САЙЛАУ ДАУ-ДАМАЙМЕН ӨТІП ЖАТЫР
Шілденің 23-і күні Қырғызстанда кезекті – бесінші рет президент сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беру басталған күні таңертең мемлекет басшысының қызметіне кандидаттардың саны алтау болатын, арасында бір әйел бар.
Олар – елдің қазіргі президенті, осы қызметке екінші мәрте сайлануға үмітті Құрманбек Бәкиев, оның негізгі бәсекелесі, оппозициядан ұсынылған ортақ кандидат Алмазбек Атамбаев, дәрігер-нарколог, профессор Ж.Назаралиев, «Ак шумкар» партиясының жетекшісі Т.Сариев, мұсылмандар бірлестігінің теңтөрағасы Н.Мотуев. Н.Мотуев пен Т.Сариевтен өзгелері бұған дейін де президенттік сайлауға қатысып, бақ сынағандар.
Тәуліктің екінші жартысында үміткерлердің қатарында төрт адам қалды. Оппозициядан түскен ортақ кандидат Алмазбек Атамбаев дауыс берудің барысына наразылық ретінде сайлаудан шығатындығын мәлімдеді. Жұрт арасында танымал дәрігер-саясаткер Женішбек Назаралиев те өз кандидатурасын қайтарып алды.
Атамбаев пен Назаралиев бірлескен мәлімдеме жасады. Онда: «23 шілде күні Қырғыз Республикасы президентінің сайлауында дауыс беру басталған сәттен анықталған жаппай заң бұзушылықтың негізгі бөлігін жергілікті өзін-өзі басқару орындарының қызметкерлері, құқық органдарының өкілдері, сондай-ақ атқарушы биліктің қатаң бақылауымен жасақталған учаскелік комиссиялардың өздері жасағандығын көрсетіп берді» делінген.
Президенттікке түскен оппозициялық үміткерлер бүгінгі дауыс беру барысындағы сайлау комиссиялары мен атқарушы билік органдарының кінасынан сайлау заңнамасының жаппай бұзылуына әкеліп соқтырған жағдай, Қырғыз Республикасындағы президенттік сайлаудың легитимдігін мойындауға мүмкіндік бермейді деп мәлімдеді.
Орталық сайлау комиссиясы бұған жауап ретінде, үміткердің президенттік сайлауға қатысудан бас тартуының оны үміткерлер тізімінен алып тастауға негіз бола алмайтынын, олардың аталған шараға қатысқысы келмейтін тілектерін дауыс беруден үш күн бұрын ескертулері керектігін мәлімдеді.
Балықшы қаласының милициясы 23 шілдеде түске таман әкімшіліктің алдына жиналған мыңдаған демонстранттарды тарату үшін арнайы құралдар қолданды, деп хабарлады Азаттық радиосына Алмазбек Атамбаевтың Ыстықкөл облысындағы сенімді өкілі Т.Колбаев.
Оның айтуына қарағанда, милиция шулы гранаталарды қолданып, жиналғандарды таратып, олардың арасында болған, мемлекеттік мекемеге басқыншылық жасады деп айыпталып отырған, қырғыз парламентінің депутаты М.Асанакунов пен бірнеше белсендіні ұстап әкеткен. Жиналғандар болса сайлаудың әділ өтуін талап етіп отыр.
Ыстықкөл облысындағы Балықшы қаласында СДПК оппозициялық фракциясынан сайланған парламент депутаты К.Қадыров та ұсталған. Депутатты да, онымен бірге келген жүздеген сайлаушыларды милиция мемлекеттік мекемені басып алуға әрекет жасады деген желеумен ұстаған.
Сайлауды 500 ден астам халықаралық және 30 мыңнан астам жергілікті бақылаушылар қадағалап отыр. Қырғызстандағы 2,8 миллион азаматтың дауыс беруге құқы бар.
БӘКИЕВТІҢ КӨҢІЛ-КҮЙІ КӨТЕРІҢКІ
Қырғызстанның қазіргі президенті Құрманбек Бәкиев сайлау учаскесіне зайыбымен бірге келді. Ал оның басты бәсекелесі, оппозициядан
Президент Құрманбек Бәкиев бұл жолғы сайлауда жеңіске жететіндігін мәлімдеген болатын. Декоративті бау-бақша шаруашылығы совхозының кеңсесіне орналасқан сайлау учаскесіне Құрманбек Бәкиев зайыбымен бірге келді. Президенттің зайыбы Татьяна Бәкиева журналистер тобын өзінің жаңа сән үлгісіндегі қалпақшасымен таңғалдырды.
