Осыдан 4 жыл бұрын үкіметтегі сыбайласқан жемқорлыққа нүкте қойылады, әулеттік саясат аяқталады, барлық азаматтардың дауыстары естіліп, олардың пікірлері ескеріледі және тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары пайда болады деген армандар айтылған - тұғын.
Президент Асқар Ақаевты биліктен құлатқан Қырғызстанның “қызғалдақ төңкерісінен” кейін 4 жыл өтсе де, қырғыз халқы бұқаралық ақпарат құралдарына қысым жасалып жатқандығына және саяси оппозиция өкілдерінің тұтқындалуына куә болып отыр. Сонымен қатар, таяу арада президентке қарсы наразылық шаралары ұйымдастырылады деп жоспарлануда.
Сол төңкерістен кейін президент болып сайланған Құрманбек Бәкиевке қатысты сыни пікірлер айтылып жатыр. Оппозициялық Асаба партиясының жетекшісі Роза Отунбаеваның айтуынша, төңкерістің төрт жылдығын бүгін жеңіс емес, жеңіліс деп атау керек.
“Бұл күн қырғыздардың тарихында қалады. Бірақ біз төңкерісіміз бен жеңісімізден айырылдық. Біз бір әулеттің орнына екінші әулеттің келгеніне куә болдық. Бұл күнді мереке ретінде тойлауымыз керек пе деген мәселені парламентте талқылаған кезімізде мен төңкерістің әлі жалғасып жатқандығын айттым. 2005 жылы бізді қамауға алғысы келгендер әлі де болса, Бәкиевтің айналасында жүр. Бірақ төңкерісті жүзеге асырғандар көшеде қалды. Сондықтан олардың көңілі қалып отыр”, - деді Отунбаева.
Экономикалық жағдайы нашар Қырғызстанда шілде айында кезектен тыс президент сайлауы болады деп аяқастынан жарияланды.
“Қызғалдақ төңкерісінен” кейін елдің бағыты күрделі болғанына қазір ешкім күмәнданбайды. Кедей ел деп есептелетін Қырғызстанның билігінде кімнің болуына қарамастан, елдің экономикалық дамуына мүмкіндіктер шектеулі, себебі бұл мемлекет экпортқа көп тауарларды шығармайды. Бұған қоса, ғаламдық қаржы дағдарысының әсері де бар.
Бірақ президент Бәкиевтің билігі кезінде Қырғызстан демократиялық реформалардан және “қызғалдақ төңкерісіндегі” уәделерден алшақтаған сияқты.
Бәкиевтің президенттігінің алғашқы 18 айында наразылық шаралары жиі болып тұратын. Қырғызстанда “Бәкиев кетсін! Бәкиев кетуі тиіс!” деген үндеулер жиі айтылатын.
Оларға Бәкиевтің ашу-ызасы келетін.
“Егер біреулер шерулер мен тағы басқа шаралар арқылы бір жылдан кем уақыт жұмыс істеген президентті сілку өте оңай деп ойласа, олар қателеседі”,- деп жауап қайтаратын Бәкиев.
Бәкиевті қолдаған оппозиция төңкерістен кейін жікке бөлініп, президентке қарсы шықты.
Парламентте биліктен кетірілген президент Ақаевтың бірқатар қолдаушылары депутат болып қала берді. Олар кейін Бәкиевтің қарсыластарына айналды. Тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары Бәкиев пен оның үкіметін мадақтаудан, оны сынауға көшті. Бәкиевті қолдайтын одақтастарының саны азая бастады.
2007 жылдың қараша айында Қырғызстан астанасында жиналған халық конституциялық өзгерістерді талап етті. Содан кейін Бәкиев тез арада әзірленген жаңа Конституцияға қол қойды. Оған сәйкес, президенттің билігі азайтылды.
Алайда 2007 жылдың желтоқсан айында парламент әлгі конституциялық өзгерістерді жоққа шығаратын заңды мақұлдады. Парламенттің бұл қадамы алдында премьер-министр Феликс Кулов пен оның үкіметі отставкаға кетті. Содан бері үш премьер-министр ауысты.
Қырғызстанның бұқаралық ақпарат құралдары Бәкиев уәде бергендей ешқашан толық тәуелсіз болған емес. Қазір бұл елде тәуелсіз журналистерге жұмыс істеу өте қиын деп айтылады. Журналистерге шабуылдар көбейді, осы айдың басында бір журналист пышақталды.
Ал 2007 жылы Алишер Саипов деген этникалық өзбек журналисі елдің оңтүстігіндегі Ош қаласында оққа ұшты. Шетел журналистері лицензияларын жаңарту үшін бірқатар шектеулерге тап болуда.
Жемқорлық мәселесі де шешілмеді. Бәкиевтің туыстары мемлекеттік қызметтерде отыр, кейбіреулерінің бизнестері қарқын дамып жатыр.
Сонымен Қырғызстан төңкерістің төртжылдығын атап өтуде, ал президент сайлауына 4 ай қалды. Елде сайлауалды науқаны басталып кетті. Бірқатар оппозициялық тұлғаларға қатысты қылмыстық істер ашылды. Оппозиция енді елде жаппай наразылық шараларын ұйымдастырамыз деп отыр.