Дүйсенбі күні Астана қаласында шықққан өрт бірнеше адамның өмірін жалмады. 17 сағат 49 минутта ҚазТАГ ақпарат агенттігі Астанада жалпы көлемі 1000 шаршы метрлік қойманың өртеніп жатқандығы жайында бірінші болып хабарлады. Алғашында Қазақстан Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз-қызметі «16 сағат 47 минутта «Астана қаласының өрт сөндіру қызметі мен апаттық-құтқару жұмыстары жөніндегі қызметінің» орталық пультіне Локомотив депосы аумағында орналасқан, «ТранзитСервис» ЖШС-не тиесілі қойма ғимараттарында өрт болғаны туралы хабар түскен» деп хабарлаған.
Министрліктің деректері бойынша өрт 17 сағат 52 минутта ауыздықталған. Алайда, соңғы келіп түскен хабарлар үлкен трагедияның болғандығын көрсетіп отыр. Алғашқы хабардағы опат болды делінген «үш ер адам мен бір әйел адамның» саны он төрт адамға жетіп отыр. «Олардың кім екендігі әлі анықталған жоқ. Бұдан бөлек зардап шеккен бір адам бар. Өртті сөндіру мен зардап шеккендерді іздестіру жалғасуда», – деп мәлімдеді Қазақстан ТЖМ баспасөз-қызметінің жетекшісі Эльдор Райымбеков.
Жанып жатқан пенопласт пен ғимараттың ішкі қабырғасын қаптаған «сэндвич» тәріздес қаптама сырттан от тимесе өздігінен жылдам жанып кетпейді. Әйтпесе сапалы изоляциялық материал есебінде қолданылмаған болар еді. Пенополистиролдың өздігінен жану температурасы плюс 491 ºС . Бұл ағашқа қарағанда 1,8 есеге артық. Басқаша айтқанда, пенополистирол плиталардың өздігінен жануы мүмкін емес. Алайда, өрт болған алғашқы сағаттарда ресми тұлғалар осыншама адамды опат қылып, аумағы 12,2 мың шаршы метр ғимаратты қамтыған өрттің шығуына не себеп болғандығын айтуға батылдары бармады.
Дегенмен, өртке куә болған, бірақ аты-жөнін атағысы келмеген қарапайым адам кеше сағат 22:00-де ресми тұлғалардың хабарын жоққа шығарып, Азаттық радиосына болған оқиға туралы басқашалау жайды айтып берді.
Оның хабарлауынша, жанған пенопласт қапталған қойма емес. Бұл жанған ғимарат соңғы заманауи техникалармен жабдықталған, жақында ғана құрылысы біткен, салқындатылатын қондырғыылары бар көкөніс сақтау базасы. «Тіпті оның тоңазытқыштарының өзі немістердікі еді», – дейді куәгер.
Ғимараттың жылу изоляциясын сақтау үшін оның іші пенопластпен қапталған. Ал, таңға қарай Астана индустриялық паркінің (тапсырыс беруші «Астанапром» ЖШС) көкөніс сақтау базасының ішкі ғимараттары мен өндірістік-технологиялық кешенінің құрал-жабдықтарының толықтай жанып кеткендігі анықталды.
«Ғимараттың есіктері көп, оның үстіне пенопласт жылдам жанбайтындықтан олар неге далаға тез қашып шықпаған?» деген Азаттық радиосының сұрағына аты-жөнін атағысы келмеген адам: «Нысан толықтай біткенімен әлі пайдалануға берілмеген еді. Сол себепті орталық қақпадан басқа қақпалар мен есіктердің барлығы жабылып, мөрленген болатын», – деп жауап берді.
Өрт сөндірушілер «өрттің шығу себептері өрт толықтай сөндірілген соң анықталады» деп жаттанды жауап бергенімен, өз аты-жөнін атамаған азамат қатардағы анықтаушылардан өрттің шығуына себеп болып отырған негізгі болжам – жарылыс дегеннін өз құлағымен естігенін айтады. Алайда, 9 қараша күнгі алдын ала ресми деректе «жұмысшылар өртті өздіктерінен сөндірмек болғанда улы газға тұншығып қалған болар» деген болжам айтылған-ды.
