Бүгін Ұланбатыр қаласында Президент Назарбаев Моңғолияның басшысы Нанбарын Энхбоярмен жүргізілген келіссөздер кезінде, "дипломатиялық байланыс жолға қойылған 16 жылдың ішінде екі елдің арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени салалардағы ынтымақтастық өте сындарлы дамып отыр. Қазақстан тарапы осы байланыстарды одан әрі дамытуға мүдделі», - деп мәлімдеді.
Десек те, Қазақстан президентінің Моңғолияны сапарлайтыны белгілі болғаннан кейін, арада көп уақыт өтпей жатып, ресейлік сайттарда, «президент Назарбаевтың бұл қадамын кездейсоқтық деп айтуға болмайтын шығар. Жақында Моңғолия астанасында халық көтеріліске шығып, мемлекетте түрлі-түсті төңкерістің болуына аз қалып еді. Осы жағдайдан соң, Назарбаев ресейлік дипломатия жасауы тиіс міндеттерді атқаруға бел буды»- деген пікірлер айтылып қалды.
Естеріңізде болса, 1-ші шілдеде Моңғолияның бірнеше партиясы парламент сайлауының нәтижелеріне көңілі толмай, Ұланбатыр қаласында көтеріліс жасаған болатын. Осы оқиғадан соң кейбір шетелдік ақпарат құралдары "төтенше жағдай орнатылған соң, ондағы ахуал бір қалыпқа түскенімен, мемлекет ішкі саяси дағдарысты басынан кешіп отыр" деп жазған.
Сондай-ақ бірқатар ресейлік ақпарат құралдарында Назарбаевтың Моңғолияға сапары туралы мынандай түйін жасалған:
Сондай-ақ бірқатар ресейлік ақпарат құралдарында Назарбаевтың Моңғолияға сапары туралы мынандай түйін жасалған:
«Моңғолиядағы саяси дағдарыс әр қашан көрегендігімен, өзінің саяси данагөйлігімен ерекшеленетін Қазақстанды бей-жай қалдыра алмайды. Әндіжан мен Қырғызстандағы оқиғалар бүкіл Орталық Азия мемлекеттерінің мазасын қашырған болатын. Ал ресми Астана үшін осы сияқты саяси дағдарыстың Шығысқа қарай терең бойлауы әсте керек емес. Сондықтан да, Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік ықпалдың вакуумын толтыру үшін Моңғолияға атанды».
Ал Еуразиялық саяси зерттеу орталығының директоры Рүстем Лебеков РБК daili-ге берген сұхбатында, «Моңғолия Қытай мен Ресей сияқты өте ықпалды ойыншылардың ортасында тұрғандықтан, бұл мемлекеттің ішкі саясатындағы дағдарысты үлкен деп айтуға болмайды. Қазіргі уақытта ол жақтағы ішкі жағдайды бақылауда ұстап тұруға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, Моңғолияда дәл Қырғызстан мен Украинадағыдай төңкеріс болады деп ойламаймын. Дегенмен, алдағы уақытта қандай өзгерістердің болатындығы туралы тап басып айту қиын.
Ал Назарбаев өз тарапынан Моңғолияның түрлі-түсті революциясының дертіне шалдықпасы үшін қолынан келгенін аямайды. Осы сапарда бұл мәселе жөнінде әңгіме қозғалатын шығар. Мысалға айтар болсақ, сеператизм тенденциясынан азап шегіп отырған мемлекет, еш уақытта басқа мемлекеттегі сеператизмге қолдау көрсетпейді»- деп айтқан.
Назарбаевтың Моңғолияға сапар жасауына байланысты қазақстандық сарапшылардың пікірін сұраған едік.
Берік Әбдіғалиев, саясаттанушы:
- Назарбаевтың Моңғолияға сапарының 1-ші шілде күні Ұланбатыр қаласында болған саяси оқиғаға ешқандай қатысы жоқ. Ресей тарапынан ол елдегі белгілі бір саяси күшке қолдау көрсету арқылы қателіктер жіберілген шығар. Мен мұны жоққа шығармаймын.
Қазір байқасаңыздар, Моңғолия жан-жақты дамып келе жатыр. Бұл мемлекетте жер асты қазба байлықтары да аз емес. Егер де солардың бірін Қазақстан мен бірігіп игеретін болса, біздің мемлекеттің қай жағынан болса да ұтатыны айтпаса да белгілі. Ресейдің сайттарында жарияланған небір алып-қашпа әңгімелерді мен де оқып шықтым. Солардың ішінде шындыққа сәйкесетіні өте аз. Сол себепті, Назарбаев Моңғолияның ішкі саяси мәселелерін шешуге сапар шекті деген пікірлерге мүлдеп қосылмаймын.
Ал Қазақстанның бұл мемлекетке қарағанда табиғи байлықты игеруде тәжірибесі мол. Назарбаевтың Ұланбатырға табан тіреуінің астарында осы салада белгілі бір келісім-шартқа қол жеткізу мақсаты жатыр деп түсіну керек.
Досым Сәтпаев, саясаттанушы:
- Назарбаевтың Моңғолияға сапары ондағы ішкі жағдайға оң ықпал ету үшін жасалуда деп айтылған пікірлердің барлығы мен үшін ойдан құралғандай. Сонымен қатар, ресейлік сарапшылар да Моңғолияда билік түрлі-түсті төңкеріс арқылы ауысатын болса, оның Орталық Азиядағы тұрақтылыққа кері әсері болатындығы туралы аз айтқан жоқ. Мен осы мәселеге байланысты өзімнің көзқарасымды басқаша жеткізгім келеді.
Моңғолия мен Қазақстан Орталық Азиядағы көрші мемлекеттер ретінде саналғанымен, Астана үшін Ұланбатыр стратегиялық әріптес емес. Солай бола тұрса да, ол мемлекетте қазақ диаспорасының саны аз емес. Бұл да өз кезегінде өте маңызды.
Президент Назарбаевтың Моңғолияға жасаған сапарының бағдарламасына қарайтын болсаңыз, қазақстандық және моңғолиялық бизнес форумның өткізілетіні жазылған. Сондықтан да, бұл сапарды саясаттан гөрі, экономикалық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған деп бағалау керек.
Моңғолияда табиғи байлық өте көп. Қазірдің өзінде ол жақтағы ресейлік, қытайлық және жапондық компаниялардың арасында үлкен бәсеке жүріп жатыр. Егер де Қазақстан Моңғолиядан өз бизнесін қалыптастыратын болса, белгілі мөлшерде бұл да біздің мемлекет үшін пайданың көзіне айналар еді.