Биыл Орталық Азия мемлекеттерінде қуаңшылық болды. Әлемнің астық экспорттайтын басқа елдеріндегі жағдай Қазақстанға қарағанда анағұрлым жақсы. Биыл дүниежүзі бойынша 360 миллион тонна астық жиналатындығы туралы шетелдік ақпарат құралдары жарыса жазуда. Тіпті, мұндай оқиға бұрын-соңды болмаған екен. Себебі, мамандардың алдын-ала жасаған есептері көрсеткендей, жиналған астықтың қоры жылдағыдан 60 миллион тоннаға артық. Осы жағдайға байланысты кейбір сарапшылар Қазақстан бидайына деген сұраныстың былтырғыдан төмен болатындығын айтып отыр.
Биыл Қазақстанда болған қуаңшылыққа қарамастан, кейбір облыстарда егін бітік шықты. Күзге дейін жиналып бітуі тиіс астықтың мөлшері былтырғымен салыстырғанда қандай болатыны әлі белгісіз. Ал алдын-ала болжам жасап отырған Ауыл шаруашылығы министрлігінің сөзіне сүйенсек, күзге қарай бидайдың қоры 17 миллион тоннаны құрайтын болады. Бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда, 3 миллион тоннаға кем. Басқа шығындарды былай қойғанда, Қазақстан биыл 6-7 миллион тоннаның көлемінде сыртқы нарыққа бидай сатуды жоспарлап отыр екен.
Үкіметтің шешімі бойынша, бірінші қыркүйектен бастап астық экспортына салынған тыйым алынады. Қазақстан бидайының сапалығына қызығушылық жоғары болса да, оған деген сұраныстың биыл қалай болатыны әзірше белгісіз. Себебі, былтыр Қазақстан астығының басым бөлігін Ресей мен Украина сатып алған болатын. Өйткені, бұл мемлекеттерде өткен жылы жаз мезгілі кезінде ауа-райының тым қолайсыз болуының салдарынан егістіктері дұрыс өнім бермей, астықтың қоры ойдағыдан әлдеқайда төмен болды. Ал биыл Реседе 90-96, Украинада 40 миллион тоннаға жуық астық жиналады деп жоспарлануда. Осы көрсеткіштерге сүйеніп отырған қазақстандық сарапшылар, олардың болжамдары жүзеге асатын болса, сыртқы нарыққа астық сатуда Қазақстанның ең ірі бәсекелестерінің біріне айналып шығатындығын айтуда.
Осы жағдайға орай, Ауыл шаруашылығы министрлігіне хабарласқанымызда, ол жақтағылар былай деді:
- Былтыр өздеріңіз білесіздер, аграрлық салаға, соның ішінде егін егуге баса назар аударып отырған көптеген мемлекеттерде ауа-райының қолайсыз болуына байланысты егістіктері дұрыс өнім берген жоқ. Тіпті, кейбір мемлекеттерде өте қиын жағдай қалыптасты. Сол уақытта Қазақстанның астығына деген сұраныс жоғары болды. Әлемдік нарықтағы бидайдайдың бағасы бірден екі есеге өскен болатын. Осы мәселені сырттан бақылаған кейбір мемлекеттер жаппай егін егіп, биыл астық мөлшерін анағұрлым көбейтті.
Дегенмен, бұл қазақстандық өнімге деген сұраныстың төмен болатындығын білдірмейді. Ақпарат құралдарында Қазақстанның астық экспорттауына байланысты айтылып жатқан әңгімелерге көп сене берудің керегі жоқ. Кейбір журналистер логикаға сүйенбей, болмашы нәрседен сенсация жасауға құмар. Қазақстанның астығы сапасының өте жоғары екенін әлем мойындап отыр. Сондай-ақ, Қазақстанның өнімін сатып алатын белгілі бір мемлекеттер бар. Солардың біразы биылғы жиналып бітпеген астыққа алдын-ала тапсырыс беріп жатыр. Тіпті, Украина мен Ресей мемлекеттерінде астық мол болады деп айтылып жатқан болжамдарға қарамастан, олардың өздері Қазақстанның бидайын сатып алуы мүмкін.
