ПАРЛАМЕНТ ҚҰЗЫРЫ КЕҢЕЙДІ
Қырғызстанның жаңа Конституциясы Орталық Азия мен бүкіл бұрынғы Совет одағы кеңістігінде ақыл-ойға сыймайтындай жағдайды қалыптастыратын сыңайлы. Қырғыз Негізгі заңы тұтас билікті бір қолға шоғырландырып, үстемдік ететін президенттің құзырын азайтады.
Маусым айында елдің оңтүстігінде болған зорлық-зомбылық әрекеттерінен кейін енді ғана ес жиып жатқан Уақытша үкімет жаңа Конституция елдегі жағдайды тұрақтандырады деп үміттенеді. Маусымның 27-сіне өткен конституциялық референдумды кейінге қалдырғысы келмеген үкімет, жаңа Негізгі заңды қолдап дауыс берген сайлаушылардың таңдауын жоғары бағалады.
Жаңа Конституция президент құзыретін азайтуды көздегенімен, елде балама ретінде толық парламенттік жүйені құрмайды. Есесіне
Жаңа Конституция премьер-министр мен президенттің қос бірдей мықты позицияларын қалыптастырады.
Уақытша үкімет басшысының орынбасары, конституциялық кеңестің төрағасы Өмірбек Текебаев мұны былайша түсіндіреді:
«Басынан бастап біздің қарсыластарымыз бұны парламенттік емес, аралас жүйе деп айтып келді. Тарихшылар мен басқа да ғалымдар мұны қалай атауды анықтауы тиіс. Біз Қырғызстанды күрделі жағдайдан шығаруға көмектесе алатын конституциялық жобаны ұсындық. Конституцияның ауторлары ретінде біз оны парламенттік жүйе деп атап отырмыз».
Іс жүзінде жаңа Конституция премьер-министр мен президенттің қос бірдей мықты позицияларын қалыптастырады.
Өмірбек Текебаев Азаттық радиосының қырғыз қызметіне берген сұхбатында былай деп мәлімдеді:
«Шынымен-ақ бұл жоба президентке де жеткілікті дәрежеде мықты билік береді. Президент бюджет пен қаржы саясатына қатысты заңдардан басқа кез-келген заңға вето қоя алады немесе оған қол қоюдан бас тарта алады. Ол заңды парламентке қайтара алады, бірақ қырғыз халқы мұны нақты билік деп қарастырмайды. Қырғыз халқы егер сен кадрлар саясаты мен қаржылық мәселелерге және лицензияларға жауапты болсаң ғана соны билік деп атайды».
Осылайша, жаңа Конституция бойынша Қырғызстанда президенттің құзыры көптеген еуропалық парламенттік жүйелердегідей тым қатты шектелмеген. Бірақ президент бұрынғысынша үстемдік ете алмайды, яғни ол бұрынғыдай бір өзі үкіметтің қаржы ресурстары мен елдің экономикасын бақылай алмайды.
САЯСИ ПАРТИЯЛАР
Бұған қоса, жаңадан қабылданған Негізгі заң билік бөлісуді кеңейтуге бағытталған басқа да өзгерістерді, соның ішінде парламенттегі 90 орынды 120-ға дейін көбейтуді қарастырады. Сонымен бірге бір партияның парламентте қаншалықты күшті бола алатынына шектеу қойылған.
Яғни ешбір партияға парламентте 65-тен көп орын берілмейді. Демек, теориялық жағынан алып қарағанда, парламенттегі орындардың басым бөлігіне ие болған партия елді жеке дара басқара алады. Бірақ іс жүзінде мұндай партия тиімдірек басқару мақсатында коалиция құруы керек болады.
65 орын туралы шектеу кейбір бақылаушыларды, солардың ішінде Бішкекке конституциялық мәселелер бойынша кеңес берген Еуропа кеңесінің Венеция комиссиясының бақылаушыларын қатты таң қалдырды. Себебі, демократиялық елдерде қоғамның қолдауына қол
Кейбір азаматтар референдумда дауыс беру кезінде көшпелі жәшікті пайдаланды. Ош, 27 маусым 2010 жыл.
жеткізу мақсатында еркін сайлауға түскен саяси партиялардың жетістіктеріне әдетте шектеу қойылмайды.Алайда аталмыш комиссия хатшысы Томас Маркерттің айтуынша, Конституцияның бұл бабы Қырғызстан тәжірибесі мен ауторитарлық басшылардың ерекшеліктерін ескере отырып жасалған сыңайлы.
1991 жылы Совет Одағы ыдыраған соң тәуелсіздікке қол жеткізген Қырғызстанды екі президент-диктатор басқарған. Екеуі де төңкеріс нәтижесінде биліктен қуылды. Алғашқы революция 2005 жылы, екіншісі биыл сәуір айында болды.
Қырғыз Конституциясында тағы бір ерекше мәселе бар. Яғни Конституцияға қатысты барлық даулы мәселелерді Конституциялық сот емес, Жоғарғы сот қарайтын болады.
Бұл да Қырғызстанның саяси тәжірибесі ескеріле отырып жасалған дейді Томас Маркерт:
«Негізінен мұны Қырғызстанның таяу арадағы тарихын ескере отырып түсіндіруге болады. Іс жүзінде 2006 жылы Конституциялық сот оң роль атқармады және сол кездегі президент Құрманбек Бакиевтің бүкіл билікті өз қолына шоғырландыру әрекеттерін тездететін шешім шығарды», - дейді Томас Маркерт.
Жаңа Конституцияның бұдан өзге баптары негізінен стандартқа сай келеді.
ЖАҢА САЙЛАУ
Парламент сайлауы әр бес жыл сайын өткізілетін болады, алғашқысы осы жылдың қазан айына белгіленді. Сайлауда 18 жасқа толған
Қырғызстан Уақытша үкіметінің басшысы Роза Отынбаева (оң жақта) және ЕҚЫҰ-ның демократиялық институттар және адам құқтары жөніндегі бюросының директоры Янеш Ленарчич. Бішкек, 28 маусым 2010 жыл.
барлық азаматтар дауыс бере алады. Бұған қоса, ешбір партия діни немесе этникалық негізде құрылмайды, сонымен қатар, қарулы күштер мен полицияның және сот жүйесінің мүшелері саяси партияға қосыла алмайды.
Жаңа Конституция бойынша Президент тек бір мерзімге 6 жылға сайланатын болады. Президент сайлауына түсетін үміткерлер 35 пен 70 жастағы азаматтар болуы тиіс және олар қырғыз тілін жетік меңгеріп, елде кемінде 12 жыл тұрған азаматтар болуы керек.
Өмірбек Текебаевтың айтуынша, Конституция ауторлары Венеция комиссиясы
Жаңа Конституция бойынша Президент тек бір мерзімге 6 жылға сайланатын болады.
Венеция комиссиясы мұны ықыласпен қабылдап, қырғыз үкіметіне жоғары баға берді. Бірақ Томас Маркерт пен басқа да бақылаушылар Қырғызстанның жаңа Конституциясының нағыз сынақтан өтуі құжаттың мәтініне емес, оның іс жүзінде қалай жүзеге асырылуына байланысты болады дейді.