ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ ШЕКТЕУ
Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің желтоқсан айындағы бұйрығы бойынша дербес тұлғалардың электр қуатын пайдалануына дифференциалды шектеу қойылды. Бұл жүйені ойлап тапқандардың ойынша, белгіленген лимитті қатаң сақтау электр қуатын үнемдеуге және тұрғындарды әлеуметтік жағынан қорғауға мүмкіндік береді.
Негізінде, аталған департамент қуат мөлшерін, яғни лимитті жергілікті әкімдікпен ақылдасып барып белгілейді. Мәселен, қостанайлықтар үшін ол электр плитасы жоқ тұрғындарға 100 киловат, электр плиталары барларға 130 киловат болып белгіленген.
Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің бастығының орынбасары Татьяна Титованың айтуына қарағанда, бұл мөлшер тұрғындардың 2008 жылы тұтынған қуат мөлшеріне байланысты есептелген. Алайда, ол республика бойынша барлық облыстардан жоғары. Мысалы, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында бұл көрсеткіш тиісінше 70 және 90 киловаттан аспайды.
«Қостанай энергия орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мамандарының жүргізген зерттеуіне сүйенсек, облыс орталығындағы абоненттердің жалпы саны 75 000 болса, солардың 10 пайызы ғана белгіленген лимит шегінен шығып кетеді екен. Міне, осыған орай лимит аясына сыйған тұтынушылар әр киловатқа 9,579 теңгеден төлесе, одан асып кеткендер бір киловатқа 11,518 тенгеден төлеуіне тура келеді.
Аталмыш серіктестік бастығы Виктор Ионенко 2008 жылы қалалық бюджеттен «Жол картасы» бағдарламасы бойынша осы мақсатқа 2 миллион тенге бөлінгенін және 58 әлеуметтік жұмыс орны пайда болғанын, яғни, бақылаушылардың көмекшілері жұмысқа қабылданғанын айтып отыр.
Алайда, биылғы жылдың қараша айында қаржыландыру біткен, сонымен қалалық электр жүйесінде 30 бақылаушы ғана қалған.
Желтоқсан айында жыл аяғына дейін қалалық электр желісіне қожалық етіп отырған кәсіпорынмен қайта келісімге отырушылар саны да күрт артқан. Өйткені, жаңа тарифте тіркеуге отырған әр адам есепке алынып, тіркеудегі мәліметтер электр желісі кәсіпорнындағы мәліметтермен сәйкес келуі керек екен.
«Қостанай энергия орталығы» басшылары «бұл мақсатқа қаржы аямаймыз, өйткені бақылаушылар жұмысы болмаса, борышкерлерден қарызымызды қайтара алмаймыз» - дейді.
ТҰТЫНУШЫ ТҰТЫЛЫП, ДЕЛДАЛДАР ҰТЫП ОТЫР
Таяуда ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов электр қуатын берушілер мен оны алушылар арасындағы делдалдардан құтылу туралы Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагинге бұйрық бергені жергілікті баспасөзде жарияланды. Қостанайлықтар неге төлемақыны көп төлейді деген сауалға жауап іздесек, тоғыз жылға артқа шегінуге тура келеді.
2000 жылдың 10 қаңтарында Қостанайдағы «КРЭК» АҚ мен Алматыдағы «Энергоинвест» жабық акционерлік қоғамы №62 шартқа қол қойып, осы шарт негізінде «КРЭК» АҚ жарғылық қоры 48 пайызға азайтылды.
Шын мәнісінде жарғы талаптары өрескел бұзылады және акционерлік қоғамның бірден бір құрылтайшысы – Қостанай мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеті оған келісім бермейді. Бұл келісімге КРЭК-тің жалпы құны 1 миллиард 617 млн. теңге болатын 914 бірлік кепілдік мүлік болып есептелуі керек екен.
Алайда, КРЭК-тің лауазымды басшылары оны 91,3% пайызға дейін азайтып, құнын 147,6 миллион теңгеге бағалап, 2 млрд. 469,9 млн. теңге айырмашылықты кәсіпорын шығынына жатқызады.
2000 жылғы А-03/1-00 (01.07.2000 ж.) келісім бойынша «Энергоинвест» осы мүлікті КРЭК-ке жалға береді. Ай сайынғы төлемақы 4,4 миллион теңге болып белгіленеді. «КРЭК» болса аренда үшін 22,1 миллион теңге төлейді.
Дәл осы кезеңде «КРЭК» АҚ 42,4 миллион теңгеге, іс жүзінде өздеріне тиесілі емес мүлікке күрделі жөндеу жүргізеді. Қарапайым есепке жүгінсек, түскен ақша аз болмаса да, энергетика инфрақұрылымын ұстап тұру үшін заңды негіз жоқ болып шығады.
Қостанай қаласының өзінде ғана кейінгі екі айдың төлемақысын төлемегендер қарызы 5 миллион теңгеден асып отыр. Оның үстіне желтоқсан айының екінші жартысында қыс кәріне мінді. Отыз-қырық градус аязда түрлі электр жабдықтарын пайдаланушылар саны да күрт өсетіні белгілі.
Ендеше электр қуатын үнемдеу туралы сөз бос әңгіме болып шығуы ықтимал. Пайдаға шығып отырған делдалдар ғана.
«Іс жүзінде жаңа тариф енгізілсе де, қоғамдық талқылау өткізілмеді. Қостанай аймағы үшін ол неге сонша қымбат екенін ешкім түсіндіріп бере алмады. Айналып келгенде, тұтынушылар тағы да ұтылды» - дейді қала тұрғыны Күмісжан Сейсенбаева.