Дегенмен, бұл қазақстандық өнімге деген сұраныстың төмен болатындығын білдірмейді. Ақпарат құралдарында Қазақстанның астық экспорттауына байланысты айтылып жатқан әңгімелерге көп сене берудің керегі жоқ. Кейбір журналистер логикаға сүйенбей, болмашы нәрседен сенсация жасауға құмар. Қазақстанның астығы сапасының өте жоғары екенін әлем мойындап отыр. Сондай-ақ, Қазақстанның өнімін сатып алатын белгілі бір мемлекеттер бар. Солардың біразы биылғы жиналып бітпеген астыққа алдын-ала тапсырыс беріп жатыр. Тіпті, Украина мен Ресей мемлекеттерінде астық мол болады деп айтылып жатқан болжамдарға қарамастан, олардың өздері Қазақстанның бидайын сатып алуы мүмкін.
Таяуда Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен кеңесте үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Қазақстанның астығын экспорттауға байланысты барлық бағытты қарастыруды тапсырған болатын:
«Ең алдымен ресейлік әріптестерімізбен экспорттық байланыс бойынша үкіметтік деңгейдегі жұмысты жалғастырамыз деп ойлаймын. Қазақстанда астық тасымалдауға байланысты бірқатар экспорттық бағыттар бар, бірақ оңтүстік дәліздегі геосаяси жағдайға байланысты бұл бағыт қиындау болуы мүмкін», - деді ол.
Премьер-министрдің сөзіне қарағанда, Қазақстан үшін биыл астық экспорттауда біршама қиыншылықтар тууы мүмкін. Ресейліктер өздеріндегі мол астықты біржақты етіп алмайынша, қазақстандық өнімге сұраныс жасамайтыны белгілі. Сонымен қатар, үкімет пен министрліктің ресми ақпараттарынан бөлек, кейбір сарапшылар да әлемдік нарықта астық сатудың ойдағыдай болмауы ықтимал екенін айтып отыр.
Аты жөнін атамауды өтінген Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінің ұстазы қазақстандық астықты экспорттауға байланысты былай деді:
Аты жөнін атамауды өтінген Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінің ұстазы қазақстандық астықты экспорттауға байланысты былай деді:
- Биыл көктемде Өзбекстан президентінің Астанаға келген мақсаттарының бірі - Қазақстаннан бидай алу болатын. Неге екені белгісіз, президент Назарбаев көрші мемлекеттің басшысына бидай беруден бас тартып, оның орнына ұн ұсынды. Ислам Кәрімов оны алған жоқ. Бұл Қазақстанның өз тұтынушысын жоғалтып алғанын білдіреді. Олар биыл астықты Ресей немесе Украинадан сатып алатыны айтпаса да белгілі. Сонымен қатар, Өзбекстанның экономикалық жағдайын дамыған мемлекеттермен салыстыруға болмайды. Олар үшін бидайдың сапалы болуы екінші орында тұр. Бұл бір.
Екіншіден, Қазақстандағыдай жоғары сапалы астық әлем бойынша бірнеше мемлекетте ғана бар. Соның бірі - Канада. Бұл мемлекеттің өз нарығы бар. Қазақстанның бидайы оларға қарағанда арзан болса да, біздің мемлекетте шығатын 5-6 миллион тоннаға бола, Еуропа елдері Канаданың өнімінен бас тартпайды. Қазақстан астығының басты тұтынушылары көп емес. Олар: Иран, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Украина, Грузия және Балтық жағалауындағы елдер. Соңғысына байланысты мен үшін болжам жасау қиын.
Ал қалған мемлекеттерді Ресейдің бір өзі ғана астықпен қамтамасыз етуге шамасы жетеді. Сондықтан, олар ең бірінші болып нарықты жаулауға тырысады. Оның бір себебі мынау, кез-келген астықты күздегі болатын арзан бағаға бермей, оны қыстың аяғына дейін сақтауға болады. Бірақ, астық сақтаудың көп шығынды талап ететін ескерсек, көптеген мемлекеттер өздерінің өнімдерінен ерте құтылуға асығады. Менің ойымша, биыл Қазақстанға сыртқы нарыққа астық сату едәуір қиыншылықтар әкеледі.