АТЫШУЛЫ ТҰМАУ АСТАНАҒА ДА ЖЕТТІ
Қазақстанда A/H1N1 тұмауымен сырқаттанғандар саны 13-ке жетті, бірақ олардың науқастары жеңіл түрде, бұл Ұлыбритания мен Германиядан келген инфекция деп хабарлады шілденің 27-і күні Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев.
Қазақстанда A/H1N1 диангозы алғаш рет өткен аптада Лондоннан оралған оқушылардан анықталғаны туралы бейсені күні бұқаралық ақпарат құралдары хабарлаған болатын.
Сол күннің ертесінде, шілденің 24-і күні ертеңгісін Астанадағы қоғамдық көліктерге мінген жұрт жүргізуші, кондукторлардың барлығы жұмысқа беттеріне дәке байлап шыққанын көрді. Көлікке отырып жатқан адамдардың көбі де беттеріне маска таңып алған.
Бір уақытта көліктің артқы жағында отырған бір ақсақал кондуктордан «Балам, бәріне не болған? Неге барлықтарың маска тағып алғансыңдар?» деп сұрады. Жолаушылардың ақшасын теріп, билет үзіп беріп жүрген кондуктор бала асығыс: «Індет, ата, індет басталды» деп жауап берді. Артқы жақтан әлгі ақсақалдың «Не дейді?! Құрысын, беті аулақ!» деген дауысы естіліп жатты.
БАҒАСЫ ШАРЫҚТАП КЕТКЕН ДӘКЕ МАСКАНЫ ТАБУ МҰҢ БОЛДЫ
Бұл күні жеке шаруаны қоя тұрып, мен де дәке маскасын, сосын «оксолин» майын ала қояйын деп, жақын жердегі дәріханаға бардым. Сатушы дәке маскасы мен «оксолин» майының таңертеңгісін бес минөттің ішінде сатып жібергенін айтты. Келесі дәріханада да дәл осындай көрініс.
Маска мен «оксолин» майын іздеп, бес-алты квартал жерді жаяу аралағанымды өзім де сезбей қалыппын. Осылайша, темір жол вокзалына дейін жаяу бардым, бірақ жолай кездескен дәріханалардың ешқайсысынан маска табылмады.
Құны он теңге тұратын дәке маскасы бір-ақ күнде Астанадағы ең бағалы тауарға айналды. Қайтадан көлікке отырып келе жатырмын. Бірнеше аялдамадан кейін, көлікке қолында екі дана маскасы бар бір әйел мініп, менің жанымдағы бос орындыққа отырды.
Ол маған қарап, қуанышын жасырмай: «дәріханадағы ең соңғы екі маска маған тиді, екеуін 50 теңгеге сатып алдым» деп, бір масканы бетіне тағып алды.
Оның сөзін естіген кондуктор әйел біздің жанымызға келіп: «Апа, сіз қайта арзанға алыпсыз, бізде автобус паркінің жанында әрбір данасын 50 теңгеден сатып жатыр, біз 50 теңгеден сатып алдық» деді. Содан автобустағы күллі адамдардың әңгімесі доңыз тұмауы мен дәке маскасы жайында болды. Бәрі да дәріханалардан маска таба алмағандықтарын айтып жатты.
«МАСКА ТАҚПАСАМ ЖҰМЫСТАН АЙРЫЛАМЫН»
Көліктен түсіп, Есілдің сол жағалауындағы дәріханаларды араладым. Олардың барлығында: «Бізде маска мен оксолин майы жоқ» деген жазу ілініпті. Тек Абылайхан даңғылындағы үлкен дәріханаға жеткенімде, бір дәке маска алу үшін ұзын-сонар кезекте тұрған жұртты көріп, соңынан мен де тұрдым.
Бір уақытта менің де кезегім келіп жеткені сол еді, дәріханадағы сатушы әйел тек екі дана ғана масканың қалғанын ескертті. Жаныма келген аяғы ауыр келіншекке кезегімді беріп, қалған екі масканың біреуін алсам да жетеді деп тұрғаным сол еді, есіктен қоғамдық көлік кондукторының формасын киген ер адам жүгіріп келді.
Ол бірден сатушыға: «Маған тез арада маска тауып бере қойыңызшы, онсыз маған жұмыс істеуге болмайды. Тексеріп жатыр. Жұмыстан шығып қалатын жайым жоқ» деп өтініш айта бастады. Оның дегбірі кеткен кейпі мен жалынышты сөздерінен кейін, маған тиесілі масканы кондукторға ұстата салдым.
ӘЖЕЛЕР ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ҚАРАҚАТТЫ ПАЙДАЛАНУҒА КЕҢЕС БЕРДІ
Дәріханадан шығып, үйге қарай бет алғанымда, жол бойында қарақат сатып тұрған зейнеткер қариялар кездесті. Олардың да өзара әңгімесі доңыз тұмауы жайында екен.
Бір уақытта қарақаттың барлық тұмаулардың алдын-алатын емдік қасиеті бары есіме түсіп, қайтадан кері бұрылып, әлгі әжейлердің бірінен бір шелек қарақат сатып алдым. Ол маған күлімсірей қарап, «қарақатты қайнатпа, еттартқыштан өткізіп, қантпен араластырып жесең, ешқандай індет жоламайды» деп кеңес беріп жатты.
Осылайша, өзімнің барлық шаруаларды ысырып тастап, бір дәке маскасын іздеймін деп бір демалыс күнімнің қалайша босқа өткізгенін байқамай қалыппын.
Осыған іштей қапаланып келе жатыр едім, алдымнан шыққан бір әйел: «Қарақатты қайдан алдыңыз?» деп сұрады. Мен еріксіз, күліп жібердім. Ең болмағанда қарақатқа қол жеткізгенім қандай жақсы болды деп.