінің жекеменшік және мемлекеттік компанияларына төленген 190 миллион доллар қаржының бір бөлігі. Зардап мөлшері «алынған әскери қарудың анық байқалған жоғарылатылған құнынан» және трансферт технологиясының тиімділігінен құралған болуы мүмкін.

МҮЛТ КЕТУЛЕР

Қазақстанда Совет Одағы күйрегеннен соң қалған зымырандық-артиллериялық қару-жарақтарды жетілдіру жөніндегі өндірісті ашуға индустрия және сауда министрлігі, тұтастай алғанда үкіметтік органдар келісім берген соң, 2006 жылы Қазақстан-Израиль әскери ынтымақтастығы басталғанын естеріңізге саламыз.

Сол кездегі қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев баспасөзге: «2007 жылы қару-жарақтарды сатып алу, жетілдіруге әскери бюджеттің 48 пайызы жұмсалса, 2008 жылы 60 пайызы жұмсалады», - деген болатын.

Жетілдірудің бірінші кезеңінде израильдік Soltam, Elbit Systems, Aeronautics компаниялар тобы және мемлекеттік IMI (Israeli Military Industries) компаниясы Қазақстандағы өздігінен жүретін гаубицалар мен минометтердің базасында техникалық сипаттамалары жақсартылған мобильді артиллериялық топтар жасайды деп жоспарланған.

Жобаның техникалық міндетінде, Совет одағында жасалған артиллериялық жүйелердің әскери сапасын және қолдағы бар оқ-дәрілерді пайдалану мүмкіндігін арттырумен қоса зеңбіректерді, ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып, барлау мен нысана дәлдеуді жоғары дәлдікті топографиялық жүйелермен байланыстыру енген.

Осылайша, израиль компаниялары қолдануға жарамды, бірақ, заманауи стандарттар бойынша «соқыр» артиллерияны атқан оғы мүлт
Баспасөз құралдарының хабарлауынша, 2007-2008 жылдар аралығында Қазақстан мен Израиль арасындағы әскери ынтымақтастық аясындағы жасалған шарт мөлшері 300 миллион доллардан асып кетті.
кетпейтін деңгейге дейін жетілдіруі керек болған. Баспасөз құралдарының хабарлауынша, 2007-2008 жылдар аралығында Қазақстан мен Израиль арасындағы әскери ынтымақтастық аясындағы жасалған шарт мөлшері 300 миллион доллардан асып кетті.

Израильдік Soltam Systems LTD фирмасы әскери технологияларды беріп, қызметкерлерді оқытқан соң Петропавл ауыр машина жасау зауытының базасында өткен ғасырдың 60-80 жылдары шыққан әскери техникаларын жетілдіру желісін іске қосуы керек болатын. Қазақстандық зауыттың бұл салада тәжірибесі бар еді, кезінде ондал советтік әскери өнеркәсіптің тапсырысы бойынша зымырандық техниканың маңызды бөлшектері жасалып шығарылатын.

Алайда полигондағы алғашқы сынақтан соң-ақ израиль инженерлерінің қателіктері мен лицензиялы жүйелердің қазақстандық әскери кәсіпорындарда сапасыз құрастырылғаны анықталды. Алдымен 650 келілік «Айбат» минометі орнатылған ресейлік әскери техниканың түбі шыдамады. Сонымен бірге, 122 миллиметрлік «Семсер» және «Найза» зымырандық қондырғысы орнатылған ресейлік Камаз маркалы автокөліктердің де шассилері шыдамады.

Кейбір хабарларға қарағанда, артиллериялық батареяларды біртұтас аса дәл атыс жүйесіне біріктіретін Aeronautics ұшқышсыз ұшатын аппараттарды сынау барысында да проблемалар пайда болған. Алғашқы сәтсіз сынақтар, оның ішінде Қазақстан әскерінің жоғары бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында болған сәтсіздік – ҰҚК-нің тексеру жүргізуіне себепкер болған. Израиль баспасөзінің материалдарына қарағанда, бұл тексерулер 2008 жылдың күзінде басталған.

ЖҰТАҢ БЮДЖЕТ ҮШІН ЖАҢАЛЫҚ

Аты-жөнін атағысы келмеген қару-жарақ саласының маманы Қазақстан мен Израиль арасындағы әскери ынтымақтастық мәселесіне байланысты Азаттық радиосына өз көзқарасын білдірді: «2007 жылдың наурыз айында қабылданған Қазақстанның соңғы әскери доктринасы бойынша, жақын арада елдің қарулы күштері жаппай әскери операция жасамайды».