Күте-күте шаршаған репортерлердің таңдана қарағанын байқаған Қырғызстан басшысының зайыбы фото- және телекамералар алдында әдейі бойын түзей бастады. Сосын дауыс беру кабинетіне қарай жүрді. Құрманбек Бәкиевтің жаңа кәстөмі баспасөз назарынан тыс қалды.
Екі минуттан аспайтын уақыт алған дауыс беру рәсімінен кейін Құрманбек Бәкиев журналистерге жақындап, сайлауда жеңіске жеткен жағдайда іске асыратын болашаққа арнаған өз жоспарымен таныстырды.
«Көңіл-күйім тамаша. Жалпы, мен қиындықтарға қарамастан көбіне көтеріңкі көңіл-күймен жүремін», - деді Құрманбек Бәкиев.
«Халықтың қарапайым топтары дүрлігуі мүмкін бе» деген сұраққа Құрманбек Бәкиев былай деп жауап берді:
«Бұл сайлаудың басты ерекшелігі сонда – әсіресе, саясатта айғай-шумен ештеңе шешілмейтінін қырғыз халқы түсінді».
АТАМБАЕВ ӨТКЕН ОҚИҒА ҚАЙТАЛАНА МА ДЕП ҚАУІПТЕНЕДІ
Алайда, оппозиция тарапынан жалғыз үміткер Алмазбек Атамбаев Құрманбек Бәкиевтің пікірімен келіспейді:
«Тағы да 2007 жылғыдай былық қайталанып жатса, онда бәрі де болуы мүмкін. Халық ашынған, онымен ойнауға болмайды!» - дейді ол.
Өзінің қарсыласына қарағанда Алмазбек Атамбаев № 5 кәсіби техникалық училищеде орналасқан сайлау учаскесіне көңіл-күйсіз келді.
Кейіннен белгілі болғандай, көңіл-күйінің болмауы оның отбасының мүшесіне қатысты жуырда орын алған жайсыз оқиғаға байланысты екен.
Дей тұрғанмен, Алмазбек Атамбаевтың айтуынша, әлгіндей жағдай оған күш беріп, президент сайлауында жеңіп шығуға деген ынтасын арттырған.
«Мен сайлауда жеңіске жетемін, бірақ, сол жинаған дауыстарды сақтап қала аламыз ба, соған күмәндімін. 2007 жылы президент сайлауында Өмірбек Текебаев бастаған «Атамекен» партиясы жеңіп шықты, бірақ, ҚР Орталық сайлау комиссиясы дауыстардың бәрін Құрманбек Бәкиевтің жетекшілігіндегі «Ақ жол» партиясына теліп жіберді, сол оқиға қайталана ма деп қорқамын. Олардың қолынан ұрлау ғана келеді, олар сайлаушының дауысын да ұрлайды», – деді Алмазбек Атамбаев.
Сайлауда жеңіске жеткен жағдайда ең алдымен Алмазбек Атамбаев Қырғызстандағы жемқорлықпен күресті күшейтпек және МҰҚК-ін таратып жібермек.
«Қазір МҰҚК-нің бар айналысатыны — елді қорқыту ғана. Меніңше, МҰҚК әлі өзі-ақ тарап кетеді. Мен жеңіске жетсем, елде қылмысқа шырмалған ешқандай да үркіту органы болмас еді», - деп атап өтті оппозиция тарапынан жалғыз үміткер Алмазбек Атамбаев.
«Жеңіске жеткен жағдайда Құрманбек Бәкиевті өз командаңызға қабылдайсыз ба» деген тілшілердің сұрағына елдің экс-премьері:
«Жоқ, қабылдамайтын шығармын. Біз оны лайықты зейнеткерлік демалысына жібереміз. Онсыз да жақында ол 60 жасқа толады емес пе?» деп жауап берді.
Сайлау науқаны үнемі тосын оқиғалармен ерекшеленеді. Оппозициядан ортақ кандидат Алмазбек Атамбаев тәуліктің екінші жартысында президенттік қызмет үшін күресін доғарды.
