Бас қосуға жеті мемлекеттің қорғаныс саласының өкілдері қатысуда. Осының алдында, 19 тамыз күні Арменияның Маршал Баграмян атындағы полигонында ҚЖКҰ аясындағы «Рубеж-2008» әскери жаттығу ойындарына дайындық басталған болатын. Ал 22-тамыз күні саммитке келген мемлекеттердің қорғаныс министрлігінің өкілдері жаттығу ойындарын арнайы барып, тамашалайды деп жоспарлануда.
Алдын ала Қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының баспасөз қызметі таратқан ақпартқа сүйенетін болсақ, Ереванда бүгін басталған жиынға қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлігінің өкілдері күн тәртібіне енгізілген 20 мәселені талқылап, бірқатар келісім-шарттарға қол қоймақ. Соның ішіндегі ең маңыздысы, егер осы басқосуда 8 мемлекеттің Қорғаныс басшылары бір-бірімен келісе алатын болса, ұйымның шеңберінде көптен бері коалициялық әскери құрылым құру туралы айтылып жүрген әңгіме шындыққа айналып, оның алғышарты ретінде кейбір құжаттарға қол қойылуы мүмкін. Яғни, ҚЖКҰ-ға мүше мемлекеттер дәл НАТО-дағыдай өздерінің әскери күштерін келісім-шартта арнайы бекітілген қару-жарақпен, байланыспен және әскери техникамен ғана қамтамасыз етуі мүмкін.
Осының алдында, 18 тамыз күні Мәскеуде ұйымға қатысушы мемлекеттердің өкілдерімен алдағы болатын Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 63-сессиясына байланысты арнайы кеңес өткен болатын. Онда БҰҰ-ның мәртебесін жоғарылату, қауіпсіздікті күшейту және бейбітшілікті қамтамасыз ету бастамаларына көңіл бөлінді. Мұны айтпағанда, Мәскеуде бас қосқан ұйым мүшелерінің өкілдері Ауғанстан мен Ирактағы жағдайды және Косовоның тәуелсіздігіне орай, бірқатар мәселелерді талқылады.
Кейбір сарапшылар Оңтүстік Осетияға байланысты туындаған даудан соң, Қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының Ауғанстан, Ирак және Косово мәселелерін көтере бастауын, Ресейдің Америкаға қайтарған жауабы ретінде бағалады.
Саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедовтың айтуынша, дәл қазіргі кезде Қазақстан өте қиын жағдайда тұр:
- Бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болған Балтық жағалауы елдері мен Украина Ресейдің қарулы күштерінің Грузияға шабуыл жасауын қатты сынға алды. Және, АҚШ пен Батыс мемлекеттері де Ресейдің өз бітімгершілік мандатын асыра сілтеп жібергенін мәлімдеген болатын. Бұл мәселеде көпвекторлы саясатпен құтылып кету қиын. Қазақстан Оңтүстік Осетиядағы болған соғысқа байланысты өзінің нақты бағасын беруі керек.

Бұл орайда, бүгін Ереванда өтетін басқосуда бәрі белгілі болады дейді сарапшы.
- Егер ол жаққа Даниал Ахметовтың орнына Қорғаныс министрлігінің басқа өкілі баратын болса, Қазақстанның Қап тауындағы болған оқиғаға байланысты көзқарасы анықталады, - деді Б.Нұрмұхамедов.
- Егер ол жаққа Даниал Ахметовтың орнына Қорғаныс министрлігінің басқа өкілі баратын болса, Қазақстанның Қап тауындағы болған оқиғаға байланысты көзқарасы анықталады, - деді Б.Нұрмұхамедов.