БАҒА ЖАРТЫ ЕСЕГЕ ӨСТІ
Кеден одағы деген не? Бірнеше жыл бойы Қазақстан, Ресей және Беларусь үкіметтері бірыңғай кедендік аймақ мәселесін талқылап келді. Осы жылдың басынан бері Қазақстан Кеден одағына ресми түрде қосылды. Бірыңғай кеден кодексі төңірегіндегі келіссөздер аяқталуға жақын.
Биылғы жылғы шілденің 1-нен бастап ол кодекс күшіне енеді, ал, тағы тура біл жылдан соң Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттерінің аумағында кеден бекеттері болмайды. Тауарға салынатын бірыңғай кедендік баж алымы осы аталған елдердің сыртқы шекараларында алынатын болады.
Бірыңғай кедендік аймақтың салқынын ең әуелі сырт елдерден тауар тасымалдаушылар сезінді. Енді Қытайдан арзан тауар әкелу қымбатқа түсетін шаруаға айналды. Кедендік баж алымы бірнеше есеге өсті.
Базар саудагерлері кәсіподағының төрайымы шымкенттік Елена Леонидова кәсіпкерлердің көпшілігі осы уақытқа дейін айналысып келген шағын бизнестерін тастауға мәжбүр болып отырғанын айтады. Онсыз да сұраныс төмендеп тұрған дағдарыс уақытында тауарды өткізу
Кімнің қандай кедендік салық жинайтыны әлі күнге белгісіз.
- Қазір біз Қырғызстанмен екі арадағы шекарада бұрынғыдай екі сағат емес, енді бір тәулік тұратын болдық. Жатқан былық. Кімнің қандай кедендік салық жинайтыны әлі күнге белгісіз, - дейді Елена Леонидова.
НАРЫҚТЫ ЗАҢДАСТЫРУДЫҢ ЕКІНШІ ЖАҒЫ
Бірыңғай кеден кодексінің күшіне енген соң тауар тасымалдап әкелетін кәсіпкерлер тағы бір жеңілдіктен айрылады. Бұрын жеке кәсіпкерлер Қазақстанға әкелетін тауарларын кеденнен өткізгенде оңайлатылған әдіс бойынша рәсімдейтін. Кәсіпкердің тауарына қосылған құн салығы салынбайтын, ол әкеле жатқан затына онша көп емес мөлшерде кедендік баж салығын төлеп, тауарды тұтынушыларға жеткізетін.
Ал енді шілденің 1-нен бастап Қазақстан бойынша ондай жеңілдік жасалмайтын болады. Бұдан былай кеденнен тауар алып өту үшін кәсіпкер фирмасын тіркеп, барлық салықтарды толық көлемде төлеуге міндетті болады. Бұл нарықты заңдастыру үшін жасалып жатқан өзгеріс деп айтылып отыр.
Қазақстан кедендік делдалдар ассоциациясы кеңесінің төрағасы Геннадий Шестаков орасан зор қаражаттан құралақан болып отырған
Біздегідей тауарды тасып әкелетін саудагерлерге қатысты қалыптастып отырған жағдайды олар түсінбейді де, түсінгісі де келмейді. Олар бұндағы заңды нарықтан айрылғысы келмейді.
- Адамдарды салық және кеден заңдары бойынша заңдастырып тіркеуге алатын болады. Кеден одағында жеңілдетілген рәсімдеу тәртібі деген жоқ және ондай болмайды да. Ресейде де мұндай тәртіп жоқ. Біздегідей тауарды тасып әкелетін саудагерлерге қатысты қалыптастып отырған жағдайды олар түсінбейді де, түсінгісі де келмейді. Олар бұндағы заңды нарықтан айрылғысы келмейді. Осындай мол ақшадан қағылудың бір мысалы ретінде Мәскеудегі Черкизов базарын айтуға болады. Тексеру нәтижесінде ондағы тауарлардың көбісі контрабандалық немесе контрафакталық жолмен келгені анықталды, - дейді сарапшы.
БАҒА ӘЛДЕ ДЕ ӨСЕ БЕРЕДІ
Кедендік одаққа қатысты жаңа өзгерістер қарапайым тұтынушыларға да соққы болып тиеді деп санайды Алматы кәсіпкерлері ассоциациясының президенті Виктор Ямбаев.
- Азық-түлік өнімдері мен халық тұтынатын тауарлар қымбаттайды. Бұрын пайдаланылған шетелдік аутокөліктерді Қазақстанға сатуға әкелетіндер де өз нәпақасынан қағылады. Бес жылдан артық пайдаланылған аутокөліктің кедендік баж алымдары қазірдің өзінде-ақ 40 есеге жуық өсті. Ал жаңа көліктерге 10-20 есеге көтерілді, - дейді Виктор Ямбаев.
Оның айтуынша, осы жағдайдың салдарынан тұрғындардың аутомашина сатып алу мүмкіндігі шектеледі, ал Ресейдің бәсекеге қабілетсіз аутокөліктеріне артықшылық жасалады.
- Қазақстан Беларустің тракторларын, ал Ресей өнеркәсібінің КамАЗ аутокөліктері мен басқа да қоқыр-соқырын алатын болады, - деп санайды Виктор Ямбаев.
Жаңа кедендік кодексті 1990 жылдарға қарай кері шегіну деп бағалаған мамандар, бұл кодекс ірі қаржылық топтарға тиімді болады деген пікірге келіп отыр. Олар үшін нарықтағы бәсеке жеңілдеп, көздеген мүдделеріне жетуге жаңа мүмкіндіктер ашылмақ.