Қытай үкіметі Үрімжі қаласының ұйғыр және қытайлық тұрғындары арасындағы қақтығыстардың жалғасуына жол бермеу мақсатымен қалаға армия мен қауіпсіздік күштерінің мыңдаған жауынгерін шоғырландырды. Қауіпсіздік күштері Үрімжінің басты көшелерін жапты.
Қытайдың ресми баспасөзінің хабарлауынша, өткен жексенбіден (5 шілде) бері ұлтаралық жанжалдың салдарынан 156 адам құрбан болған. Жергілікті шенеунектердің мәлімдеуінше, өткен жексенбіден бері қарай 1400-ден аса адам ұсталды.
Үрімжінің 50 жастағы тұрғыны Джиангтың (Jiang) айтуынша, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалаға шоғырландырылған әскер мен қауіпсіздік күштері жеткіліксіз.
«Егер сіз жұмысқа баратын болсаңыз, онда сіз қолыңызға не таяқ, не пышақ алып жүруіңіз керек. Егер қолыңызға ештеңе алмасаңыз, өзіңізді қорғай алмайсыз. Біз өз басымыздың қауіпсіздігі үшін қолға бір нәрсе алып жүруге мәжбүрміз», - дейді Үрімжінің қытайлық тұрғыны.
Шынында да Үрімжіде сәрсенбі күні де қақтығыс болғаны туралы хабар шықты. Франс-Пресс агенттігі хабарлағандай, бір топ қытайлық 2 мұсылман ұйғырға бас салып сабаған. Тағы бір хабарға қарағанда, қоғамдық тәртіп сақшылары наразылыққа шыққан жүздеген қытайлықты қуып таратпақ болған.
Ұлтаралық қақтығыстың өршуіне жол бермеу үшін ресми билік өткен сейсенбі күні Үрімжіге комендант тәртібін орнатты. Оған себеп: Үрімжінің 100-деген қытайлық тұрғыны қаланы аралап жүріп, ұйғырлардың дүкендерін қиратты.
Өткен сейсенбі күні қоғамдық тәртіп сақшыларының көз алдында 200-дей ұйғыр өкілі наразылық шеруіне шығып, өз қандастарының бейберекет тұтқындалуына қарсылық білдірді. Шеруге шыққандардың көпшілігі әйелдер болатын.
Хабарға қарағанда, сәрсенбі күні Үрімжіге қоса тағы кем дегенде Қашқар және Тұрпан қалаларында интернетке бөгет қойылды.
Жексенбі күні басталған жанжалдың шығуына Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун өлкесінің ойыншық фабригінде маусым айының соңында ұйғыр мен қытайлық жұмысшыларының арасынан шыққан төбелес түрткі болғанға ұқсайды.
Бірнеше ұйғырдың «Азат Азия» Радиосына айтқан әңгімесіне қарағанда, қытайлық қаражұмысшылар ұйғыр жұмысшылардың жатақханасына басып кіріп, оларды ағаш сойылдармен, темір кесінділерімен және шалғылармен жаппай сабаған. Осы көрініске куә болған бір ұйғыр көргенін «сұмдық» деп сипаттады.
«Біз түнгі жұмыстан кейін асымызды алып, күндіз жатақханамызда ұйықтап жаттық. Біз қытайлықтардың жатақханаға басып кіріп, төсектерінен жұлып алып, айналасын астан-кестенін шығарып, өртеп, оларды сабай бастағанын көрдік. Бұл күндізгі сағат 12.30 бен 1-дің арасында болды. Ол жерде мыңдай қытайлық пен 800 ұйғыр болды», - деп мәлімдеді куәгер ұйғыр.
Ойыншық фабригіндегі қантөгіске фабриктің ұйғыр жұмысшылары 2 қытайлық әйелді зорлапты деген интернетке шыққан хабар түрткі болған тәрізді. Сол хабарды таратты деген күдікпен 2 ер адам ұсталды.
Ресми билік маусым айындағы жанжалдан 2 ұйғырдың көз жұмып, 118 адамның жараланғанын хабарлады.
Сәрсенбі күні Asian Wall Street Journal басылымында шыққан мақаласында Рабия Қадыр қақтығысқан екі жақты да сынға алды. Сонымен бірге Рабия: «ұйғырларға келгенде қытайлық шенеунектердің заңды сыйлауға онша мүдделі еместігін Қытайдағы ұйғырларға қарсы репрессия жылдары айқын дәлелдейді. Ұйғырлардың қазіргі наразылығына да сол себеп болды», - деп жазды.