Жарылыс туралы болжам бірінші кезекте осы өрттен аман қалғандардың айтқан сөздеріне негізделіп отыр. «Голливуд фильмдерінде жарылыс болып, өрт лаулап кеткенде аспанға ұшатын кейіпкерлердің аман қалатындығын көргенде сенбеуші едім. Бүгін 16 сағат 47 минутта қоймада мен осының барлығын өз басымнан кешірдім», – деді оқыс оқиғадан аман қалған адам Азаттық радиосына.
Оның айтуынша, от жарқ ете қалғанда онымен бірге тағы екі жұмысшы тереземен бірге сыртқа ұшып кеткен. Олардың аман қалуына жарылыс болған жерден алыстау тұрғандығы себеп болған. Оның жанында болған куәгерлер әлгі адамның сөзін бас изеп растады. Бұдан бөлек олар ғимарат ішінде газбен пісіретін оттықты пайдаланғанда жиналып қалған газға ұшқын тиіп, жарылыс соның салдарынан болған деген пікірлерімен бөлісті.
Кеше түнде біздің анонимді куәгеріміз жарылыстың алғашқы секундтарында Челябинскіден келген ресейлік монтажшылар бригадасының түгелдей опат болғанын айтты. Олар Қазақстанға су жаңа көкөніс сақтау базасының құрылысын бітіру үшін келген еді. «Олардың төртеуі әлі телефонға жауап бермей жатыр, соған қарағанда олар да жанып кетсе керек. Алайда, біздің жұмысшылардың айтуынша, жарылыстан кейін де аман қалғандар қойманың қабырғасын бұзып шықпақ болып әрекеттенген. Менің өзім де олардың айғайын естідім. Бірақ, қошқыл қою улы түтін оларды аман қалдырмады», – деп еске алады оқиғаның тағы бір куәгері.
Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан ТЖМ вице-министрі Валерии Петровтың телесұхбаты түсініксіздеу болды. 9 қараша күні кешқұрым ол төтенше оқиғаға байланысты берген түсініктемесінде бұл өртте шетелдіктердің жанып кетуі мүмкіндігі жайында ешнәрсе айтқан жоқ. «Қалған адамдарды іздестіру жүргізілуде» деді де қойды.
Тек кейінірек министрлік Астанадағы қоймада болған өрттің салдарынан Ресейлік 4 азамат – 21, 41, 42 және 56 жастағы ер адамдардың қаза болғандығы туралы ххабарлады.
Өрт сөндіріліп жатқан жерге кеше түнге қарай Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің өзі келді. Бүгін таңертең ол Астанада осы өрт оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, ТЖ министрі В.Божконың басшылығымен мемлекеттік комиссия құрылғанын хабарлады.
Қаза болғандардың отбасына президент Нұрсұлтан Назарбаев та көңіл айтты. Агенттіктердің хабарлауынша, ол Бас прокурорға өрттің шығу себептерін мұқият тексеруді, оқиғаға кінәліліерді анықтап, қатаң түрде жауапқа тартуды тапсырған.
Астанада орын алған төтенше оқиғаға байланысты құрылған мемлекеттік комиссияның қандай байламға келері әзірге белгісіз. Ал, ғаламат апаттан аман шыққан азаматтар бірінші кезекте не істейтіндігін анық біледі. «Біз қой сойып, садақа береміз», – деді олар Азаттық радиосының тілшісіне.
«Бір минуттың ішінде біз осыншама адамнан ғана емес, бес ай бойы салған, құны миллиондаған долларлық дайын ғимараттан айрылып қалдық», – дейді өкінішпен мердігер ұйым қызметкерлерінің бірі. Бірақ, журналистің алдында артық айтып қойғандығын түсінген ол сәл болмағанда тілсіз жау бұдан да көп адамның өмірін қиып кете жаздағанын қосып қойды.
Оның айтуынша, жарылыс осы нысанды мемлекеттік жұмысшы комиссиясы тексеруге келерден он минут қана бұрын болыпты. Солайша, Астана индустриалды паркінің көкөніс сақтау қоймасын тексеруге келмек болған ресми тұлғаларды құдай сақтап қалған. Олар көкөніс қоймасына сағат 17:00-де кірулері керек болатын.