АҚАЕВ АЗАТТЫҚҚА СҰХБАТ БЕРУГЕ ҚҰЛЫҚ ТАНЫТПАДЫ
Дегенмен Қырғызстанда президент сайлауы төңірегіндегі шиеленіс енді-енді күш алып келе жатыр. Бейсенбі күні Азаттық радиосының тілшісі қазірде Мәскеуде тұрып жатқан Асқар Ақаевпен телефон арқылы тілдескен еді. Ол Қырғыз еліндегі президент сайлауына қатысты Азаттық тілшісінің сұрақтарына жауап беруден бас тартты.
– Кешіріңіз, мен саяси мәселелерге байланысты ештеңе айтпаймын. Менің республикада болмағаныма бес жыл болды, ондағы ахуалды білмеймін, басқа саясаткерлерден сұраңыздар...
– Ақаев мырза, не дегенмен, Қырғызстан сіздің Отаныңыз. Сіз ондағы жағдайды бақылап отырмайсыз ба?
– Жо-жоқ, тағы да айтамын, саяси оқиғаларға қатысты ешқандай пікір білдірмеймін.
Шілденің 23-і күні Қырғызстанда кезекті – бесінші рет президент сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беру басталған күні таңертең мемлекет басшысының қызметіне кандидаттардың саны алтау болатын, арасында бір әйел бар.
Олар – елдің қазіргі президенті, осы қызметке екінші мәрте сайлануға үмітті Құрманбек Бәкиев, оның негізгі бәсекелесі, оппозициядан ұсынылған ортақ кандидат Алмазбек Атамбаев, дәрігер-нарколог, профессор Ж.Назаралиев, «Ак шумкар» партиясының жетекшісі Т.Сариев, мұсылмандар бірлестігінің теңтөрағасы Н.Мотуев. Н.Мотуев пен Т.Сариевтен өзгелері бұған дейін де президенттік сайлауға қатысып, бақ сынағандар.
Тәуліктің екінші жартысында үміткерлердің қатарында төрт адам қалды. Оппозициядан түскен ортақ кандидат Алмазбек Атамбаев дауыс берудің барысына наразылық ретінде сайлаудан шығатындығын мәлімдеді. Жұрт арасында танымал дәрігер-саясаткер Женішбек Назаралиев те өз кандидатурасын қайтарып алды.
Атамбаев пен Назаралиев бірлескен мәлімдеме жасады. Онда: «23 шілде күні Қырғыз Республикасы президентінің сайлауында дауыс беру басталған сәттен анықталған жаппай заң бұзушылықтың негізгі бөлігін жергілікті өзін-өзі басқару орындарының қызметкерлері, құқық органдарының өкілдері, сондай-ақ атқарушы биліктің қатаң бақылауымен жасақталған учаскелік комиссиялардың өздері жасағандығын көрсетіп берді» делінген.
Президенттікке түскен оппозициялық үміткерлер бүгінгі дауыс беру барысындағы сайлау комиссиялары мен атқарушы билік органдарының кінасынан сайлау заңнамасының жаппай бұзылуына әкеліп соқтырған жағдай, Қырғыз Республикасындағы президенттік сайлаудың легитимдігін мойындауға мүмкіндік бермейді деп мәлімдеді.
Орталық сайлау комиссиясы бұған жауап ретінде, үміткердің президенттік сайлауға қатысудан бас тартуының оны үміткерлер тізімінен алып тастауға негіз бола алмайтынын, олардың аталған шараға қатысқысы келмейтін тілектерін дауыс беруден үш күн бұрын ескертулері керектігін мәлімдеді.
Балықшы қаласының милициясы 23 шілдеде түске таман әкімшіліктің алдына жиналған мыңдаған демонстранттарды тарату үшін арнайы құралдар қолданды, деп хабарлады Азаттық радиосына Алмазбек Атамбаевтың Ыстықкөл облысындағы сенімді өкілі Т.Колбаев.
Оның айтуына қарағанда, милиция шулы гранаталарды қолданып, жиналғандарды таратып, олардың арасында болған, мемлекеттік мекемеге басқыншылық жасады деп айыпталып отырған, қырғыз парламентінің депутаты М.Асанакунов пен бірнеше белсендіні ұстап әкеткен. Жиналғандар болса сайлаудың әділ өтуін талап етіп отыр.
Ыстықкөл облысындағы Балықшы қаласында СДПК оппозициялық фракциясынан сайланған парламент депутаты К.Қадыров та ұсталған. Депутатты да, онымен бірге келген жүздеген сайлаушыларды милиция мемлекеттік мекемені басып алуға әрекет жасады деген желеумен ұстаған.