Өткен сейсенбі күні Азаттық радиосына берген сұхбатында Рабия Қадыр Қытайда ресми баспасөз хабарлағандай, 156 адам емес, 400-ден адамның қаза тапқанын мәлімдеді.
Осы кезде Бейжіңде сыртқы істер министрлігі Қытай төрағасы Ху Цзиньтаоның Үрімжі қаласындағы ахуалдың салдарынан «үлкен сегіздік» елдері басшыларының Италиядағы саммитіне қатысудан бас тартып, елге оралатынын хабарлады.
Ху Цзиньтао - әлемнің экономикалық тұрғыдан ең дамыған 7 елі мен Ресейдің кезекті саммитіне бақылаушы ретінде қатысуға тиіс еді. Бұл форумның жұмысына «Үлкен сегіздікке» кірмейтін Бразилия, Үндістан және Индонезия сынды ірі елдердің жетекшілері де қатысады.
Ресейдің сыртқы істер министрлігі Шыңжаңдағы қантөгіс Қытайдың ішкі ісі деп мәлімдеді. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Родхэм Клинтон жанжалдасушы барлық жақты да ұстамдылыққа шақырды. Ал Қазақстанның сыртқы істер министрлігі ел азаматтарына Шыңжаңға бармауға кеңес берді. Өткен сейсенбі күні министрлік Қазақстан азаматтарына туристік виза берілмейтінін мәлімдеді.
Қазір Еуропа Одағына төрағалық ететін Швеция да барлық жақ ұстамды болғанда ғана халық толқуының бейбіт аяқталатынын атап көрсетіп, қамауға алынғандардың құқын құрметтеуге шақырды.
Адам құқын қорғаушы ұйымдар қамауға алынғандардың азапталуы немесе зорлық-зомбылық көруі мүмкін деген мәлімдеме жасады. Олар, сонымен қатар, ұйғырлардың наразылық толқуын күштеп басып-жаншу ұлтаралық араздықты ушықтыра түсуі ықтимал деп ескертті.
Үрімжі – Бейжіңнен шамамен 3 мың шақырымдай қашықтықта орналасқан және 2,3 миллион тұрғыны бар қала. Бір ерекшелігі Щыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы халқының тең жартысына жуығын этникалық ұйғырлар құраса, оның әкімшілік орталығы болып табылатын Үрімжі тұрғындарының басым бөлігін қытайлықтар құрайды.
Шыңжаңда жалпы шамамен 8 миллионға жуық ұйғыр бар. Шыңжаң – Қытайдың «сауда қақпасы» болып табылады. Шыңжаңда табиғи газ бен басқа да қазба байлықтары мол, ауылшаруашылық өнімдері де көп өндіріледі.
Қытайдың ресми баспасөзінің хабарлауынша, өткен жексенбіден (5 шілде) бері ұлтаралық жанжалдың салдарынан 156 адам құрбан болған. Жергілікті шенеунектердің мәлімдеуінше, өткен жексенбіден бері қарай 1400-ден аса адам ұсталды.
Үрімжінің 50 жастағы тұрғыны Джиангтың (Jiang) айтуынша, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалаға шоғырландырылған әскер мен қауіпсіздік күштері жеткіліксіз.
Біз өз басымыздың қауіпсіздігі үшін қолға бір нәрсе алып жүруге мәжбүрміз...
«Егер сіз жұмысқа баратын болсаңыз, онда сіз қолыңызға не таяқ, не пышақ алып жүруіңіз керек. Егер қолыңызға ештеңе алмасаңыз, өзіңізді қорғай алмайсыз. Біз өз басымыздың қауіпсіздігі үшін қолға бір нәрсе алып жүруге мәжбүрміз», - дейді Үрімжінің қытайлық тұрғыны.
Шынында да Үрімжіде сәрсенбі күні де қақтығыс болғаны туралы хабар шықты. Франс-Пресс агенттігі хабарлағандай, бір топ қытайлық 2 мұсылман ұйғырға бас салып сабаған. Тағы бір хабарға қарағанда, қоғамдық тәртіп сақшылары наразылыққа шыққан жүздеген қытайлықты қуып таратпақ болған.
