Ақмола облыстық соты төрт жылға сотталған мұсылман жігіт Валерий Твердохлебтің шағымын қанағаттандырған жоқ. Оның туған-туыстары қолдарында қаражаты қалмауы себепті тегін адвокат табылар деген үмітте.
Қазақ хандығының негізін салушы Жәнібек пен Керей хандардың ескерткішінен қырсық арылмай қойды. Ескерткіштің ашылуы техникалық себептерге қатысты кейінге шегерілді делініп отыр.
Түркия президенті Абдулла Гүл Қазақстанда ресми сапармен жүр. Оның партиясы зайырлы мемлекет саналатын Түркияның саяси негізін біртіндеп ауыстыра бастады. Қазақстандағы саясаткерлер әзірге мұндай саяси күш пайда бола қоймайтын шығар деп отыр.
Ақмола облысының Жақсы аудандық сотында орыс мұсылманы Валерий Твердохлебтің ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Оған терроризмді насихаттаған деген айып тағылған.
Қазақ парламентінің қос депутаты «өткен соғыстың қорытындысын қайта қарау» әрекетін тиюды талап етті. Сірә, әңгіме 1941 жылғы қараша айындағы 28 панфиловшы-батырлардың ерлігі жайлы аңызға қатысты Азаттық радиосының мақаласы жөнінде болса керек.
1941 жылдың қараша айында Дубосеково разъезінде болды делінген 28 гвардияшы-панфиловшылар ерлігінің тарихы жоққа шығарылуда. Соғыс біткен соң 65 жыл өтсе де, бұл тарихқа көзқарас әрқилы. Бірақ ертегінің әшкере болғандығы жайында Қазақстанда ашық айтылмайды.
Астанадағы сотта Мұхтар Жәкішев өзіне ҰҚК тағайындаған адвокат Болат Исатаевты істен шеттетуді сұрады. Жәкішев «мемлекеттік бюджет босқа ысырап болмасын» деп есептейді. Оның зайыбы Жәмила Жәкішева күйеуінің ақпараттық тосқауылға тап болғандығын мәлімдеді.
Ассошиэйтед Пресс агенттігінің тілшісі Саймон Шустердің мақаласында, солтүстіккорея- ның қаруын Иранға заңсыз тасыды деген айыппен Таиландта ұсталған ұшақтың ізі шымкенттік әуе компаниясына алып келді деген қорытынды жасайды.
Балқаштағы бұрынғы әскери нысанды заңсыз бұзу кезінде ғимарат құлап түсіп, бірнеше адамды басып қалды. Ядролық қалдықтар сақталған дәл осы радарлық станция үшін бұрынғы экология министрі сотталған еді.
Ақмола гарнизонының әскери сотында Қазақстанның бұрынғы қорғаныс вице-министрі Қажымұрат Маермановтың және Израиль азаматы Борис Шейнкманның соты жалғасуда.
«Қазатомпром» компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің соты Астанада өтетін болды. Бірақ жабық соттың басталуы тағы да кейінге шегерілді. Айыпкерлердің бірінің адвокатының айтуынша, сотқа ұлттық атом компания- сының өкілдері де қатысады.
Балқаш көлі маңындағы улы конденсаторлар әлі күнге дейін әкетілген жоқ. Мамандар бұл аудандағы экологиялық ахуалдың нашарлап кетуін ескертіп отыр. Қазақстан қалдықтарды өңдейтін зауыт сатып алмақшы.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан өз жерін Қытайға бермейді деп мәлімдеді. Сондай-ақ ол қытайларға жер сатылатыны туралы сыбыс таратушыларды жауапқа тартуға тапсырма берді.
Парламент депутаты, ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Сәт Тоқпақбаев жас әйелмен төсектес болған сәтті бейнелейтін интернеттегі бейнежазбаға байланысты жанжалға өзінің қатысы жоқ екендігін мәлімдеді.
Сот залында денсаулығы сыр берген «Қазатомпром» компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевті ауруханаға алып кетті. Оның адвокаты Нұрлан Бейсекеевтің айтуынша, сот отырысты айыпкерсіз жалғастыра беруді ұйғарған.
Астана қалалық соты бұрынғы экология министрі Нұрлан Ысқақовтың апелляциялық шағымын қанағаттандырмай тастады. Оның адвокаты бұл істе пайда болған жаңа жайттарды сот назарға алмады деп мәлімдеп, енді қадағалау алқасына шағым түсірмек.
Астанадағы қоймадан шыққан өртте 14 адам мерт болды. Кісі қазасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиға куәгерлерінің айтқандары ресми орындар таратқан алдын-ала ақпараттармен үйлеспейді.
Көне заман ескерткішін Ақмола облысының Ерейментау ауданынан Астанадағы мұражай көрмесіне әкелінуін шенеуніктер заңсыз деп бағалап, соңы дауға ұласты.
Өзбекстан өз электр жүйесінен өтетін тасымал бағасы турасында Қырғызстанмен ортақ мәмлеге келе алмаған. Дегенмен де оның Қазақстанға әсері болмайды деп мәлімдеді KEGOC АҚ-ның президенті.
Тамыздың 30-ы күні Астанадағы “Қазақ елі” монументі алдында әскери шеру өтті. Ол Қазақстан Конституциясының 14 жылдығына арналды. Азаттық тілшісі ресми Астананың әскери мүмкіндігін көрсетуіне не себеп болғанын білуге тырысқан еді.
Тағы