Сайлауды 500 ден астам халықаралық және 30 мыңнан астам жергілікті бақылаушылар қадағалап отыр. Қырғызстандағы 2,8 миллион азаматтың дауыс беруге құқы бар.
БӘКИЕВТІҢ КӨҢІЛ-КҮЙІ КӨТЕРІҢКІ
Қырғызстанның қазіргі президенті Құрманбек Бәкиев сайлау учаскесіне зайыбымен бірге келді. Ал оның басты бәсекелесі, оппозициядан
Қырғызстанның қазіргі президенті Құрманбек Бәкиев сайлау учаскесіне зайыбы Татьянамен бірге келді. Бішкек, 23 шілде 2009 жыл.
ұсынылған ортақ кандидат Алмазбек Атамбаев жалғыз келуге мәжбүр болды. Себебі, оның отбасы мүшелеріне қарсы жасалған бірнеше сәтсіз қастандықтан соң Атамбаевтың әйелі мен кенже қызы шетелге кеткен-ді.Президент Құрманбек Бәкиев бұл жолғы сайлауда жеңіске жететіндігін мәлімдеген болатын. Декоративті бау-бақша шаруашылығы совхозының кеңсесіне орналасқан сайлау учаскесіне Құрманбек Бәкиев зайыбымен бірге келді. Президенттің зайыбы Татьяна Бәкиева журналистер тобын өзінің жаңа сән үлгісіндегі қалпақшасымен таңғалдырды.
Күте-күте шаршаған репортерлердің таңдана қарағанын байқаған Қырғызстан басшысының зайыбы фото- және телекамералар алдында әдейі бойын түзей бастады. Сосын дауыс беру кабинетіне қарай жүрді. Құрманбек Бәкиевтің жаңа кәстөмі баспасөз назарынан тыс қалды.
Екі минуттан аспайтын уақыт алған дауыс беру рәсімінен кейін Құрманбек Бәкиев журналистерге жақындап, сайлауда жеңіске жеткен жағдайда іске асыратын болашаққа арнаған өз жоспарымен таныстырды.
«Көңіл-күйім тамаша. Жалпы, мен қиындықтарға қарамастан көбіне көтеріңкі көңіл-күймен жүремін», - деді Құрманбек Бәкиев.
«Халықтың қарапайым топтары дүрлігуі мүмкін бе» деген сұраққа Құрманбек Бәкиев былай деп жауап берді:
«Бұл сайлаудың басты ерекшелігі сонда – әсіресе, саясатта айғай-шумен ештеңе шешілмейтінін қырғыз халқы түсінді».
АТАМБАЕВ ӨТКЕН ОҚИҒА ҚАЙТАЛАНА МА ДЕП ҚАУІПТЕНЕДІ
Алайда, оппозиция тарапынан жалғыз үміткер Алмазбек Атамбаев Құрманбек Бәкиевтің пікірімен келіспейді:
«Тағы да 2007 жылғыдай былық қайталанып жатса, онда бәрі де болуы мүмкін. Халық ашынған, онымен ойнауға болмайды!» - дейді ол.
Өзінің қарсыласына қарағанда Алмазбек Атамбаев № 5 кәсіби техникалық училищеде орналасқан сайлау учаскесіне көңіл-күйсіз келді.
Кейіннен белгілі болғандай, көңіл-күйінің болмауы оның отбасының мүшесіне қатысты жуырда орын алған жайсыз оқиғаға байланысты екен.
Қырғызстан президентінің сайлауына оппозициядан түскен ортақ кандидат Алмазбек Атамбаевтың дауыс беріп жатқан сәті. Бішкек, 23 шілде 2009 жыл.
«Менің кіші қызыма күш қолданамыз деп қорқытқан. Сол себепті ол анасымен бірге шекара асып кетуге мәжбүр болды. Мен оларды шетелге аттандырдым. 2002 жылы, Асқар Ақаевтың режимі кезінде менің үлкен қызымды өлтіруге әрекет жасалған еді. Ендігі жерде ондай жайсыздықтарға жол бере алмаймын. Қызым өлгенше, мен өлейін. Сол жағдайдың қайталанғанын қаламадым», – деді бұрынғы премьер.Дей тұрғанмен, Алмазбек Атамбаевтың айтуынша, әлгіндей жағдай оған күш беріп, президент сайлауында жеңіп шығуға деген ынтасын арттырған.