Ұлтаралық қақтығыстың өршуіне жол бермеу үшін ресми билік өткен сейсенбі күні Үрімжіге комендант тәртібін орнатты. Оған себеп: Үрімжінің 100-деген қытайлық тұрғыны қаланы аралап жүріп, ұйғырлардың дүкендерін қиратты.
Өткен сейсенбі күні қоғамдық тәртіп сақшыларының көз алдында 200-дей ұйғыр өкілі наразылық шеруіне шығып, өз қандастарының бейберекет тұтқындалуына қарсылық білдірді. Шеруге шыққандардың көпшілігі әйелдер болатын.
Хабарға қарағанда, сәрсенбі күні Үрімжіге қоса тағы кем дегенде Қашқар және Тұрпан қалаларында интернетке бөгет қойылды.
Жексенбі күні басталған жанжалдың шығуына Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун өлкесінің ойыншық фабригінде маусым айының соңында ұйғыр мен қытайлық жұмысшыларының арасынан шыққан төбелес түрткі болғанға ұқсайды.
Бірнеше ұйғырдың «Азат Азия» Радиосына айтқан әңгімесіне қарағанда, қытайлық қаражұмысшылар ұйғыр жұмысшылардың жатақханасына басып кіріп, оларды ағаш сойылдармен, темір кесінділерімен және шалғылармен жаппай сабаған. Осы көрініске куә болған бір ұйғыр көргенін «сұмдық» деп сипаттады.
«Біз түнгі жұмыстан кейін асымызды алып, күндіз жатақханамызда ұйықтап жаттық. Біз қытайлықтардың жатақханаға басып кіріп, төсектерінен жұлып алып, айналасын астан-кестенін шығарып, өртеп, оларды сабай бастағанын көрдік. Бұл күндізгі сағат 12.30 бен 1-дің арасында болды. Ол жерде мыңдай қытайлық пен 800 ұйғыр болды», - деп мәлімдеді куәгер ұйғыр.
Ойыншық фабригіндегі қантөгіске фабриктің ұйғыр жұмысшылары 2 қытайлық әйелді зорлапты деген интернетке шыққан хабар түрткі болған тәрізді. Сол хабарды таратты деген күдікпен 2 ер адам ұсталды.
Ресми билік маусым айындағы жанжалдан 2 ұйғырдың көз жұмып, 118 адамның жараланғанын хабарлады.
Наразылық шеруі кезінде есінен талып құлаған ұйғыр әйелін жанындағылар көтеріп әкеле жатыр. Үрімжі, 7 шілде 2009 жыл.
Қытайдың ресми өкілдері ұйғырлардың соңғы толқуы үшін бар жауапкершілікті Германиядағы Ұйғырлардың дүниежүзілік конгресіне жүктеді. Алайда осы конгрестің АҚШ-та қуғында жүрген президенті Рабия Қадыр ресми Бейжіңнің бұл айыбын түбегейлі теріске шығарды.Сәрсенбі күні Asian Wall Street Journal басылымында шыққан мақаласында Рабия Қадыр қақтығысқан екі жақты да сынға алды. Сонымен бірге Рабия: «ұйғырларға келгенде қытайлық шенеунектердің заңды сыйлауға онша мүдделі еместігін Қытайдағы ұйғырларға қарсы репрессия жылдары айқын дәлелдейді. Ұйғырлардың қазіргі наразылығына да сол себеп болды», - деп жазды.
Өткен сейсенбі күні Азаттық радиосына берген сұхбатында Рабия Қадыр Қытайда ресми баспасөз хабарлағандай, 156 адам емес, 400-ден адамның қаза тапқанын мәлімдеді.
Осы кезде Бейжіңде сыртқы істер министрлігі Қытай төрағасы Ху Цзиньтаоның Үрімжі қаласындағы ахуалдың салдарынан «үлкен сегіздік» елдері басшыларының Италиядағы саммитіне қатысудан бас тартып, елге оралатынын хабарлады.
Ху Цзиньтао - әлемнің экономикалық тұрғыдан ең дамыған 7 елі мен Ресейдің кезекті саммитіне бақылаушы ретінде қатысуға тиіс еді. Бұл форумның жұмысына «Үлкен сегіздікке» кірмейтін Бразилия, Үндістан және Индонезия сынды ірі елдердің жетекшілері де қатысады.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі ел азаматтарына Шыңжаңға бармауға кеңес беріп, Қазақстан азаматтарына туристік виза берілмейтінін мәлімдеді.