Ақтөбе облыстық сотының судьясы Ағызбек Төлегенов «экстремистік ағымдағы діни ұйымдармен байланыс орнатқаны үшін» деген ресми шешімге сәйкес қызметтен шеттетілді.
Чехия қазақ босқын-мұсылмандардың кейбіріне үш жылға арналған уақытша саяси баспана берді. Ал екі ел арасында таяуда жасалған жаңа келісім Қазақстаннан барған босқындарды қайтару ісін тездетеді.
Тәжікстан үкіметі қытай фермерлеріне мақта мен күріш егу үшін екі мың гектар жерді жалға берді. Қазақстанда қоғам қарсылығына тап болған идея енді Тәжікстанда жүзеге асты.
Түркіменстанның саяси лексиконында «Арқадағ» деген жаңа термин пайда болды. «Асқар тау» деген мағынаны білдіретін бұл сөз мұнан кейін елдің екінші президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің атына ғана қосақталып айтылады.
Парламент депутаты Айгүл Соловьева бүлік шығарған Гранитный түрмесін аралап көрді. Мұндай сапар – Қазақстан қоғамы үшін ерекше оқиға. Ал Азаттық тілшісі басқа түрмеден, Атбасардағы абақтыдан алған әсерін айтады.
Кәрім Мәсімовтің Қазақстан үкіметін басқарып келе жатқанына 4 жылдан асты. Бірге оқыған сыныптастарының айтуынша, «оның табысқа жетуінің құпиясы – жақсы білімінде». Ал сарапшылар «Мәсімов бұл лауазымда президент Назарбаевқа «берілгендігінің» арқасында ғана отыр» деген пікір айтады.
Қазақстандағы АҚШ елшісі Ричард Хоугланд «Уикиликс» сайтына шыққан мәліметтерге қатысты ойын айтты және Қазақстан президентінің өкілетін ұзарту бойынша референдум өткізу идеясына қатысты пікір білдірді.
«Назарбаев Университетінің» президенті Аслан Саринжиповтың айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев тіпті оқу орнын дамытудың бас жоспарына өзі тікелей түзету енгізеді екен. Алайда бұл жоғары оқу орны қызметінің ерекше жағдайлары әлі заңмен бекітілген жоқ.
Астанада Kazakhstan International Halal Expo – 2010 деген атаумен халықаралық көрме өтіп жатыр. Қазақстанда шамамен 500 кәсіпорын «халал» стандарттарына сай өнім шығарып, қызмет көрсетеді.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Астана департаментінің бастығы міндетін атқарушы Бауыржан Оразалин «Құқық қорғаушылар Астана абақтысында төрт тұтқынның соққыға жығылғанын хабарлады» атты мақалада айтылғандарға орай Азаттық радиосына өз уәжін білдірді.
«Халықаралық түрме реформасы» ұйымы Астанада Қазақстан қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне арнап семинар өткізді. Жиынға қатысушыларға түрмелерде тұтқындарды құрбандыққа шалмай-ақ тәртіпті қамтамасыз ету жолдары бары нақты мысалдармен көрсетілді.
Азаттық радиосының тілшісі Ақмола облысы Зеренді ауданындағы Гранитный кентіне барып қайтты. Сондағы ЕЦ-166/25 түрмесіндегі тұтқындар ереуілін 12 тамыздың түнінде ішкі істер әскері күшпен басып-жаншыған болатын. Тұрғындар түрмеде қалыптасқан жағдай туралы ойларымен бөлісті.
Көкшетаудағы облыстық ауруханаға түрмеде өз тәнін тілгілеген алты тұтқын түсті. Оқиға жаппай төбелестен кейін өрістегенге ұқсайды. Бұл турасында қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілі хабарлап отыр. Ал құқық қорғаушы 250 бірдей тұтқынның өз денелерін тіліп тастағанын айтады.
АҚШ мемлекеттік департаментінің дәстүрлі баяндамасында әлемде лаңкестікке дем беріп отырған бірнеше ел аталған. Баяндамада Қазақстанның лаңкестікке қатысы бар күдіктілерге қатысты мардымсыз ғана ақпарат беретіні айтылған.
Қазақстанда қамауда отырғандар түрмелерде адам төзгісіз жағдайда күй кешіп жатқандарына шағым айтады. Адам құқықтары жөніндегі бюроның Астанадағы филиалының қызметкерлері осы қаладағы тергеу абақтысында заң талаптары бұзылғанын анықтады.
Шілденің 20-сында Астанада БҰҰ-ның есірткі саудасы мен қылмысқа қарсы күрес жөніндегі семинары өз жұмысын бастады. Басқосуға Орталық Азия елдері мен Пәкістан, Ауғанстан және Иранның құқық қорғау орындарының жетекші мамандары қатысып отыр.
Душанбеден өзбек шекарасына дейін созылған жаңа ақылы жолға қызмет көрсету құқын жеке дара иеленген компанияның қожасы – Тәжікстан президентінің күйеу баласы Джамоллидин Нұралиев деген болжам бар.
Шілденің 14-і күні Бакуде концерт қойылып, отшашу атылды. Бұнның барлығы Әзірбайжан Коммунистік партиясы басшылығына Гейдар Әлиевтің келгеніне 41 жыл толуына арналған мерекелік шаралар еді.
Жұрт бұрын-соңды көрмеген Астананың астатөк тойы талайдың жағасын ұстатты. Нұрсұлтан Назарбаев Атымтай жомарттығын бір көрсетті. Бірақ сарай маңындағылар «мұрагер кім болады?» деген мәселенің көрігін одан әрі қыздырып жатыр.
Балқаш көлінің жағасындағы бұрынғы советтік «Дарьял-У» әскери базасында құрамы мыс пен алюминийден тұратын улы конденсаторларды тонау әлі жалғасуда. Мамандардың жасаған ескертпелеріне қарамастан Балқаш көлінің ластану қаупі сейілген жоқ.
Тағы