Анонимді әскери маманның пікірінше, лаңкестікке қарсы операциялар жүргізу үшін Қазақстан әскері жоғары дәлдікті, заманауи қаруларға мұқтаж. Бұл бірінші кезекте тек Қазақстанның оңтүстігіндегі таулы аймақтардан енуі мүмкін лаңкестермен күресу үшін ғана емес, сонымен бірге қала жағдайында қала тұрғындары арасында барынша аз шығын шығарып, дәл ату үшін де қажет. Бұған соңғы жылдары Ирақ пен Газа секторындағы әскери қимылдар мысал бола алады.

– ТМД-дағы бюджеті жұтаң елдер үшін батыстың, бірінші кезекте израиль компанияларының советтік техникаларды жетілдіру жөніндегі қызметі қажет-ақ. Сондықтан Қазақстан бұл таңдауды кездейсоқ жасаған жоқ. Соңғы онжылдықтарда жекеменшік әскери компаниялар бұрынғы советтік техникаларды қазіргі жағдайға бейімдеуді үйреніп алды. Және әлемдегі түрлі әскери көрмелерге қатыса жүріп біздің әскерилеріміздің бұған көздері жетті, – дейді қару-жарақ саласының маманы.

Оның айтуынша, израильдіктер Шығыс Еуропа және ТМД елдерінің моральдық тұрғыда ескірген әскери истребительдері мен тікұшақтарын сандық авионикамен, қаруды басқару жүйелерімен және «Стингер» тәрізді жылжымалы зениттік-зымырандық жүйелерден қорғау құралдарымен жарақтандыра отырып жетілдіруде тәжірибе жинақтаған.

– Оның үстіне, Оңтүстік Осетияны бақылауға алу үшін Ресей мен Грузия арасында болған соңғы соғыс ресейлік қорғаныс
Оңтүстік Осетияны бақылауға алу үшін Ресей мен Грузия арасында болған соңғы соғыс ресей қорғаныс кәсіпорындарының өз техникаларын нысананы дәлдеу мен навигацияның заманауи жүйелерімен қамтамасыз етуге қабілетсіздігін байқатты.
кәсіпорындарының өз техникаларын нысананы дәлдеу мен навигацияның заманауи жүйелерімен қамтамасыз етуге қабілетсіздігін байқатты. Бұның өзі Израильмен әскери ынтымақтастықты одан ары нығайтуға себепкер болды, – деді әскери маман Азаттық радиосына берген сұқбатында.

Ол, сонымен бірге, израильдіктер Қазақстанға ұшқышсыз ұшатын екі аппаратты жоғары бағамен сатты деген қазақстандық баспасөздің ақпаратын тексеру керек дейді. Баспасөзде «ресейліктер мұндай ұшу аппараттарын бар болғаны 500 мың доллардан сатса, израильдіктер олардың әрқайсысын 3 млн. доллардан сатқан» деген ақпарат шыққан.

– Оңтүстік Осетиядағы соғыс барысында Грузия жағы пайдаланған Elbit фирмасының ұшқышсыз ұшатын аппараттарының сапалылығына, тиімділігіне көзі жеткен Ресей қорғаныс министрлігі құрлықтағы әскерлері үшін израильдік ұшу аппараттарын әрқайсысын 4 млн. доллардан сатып алуға мәжбүр болды. Осыдан соң талдау барысында бағаларды салыстырудың жөні жоқ. Бұл – қозғағышының сипаттамалары бірдей су жаңа «Фольксваген поло» және «Лада» автомобильдерін салыстырумен бірдей, – деп есептейді біздің сұқбаттасымыз.

Әрине, израильдіктер қазақстандықтарға да, ресейліктерге де өздерінің жаңа ноу-хауларын сатқан жоқ. Бірақ бұл қару саудасындағы қалыпты жағдай дейді ол.

«Независимая газетаның» әскери қосымшасының хабарлауынша, Ресей әскери-әуе күштерінің бас қолбасшысы генерал-полковник Александр Зелин 2009 жылдың 26 қарашасында «талапқа сай келмегендіктен Ресейде жасалған ұшқышсыз ұшатын аппараттарды қабылдаудан бас тартатындығын» мәлімдеген.

