Accessibility links

Жаңа билік Қытай және Қазақстанмен шекараны межелеген Ақаевтан есе қайырмақ


Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев.
Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев.

Қырғыз билігі көптеген қылмысы үшін Асқар Ақаевты жеке басына қол сұғылмаушылық мәртебесінен айырды. Оның ішінде «Қазақстан мен Қытайға ежелгі қырғыз жерін беріп жіберді» деген айып та бар. Ал біраз мәселеге Қазақстанның көнгені айтылмайды.


ҚАЗЫНАНЫҢ ЖЕРІ

12 тамызда Қырғызстан президенті Роза Отунбаева елдің бірінші президенті Асқар Ақаевты жеке басына қол сұғылмаушылық мәртебесінен айыру туралы декретке қол қойды. Бұл құжатқа «төңкерісшіл» министрлер кабинетінің он екі мүшесінің тоғызы қол қойды. Бұл декреттің қабылдануына вице-премьер Әзімбек Бекназаров бастамашы болды. Ресейді паналаған Ақаевтың қазір академиялық қызметін қайта бастап, Мәскеу университетінде ғылыммен айналысып жүргені белгілі.

Бекназаров қырғыз журналистеріне берген сұқбатында Асқар Ақаевты «қырғыз халқына қарсы жасаған ауыр қылмыстары» үшін кінәлі деді. Асқар Ақаевқа тағылған айыптың ең бастысы - 2002 жығы наурыз айында Жалалабад облысы Аксый ауданы Боспиек ауылы маңында болған оқиғалар. Қарсылық шеруіне қатысушылар бірнеше даулы жер учаскелерін Қытайға беруге байланысты Асқар Ақаевтың шешімін бұзуды талап еткен. Билік жаңа басталып келе жатқан ойранның алдын алу үшін оқ атуға мәжбүр болғанын айтқан еді. Осының салдарынан шеруге қатысқан алты адам қаза болды.

Бұл жанжалдың басталуына ең алдымен парламент депутаты, оппозиция жетекшісі Әзімбек Бекназаровтың тұтқындалуы себепкер болған. Өйткені, осы Бекназаров ең алғаш келісімінің әділетсіз болғанын айтып, Қытаймен арадағы шекараны межелеу мәселесін
«Алматы» қонақ үйінің жарнама белгісі. Ыстықкөл, мамыр, 2006 жыл.
тікесінен қойған. Содан кейін Қырғызстанда ұзаққа созылған саяси дағдарыс орнап, оның ақыры 2005 жылғы қызғалдақтар төңкерісіне ұласты.

Қытай және Қазақстанмен арадағы мемлекеттік шекара межелерінің осы елдер пайдасына қарай шешілгенін Уақытша үкімет мүшелері Асқар Ақаевтың президент болып тұрған кезеңдегі жасаған «аса ауыр қылмысы» деп атады. «Қырғыз-қытай және қырғыз-қазақ шекара сызықтарының жүру мәселелеріне байланысты оның қылмысқа пара-пар келісімпаздық ұстанымына байланысты атауының өзі тарихи тұрғыдан қырғыздарға тиесілі екендігін дәлелдейтін ежелгі қырғыз жерлері Қытай мен Қазақстанға өтіп кетті» делінген декретте.

Мына мәселені айта кету керек. Атышулы «Өкіл қайын ата» атты кітабында Рахат Әлиевтің жазуынша, қырғыз билігі Ыстықкөл жағасындағы жер телімдерін Назарбаевқа сыйға бере салған. Ал Назарбаев оның есесіне Жамбыл облысының шекара бойындағы егіндік жерлерін қырғыздарға берген. Ресми Бішкек осы Әзімбек Бекназаровқа Ыстықкөл жағасындағы шипажайларды Қазақстанның иелігінен Қырғызстанға қайтару мәселесін айтқызған. Ресми Астана бұған қарсы шықты.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨНБІСТІГІ

2001 жылы Қырғызстанмен арадағы мемлекеттік шекараны межелеу нәтижесінде 600 гектар жер Қазақстанға өтті. Мысалы,1994 жылдың сәуір айында Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы келісімнің нәтижесінде Қазақстан Қытайға аумағы 946 шаршы шақырымдық жерді бере салды.

1997 жылы Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы екі даулы ауданның тағдыры шешілді. Сол кездері аумағы шамамен 530 шаршы шақырым территория Қытайға өткен.

2002 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы жердің бір бөлігін, Түркістан ауылын қоса Өзбекстанға берді. Қызылорда облысы территориясының бір бөлігі де Өзбекстанға өтті. Жалпы есебі - өзбек жағы 1700 гектар жер алған.

ҚАРА БАСТЫҢ ҚАМЫ ҮШІН

Қырғыздардан бір айырмашылығы - осыншама үлкен территориялардың көрші елдерге берілуін Қазақстан қоғамы елең де қылған жоқ. Қазақ саясаттанушысы Айдос Сарым қазақтардың ұлттық мүдделерге қатысты енжарлығын халықтың азаматтық санасының жоқтығынан деп есептейді.

- Біз әлі елдің тұрғын халқы ғанамыз. Оның толыққанды, жауапты азаматтары емеспіз. Бұның бұдан да тереңірек себептері бар. Қазақтар өз елінің азаматтары ретінде өз кеңістігін қабылдап, бұл кеңістікті шынайы уақытпен өлшеп үйренбеген. Біз әлемде тоғызыншы орын алатын жерімізбен мақтанамыз. Бірақ бізді жермен, территорияларды бір-бірімен не байланыстырып тұр - ол жағын біле бермейміз. Жұрт өзінің алты сотық жері үшін, баспанасы үшін кімнің де болса жағасына жармасуға даяр. Бірақ олар өз отаны үшін күресуге даяр емес. Кеңістікті каталогтеу қажет, осы жерде тұратын азаматтарды сол жермен байланыстыратын жаңа қуатты кеңістіктік саясат, қуатты әлеуметтік-философиялық рефлексия қажет, - дейді Азаттық радиосына берген сұқбатында Айдос Сарым.

Батыс Қазақстандағы ұлттық-патриоттық қозғалыстың белсендісі Аманжол Зинуллин жалпы мемлекеттік маңыздағы мәселелерге тұрғын халықтың қатыспауы қазақтардың басым көпшілігінде ұлттық рухтың жоқтығын байқатады деп есептейді.

- Билік қазақ халқының санасын белсенді түрде біртіндеп жойып жатыр. Біздің билік осылайша өз халқының ұлттық санасы неғұрлым әлсіз болған сайын оны басқару да оңай болар деп ойлайтын сияқты. Бірақ олар өздері отырған бұтақты кесіп жатқандығын түсінбейді. Сондықтан қазіргі билік тек бүгінгі күнмен ғана өмір сүріп жатыр. Билік халықтың қамын емес, ірі капиталдың ғана мүддесін қорғап отыр. Халықтың тағдыры оларға бәрібір, - дейді «Еділ-Жайық» қоғамының төрағасы Аманжол Зинуллин.

Қазақстанның ресми насихат орындары "Қытаймен арадағы шекараны межелеу - советтік авторитарлық жүйеден қалған қажетсіз проблемаларды шешуге мүмкіндік берді" деп есептейді. Қырғызстан, Өзбекстан және Ресеймен жасасқан осындай келісімдердің егжей-тегжейі әдетте Астанада ашық талқыланбайды.
XS
SM
MD
LG