Тамыздың 7-сі күні Алматыда «Әблязовты қайтарайық» атты коалицияға біріккен ондаған үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) қуғындағы олигарх әрі оппозициялық тұлға Мұхтар Әблязовты Қазақстанға қайтаруды сұрап, Францияның Қазақстандағы елшісі Жан Шарль Бертонэге ашық хат жолдады.
Хат иелері Мұхтар Әблязовты «мораль қағидаларын белшесінен басып, ағылшын соты мен бүкіл әлемдік қауымдастыққа ашық түрде өтірік айтқан» адам деп сипаттайды.
«АЛСА – ҚАЙТАРСЫН, КІНӘСІЗ БОЛСА – ДӘЛЕЛДЕСІН»
«Әблязовты қайтарайық» коалициясының мүшелері кейбір азаматтық белсенділердің Мұхтар Әблязовты Қазақстанға депортацияламау туралы әрекеттеріне наразы болғандарын айтты.
– Қоғамда Мұхтар Әблязовты айыптайтындар бар екенін, тіпті оны батыр етіп көрсеткісі келетіндерге қарсы екенімізді білдіргіміз келеді. Оны Украинаға емес, Ресейге емес – Қазақстанға бергенін қалаймыз, – деді «Азаматтық альянс» бірлестігінің жетекшісі Сәуле Толғанбаева.
Ауған соғысы ардагерлерінің Алматы қалалық одағының төрағасы Марат Әбдішүкіровтің сөзінше «адам алған затын қайтаруы керек, егер адал атын қайтарамын десе – кінәсіздігін өз елінде дәлелдеуі керек».
Ол журналистердің «Қазақстанда Мұхтар Әблязовқа әділ сот бола ма?» деген сұрағына:
– Біз өзімізде бар соттың шешімімен өмір сүреміз. Оның үстіне Әблязов мырзаның өзге елден адвокат жалдауға жағдайы бар, – деп жауап берді.
Журналистер «экономикалық қылмыс жасады» деген айыппен шетелде Әблязовтан өзге бірқатар қазақстандық азаматтар жүргенін, Интерполдың 50-ге жуық қазақстандыққа іздеу жариялағаннын айта келе: «Неге тек Әблязовқа қатысты мәлімдеме жасадыңыздар?» деп сұрады.
– Өз елінен қаржы жымқырған кез келген адам есеп беруі керек. Менің білуімше, ағайынды Рысқалиевтер мен басқаларына қатысты қазір тергеу жүріп жатыр. Егер олар ұсталып не жауапкершіліктен қашатын болса, біз оларға қатысты да мәлімдеме жасаймыз, – деді Марат Әбдішүкіров.
«МӘСЕЛЕ КІМНІҢ НЕ ІСТЕГЕНІНДЕ ЕМЕС...»
Дәл осы күні Алматыда өзге бір топ Польша консулдығы алдына жиналып, Варшавадан Мұхтар Әблязовтың серігі, оппозиция өкілі Мұратбек Кетебаевқа саяси баспана беруді, оны Қазақстанға қайтармауды сұрады.
Азаттық тілшісімен сөйлескен Мұратбек Кетебаев өзін қолдаған белсенділерге алғыс білдірді, ал «Әблязовты қайтарайық» коалициясының мәлімдемесін сынады.
– Біріншіден, біздің мемлекет пен Ақорда аз да болса қазіргі заманғы әдісті қолданып жатыр. Өйткені олардың осыған дейін жасағандары Сталин, Брежнев заманынан еш айырмашылығы жоқ советтік формат болатын. Сондықтан Ақорданың үкіметтік емес ұйымдарды ойлап тауып, іске қосқаны – қуантарлық. Екіншіден, бұрын-соңды белсенділік танытпаған аталған ұйым жетекшілері енді Мұхтар Әблязов туралы көп білетін болады, – деді Мұратбек Кетебаев.
Ол өзін және шетелде өзі сияқты іздеуде жүрген басқа азаматтарды Қазақстанға қайтаруға болмайтынын айтады.
– Мұхтар Әблязов, Рахат Әлиев, Әкежан Қажыгелдин және мен секілді азаматтарды Қазақстанға беруге болмайды. Оның себебі – біздің жаман адам екеніміз немесе қылмыс жасағанымыз үшін емес, Қазақстанды Назарбаев басқарып отырғаны үшін. Бұл жерде мәселе – кімнің не істегенінде емес, кімнің қолына беруде, – дейді ол.
«АҚПАРАТТЫҚ СОҒЫСТЫҢ БІР ДӘЛЕЛІ»
Саясаттанушы Талғат Мамырайымов соңғы бірнеше жылда Мұхтар Әблязов төңірегінде ақпараттық соғыс жалғасып келе жатқанын айтып, «Әблязовты қайтарайық» атты «коалицияның құрылуы – соның кезекті дәлелі» дейді.
– Ақпараттық кеңістіктен байқасаңыз, бұл «соғыс» бірнеше жылдан бері жүріп жатыр. Соңғы кездері әжептәуір танымал адамдар да атсалыса бастады. Мәселен, әлеуметтік желіде өздерін «объективті ойшылдармыз» деп көрсететін кейбір белгілі тұлғалар Мұхтар Әблязовқа қатысты «қара пиарға» татитын ақпараттар беріп жүр, – дейді сарапшы.
Оның ойынша, «Әблязовты күштеп депортациялауға арналған кампанияның әрекеттері халықаралық құқыққа қайшы».
2005-2009 жылдары «БТА банк» директорлар кеңесінің төрағасы болған Мұхтар Әблязов 2009 жылы банк мемлекет меншігіне өткен соң шетелге шығып кетіп, Лондонға қоныстанған. Ұлыбритания оған 2011 жылы саяси баспана берген еді.
Қазақстан үкіметі Әблязовты 5 миллиардқа жуық АҚШ долларын жымқырды деп айыптап, ұлыбританиялық сотқа жүгінген.
Мұхтар Әблязов өзіне қатысты қозғалған істердің саяси астары бар деп санайды. Бұрынғы банкир Әблязов Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты сынаушылардың бірі ретінде танылды.
2013 жылы 31 шілдеде Мұхтар Әблязовты Францияның Муан-Сарту қаласында осы елдің қауіпсіздік күштері ұстады.
Франция прокуратурасы Мұхтар Әблязовты ұстау туралы өтінішті Украина бергенін айтты. Әзірге оны Францияның қай елге депортациялайтыны туралы ақпарат жоқ.
Қазақстан бас прокуратурасы 6 тамызда Франциядан Әблязовты экстрадициялауды сұрағанын хабарлады.