«Сондықтан мен ешқандай қабылдау актілеріне қол қоймаймын. Егер қол қойсам, онда бұл қылмыс болатын еді», – деп мәлімдеді сонда Александр Зелин.

Қазақстан артиллериясын израильдіктердің жетілдіру мәселесіне байланысты қазақстандық әскери маман да осындай пікірде. Оның айтуынша, израиль компаниялары Израиль әскері және АҚШ-тың теңіз жаяу әскері үшін 122 миллиметрлік Atmos D-30 минометтерін жетілдірген. Олар дөңгелегінің формуласы 6х6 «лайықты» шассиге және америкалық М113 БТР-іне орнатылған.

Дәл сол Soltam Systems компаниясы 120 миллиметрлік Cardom минометін шығаруды жолға қойған. Және олар басқару, нысананы дәлдеу сияқты түрлі жүйелері бойынша универсалды қару болып саналады дейді сарапшы.

– Израильдіктер өздерінің жасаған дүниелерін ресейлік әскери техникаға бейімдегенде мүлт кеткен болар. Бұл Қазақстан жағының талабы болатын. Бірақ, Израильдің техникалық және әскери тәжірибелеріне байланысты шешуге болатын проблемалар, – деді әскери маман Азаттық радиосына.

Ол Қазақстан әскерін жетілдірудің екінші кезеңін жалғастырудың болашағы бар дейді. Бұның алдында танкілер мен БТР-лерді израильдік жаңа нысана дәлдеу және түнде көру жүйелерімен жарақтандыру жоспарланған. Бұған қатысты грузин әскерінің және өзгелердің де танктерін жетілдіру тәжірибелері бар.

РИЗАШЫЛЫҚ ҮШІН МИЛЛИОНДАР

Израиль баспасөзінің мұрағаттарын ақтару барысында, жергілікті әскери компаниялардың күмәнді келісім-шарт жасауға байланысты күдікті болып отырғаны бұл жолы ғана емес екендігі анықталды. Мысалы, 2000 жылдардың басынан бері Soltam Systems және Elbit компанияларына қарсы баяу түрде тексеру жүргізілуде.

Олар советтік М-46 зеңбіректерін жетілдіріп және «Барак-VIII» (үндінің әскери-теңіз флоты үшін кемедегі зымыранға қарсы жүйелер) зымырандарын сату барысында Үндістанның жоғары дәрежелі тапсырыс берушілеріне пара берген деген күдікке қалған.

Делилік DNA газеті «Барак-VIII» зымырандары бойынша бір жарым миллиард долларлық келісім-шарттардың 120 миллион доллары «кәсіпкерлік шығындар» тармағы бойынша бейресми «төлемдерге» арналғанын хабарлады.

Times of India газеті де 2007 жылдың мамыр айында пара беруге аса ірі қару саудагері, британ азаматы Судхир Чаудридің қатысы болған деп көрсетті. Күдіктілердің арасында бұрынғы қорғаныс министрі Джордж Фернандес пен әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы Сушил Кумар ғана емес, сонымен бірге Үндістандағы ең ықпалды топтардың бірінен шыққан, Үнді ұлттық конгресінің басшысы Соня Ганди де аталды.

Баспасөздегі соңғы хабарларға қарағанда, 1990 жылдары «Барак» зымырандарының алдыңғы модельдерін сатып алуға байланысты оған қарсы басталған тексеру сағызша созылып келеді.

Үндістан арнаулы қызметтері жүргізген тексеру жұмыстарының нәтижесі бойынша, 2009 жылы жазда жергілікті оқ-дәрі зауытының директоры Судипто Гоштың тұтқындалғаны белгілі.

Ал Үндістанның қорғаныс министрлігі өздеріне қару-жарақ сататындардың қара тізімін жариялады. Онда сингапурлік және польшалық компаниялармен бірге израильдік Israeli Military Industries мемлекеттік компаниясы да аталған. Бұл компания Soltam Systems и Elbit фирмаларымен бірге қазақстандық қару-жарақтарды жетілдіру жұмыстарына қатысқан.

