Грузия мен Оңтүстік Осетия арасындағы Ресей әскерінің араласуымен жүрген қақтығыс тоқтағанымен, Грузияның жер тұтастығына қатысты дау әлі өршіп тұр. АҚШ президенті Джордж Буш Оңтүстік Осетия мен Абхазия Грузияның құрамдас бөлшегі екендігін, бұл ретте «ешқандай пікірталастың болуы мүмкін еместігін» қадап айтса, Ресей президенті Дмитрий Медведев сол елдердің мәртебесін тек оның тұрғындары анықтайтындығын жариялаған. Ал Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров тіпті «Грузияның территориялық тұтастығы туралы әңгімені» ұмытуға шақырған.
Сонымен, егер Кавказдағы осы шағын мемлекеттің дауы басқа үшінші тараптардың араласуымен шешімін таппаса, оның соңы үлкен әлемдік апатқа ұласу қаупі бар екендігіне сенатор, философ Ғарифолла Есім алаңдаулы:
- Бұл мәселенің шешімін іздеу мақсатында БҰҰ-нда ең жоғарғы деңгейде жаңа келіссөздер жүргізілуі керек. Әйтпесе, ядролық қаруы бар екі үлкен мемлекет – АҚШ пен Ресейдің пікірлері осы мәселеде қарама-қайшы. Осы мәселе бойынша олардың арасында салқындық пайда болды. Егер басқа үшінші күш болмаса, ол жердегі өрт өшпейді.
Ол Оңтүстік Осетия мен Абхазия дауы Кавказда сепаратистік күштердің жандануына, Карабах пен Шешенстандағы жағдайдың қайта ширығуына, Ресейдегі басқа ұлттардың бас көтеруіне түрткі болу мүмкіндігін еске салады.

Қалай болғанда да, дүйсенбі күні Ресей өз әскерін Грузия ауқымынан шығара бастауы тиіс. Бұл туралы Ресей президенті Дмитрий Медведев Франция президенті Николя Саркозимен телефон арқылы сөйлескен кезінде хабарлаған. Ресей әскерінің Грузиядан шығарылуын АҚШ басшылығы да талап еткен. АҚШ президенті Джордж Буш Ресейдің Грузия мен Оңтүстік Осетия қақтығысын реттеу бойынша жоспарға қол қоюын «үміттендіретін қадам» деп бағалаған.
Грузиямен болған жағдай Ресейдің басқа ТМД елдерімен қалай жұмыс істейтіндігін әшкереледі. Қазақстан сыртқы және әскери доктриналарын қайта қарауы керек...
Алайда, қазақстандық сарапшылар бұған сенімсіздікпен қарайды. Мысалы, бұрынғы дипломат Балташ Тұрсымбаев бұл жанжалдың салдарынан қан төгілгендіктен, тартыстың әлі ұзаққа созылатындығына сенімді:
- Әрине, кіп-кішкентай Абхазия мен Оңтүстік Осетия – Грузия ғой?! Бірақ Грузия басшылығы дипломатиялық жолдармен немесе тағы басқа жұмыстар жасап, оларға автономия беріп, өз халқының арасына енгізіп алса – бір мәселе. Ал оларды күштеп Грузияға тарту – басқа жол! Мұндайда Ресей де үндемей отырмайды ғой?!
Ресей әскері Грузиядан толық шығарылған күннің өзінде мәселе түгесілмейтіндігін саясаттанушы, Қазақстандағы Еуропа клубының үйлестірушісі Айдос Сарымов та болжайды. Ол тіпті Оңтүстік Осетия жанжалына Ресейдің қалайша араласып отырғандығы басқа елдерді ойландыруы қажет деп есептейді:
- Мысалы, алдағы бір жылда Ресей мен АҚШ-тың арасы жақсарады деп күтудің өзі қателік болар еді. Соған қарамастан, Ресей Оңтүстік Осетия мен Абхазияны мойындатуға тырысып, Грузия басшылығын алып тастауды діттейді. Грузиямен болған жағдай Ресейдің басқа ТМД елдерімен қалай жұмыс істейтіндігін әшкереледі. Сондықтан, бұл бәрімізге сабақ болуы шарт. Осы тұрғыдан Қазақстан сыртқы және әскери доктриналарын қайта қарауы керек. Қазақстандағы ресей әскерлері және оның мәртебесі, рөлі туралы қоғамда бір үлкен пікірталас қажет.
Оңтүстік Осетия қақтығысын реттеу жоспарына сенбі күні Грузиядан кейін Ресей президенті Дмиртий Медведев те қол қойған. Онда күш көрсетуден бас тарту, барлық әскери әркеттерді толық тоқтату, еркін көмек көрсетуді қамтамасыз ету керектігі айтылған. Сонымен бірге грузин және ресейлік әскердің қақтығысқа дейінгі өз орындарына қайтып оралуы қажеттігі көрсетілген.
Дегенмен, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров "Ресей әскерінің бітімгершіл топ бағытында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қосымша шараларды жүзеге асырғаннан кейін" кететіндігін мәлімдеген. Ресей министрі өз әскерінің Грузиядан шығарылуының нақты мерзімі белгісіз, "бұл іс қанша талап етілсе, соншаға созылатындығын" айтқан.