Қазақстаннның Soltam Systems және Israel Military Industries компанияларымен сауда келісімінің құнына байланысты қорғаныс министрлігінің шенеуніктеріне пара берілуі мүмкін деген күдік туған. Бірақ оның жай-жапсары белгісіз.
Қазіргі уақытта Ақмола облыстық әскери гарнизонында қаралып жатқан құпия қылмыстық істе Қазақстан қорғаныс министрлігінің аты аталмаған тағы бір әскери қызметкерінің бар екендігін анықтады.


Тек қараша айында қазақстандық баспасөз қазіргі уақытта Ақмола облыстық әскери гарнизонында қаралып жатқан құпия қылмыстық істе Қазақстан қорғаныс министрлігінің аты аталмаған тағы бір әскери қызметкерінің бар екендігін анықтады.

ШЕЙНКМАННЫҢ МӘРТЕБЕСІ

Дәл осы кезде, 2009 жылдың 30 маусымында Қазақстанға ресми сапармен келген Израиль президенті Шимон Перес Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында Борис Шейнкманға ара түсті. Израильдік newsru.co.il порталы жазғанындай, сол күндері «оның айналасындағылардың хабарлауынша, кеше ғана ол Қазақстан президентімен келіссөздер барысында Шейнкманның атын атауды ойына да алмаған, бірақ кешқұрым, ұзақ кеңесулерден соң шешімін өзгерткен».

Шейнкмандар отбасы Израильдің үкімет басшысына, сыртқы істер министрлігі мен қорғаныс министрлігі басшысына қарсы БАГАЦ-қа (Израильдің жоғары әділет сотының юрисдикциясындағы діни сот) талап арыз жазып, Борис Шейнкманды Израиль мемлекетінің ресми өкілі деп тануларын талап еткен. Бұл жайында 2009 жылдың жазында израильдік басылымдар жазды.

Бостандықта жүргенінде Борис Шейнкман Қазақстанда израильдік қару-жарақ компанияларының ресми өкілі ретінде болғандығы хабарланған. Алайда Азаттық радиосының сауалына тек Elbit Systems компаниясының сыртқы байланыстар қызметінің басшысы Далиа Роузен ғана жауап қайтарды.

Ол «компанияға өз өнімінің сапасы бойынша Қазақстанда ешқандай кінә қойылған жоқ» деді, бірақ Борис Шейнкманның компанияның барлық өнімдерін сататын мәртебесі туралы сыбысты жоққа шығарды.

Қазақстандағы жанжалдан Soltam Systems компаниясы да зардап шекті. Жақында ғана Израильдің қару-жарақ компанияларының арасында артиллерия жағынан «мықты» болып тұрған бұл компания 2009 жылдың жазында банкрот болды.

Израиль баспасөзінің хабарлауынша, 2009 жылдың 15 маусымында оның акционерлік капиталына бәсекелес-компания Elbit Systems миноритарлы түрде енді. Жергілікті баспасөздің пікірінше, бұл саудаға Қазақстанмен келісім-шарттың бұзылуы мен аты аталмаған өзге бір ортаазиялық мемлекетке «қарыздары» себепкер болған.

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ҚАРУ-ЖАРАҚ САУДАСЫ

Бұрынғы артиллерист және генерал-лейтенант Қажымұрат Маерманов жайында көп дерек жоқ. 9 маусымда ол ҰҚК тергеушісінің кабинетінде өзін-өзі өлтірмек болғаны, бірақ оның қолындағы қағаз кесетін пышақты алып қойып, оның аман қалғандығы жайында хабарланған.

Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары мойнын сәл ғана жаралап, бірақ үш аптадан соң «Новости-Казахстан» агенттігі күтпеген жерден «Маермановтың өз адвокаты Бекентай Бубербаевтан бас тартып, кінәсін мойындауға даяр екендігін» хабарлады.

Жемқорлыққа байланысты айыптауға қатысты израильдік newsru.co.il, порталының хабарлауынша, жергілікті бизнемендер бір ауыздан: «қажет деп тапқан жағдайда Орталық Азия елдерінде шетелдіктердің қатысуымен жасалған кез-келген келісім-шарттан кінәрат табуға болады. Бұнсыз ол жақта бизнес жасау мүмкін емес. Ең бастысы, ақшаны кіммен бөлісу керектігін дұрыс анықтау керек. Шамасы біздің қару сатушыларымыз дәл осы тұста мүлт кетсе керек...» деген пікірде.
XS
SM
MD
LG