Ауғанстанның солтүстік-шығыс ауданының тұрғындары кедейлік пен жұмыссыздықтан қиналып отыр. Жұрт амалсыздан есірткі сатады. Азаттық тілшілері Фруд Бежан мен Дайан Ахмади баяндайды.
Бұл аймақтың тұрғындары жанкешті әрекетке баруға мәжбүр. Ауғанстанның солтүстік-шығыс ауданында адал кәсіппен күн көрудің жолы аз.
Тахар ауданындағы Калафган елді мекенінің тұрғындары есірткі тасушы қызметін атқарады. Курьер міндетін орындайтын жергілікті тұрғындар контрабалық жолмен оны көрші Тәжікстан мен Иранға апарады. Олар үлкен қатерге бас тігеді, кейде сол үшін түрмеге түсіп, опат болып жатады.
«КАРЗАЙ ШАРА ҚОЛДАНСЫН!»
Есірткі тасығаны үшін жақында Калафганның 10 тұрғыны Иранда дарға асылды. Тұрғындардың айтуынша, соңғы алты айда Иранда 80 адам өлім жазасына кесіліп, 400-ге жуық тұрғын ұзақ мерзімге түрмеге қамалған.
Калафганда есірткі курьерлері көп тұрады. Олар аймақтағы есірткі саудасын қыздырып отыр. Ақпанның 23-і күні әлгі 10 адамды жерлеген кезде, марқұмдардың туыстары наразылық шеуіне шықты. Олар үкіметтен тұрмысты жақсартуды, аудандағы есірткі курьерлерін тұтқындауды талап етті.
Иранда дарға асылған Калафган тұрғынының бірі Хамидулланың інісі еді. Оның айтуынша, бауыры ауған-тәжік шекарасында бірнеше жыл бойы қара жұмыс істеген. Бауыры бір күні қатты қажып, шаршағанын айтыпты. Сөйтіп жүргенде аудандағы есірткі сатушы адам оны «қызметке алған». Екі аптадан кейін Иранға аттандырған. Хамидулланың інісі Иранда шекаралық полицияның қолына түседі.
Хамидулланың айтуынша, бауыры мен басқа да тұрғындар есірткі сатушылардың ақшасы мен уәдесіне қызығып, тұзаққа түскен. Есірткі сатушылар оларға «Иранға барған соң жұмыс тауып береміз» деп уәде еткен.
- Есірткі сатушылар Тахардағы жергілікті шенеуніктерге курьер төлқұжатын алу үшін 20 мың афгани (400 АҚШ доллары шамасында) төлейді. Бір аптаның ішінде Иранға баратын курьерлердің төлқұжаты дайын болады. Құжатын алған соң олар есірткіні денесіне (ағзасына) жасырып, Иранға өтеді, - дейді ол.
Хамидулла пайда бөлісу үшін есірткі сатушыларға жағдай жасайтын жергілікті билік өкілерін айыптайды.
- Бауырымның қазасына солар кінәлі. Полиция қызметкерлері мен шенеуніктер есірткі сатушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жоғары лауазымды шенеуніктер де оларды қорғайды. Ауғанстан президенті Хамид Карзайды қатаң шара қолдануға шақырамыз, - дейді інісінен айырылған Хамидулла.
ҚОРҒАНСЫЗ ХАЛЫҚ, ДӘРМЕНСІЗ БИЛІК
Ауғанстанның солтүстік шекарасындағы Тәжікстанға жақын орналасқан Калафганның таулы өлкесі - есірткі тасымалдауға өте қолайлы аймақ.
Астанадан қашық жатқан ауданның экономикалық жағдайы да мүшкіл. Жұмыссыздық туралы статистика нақты емес, жергілікті шенеуніктер «50 пайыздан асады» дейді, бұл елдегі орташа мөлшерден 10 пайыз жоғары.
Жергілікті тұрғын Сурияның айтуынша, кедейлік пен жұмыссыздық кесірінен Калавган тұрғындары есірткі картелдерінің құрбанына айналады. Иранда дарға асылғандардың ішінде оның жұбайы да болған.
Екі сәбиін асырау үшін ол әйелінің қарсылығына қарамай қатерге бас тігіпті. Сурияның өзі - Иран азаматы. Бірақ асыраушысынан айрылған бұл үйдің қазір әр күні азаппен өтіп жатыр. Басқа тұрғындар сияқты ол да жергілікті билікті айыптайды, шенеуніктердің оларға көпе-көрінеу қолдау жасайтынын айтады.
- Жұбайым қаза тапты. Екі баламен қалдым. Ендігі күніміз не болады? Ауған үкіметі неге шара жасамайды?- дейді ол.
«Жығылған үстіне жұдырық» дегендей күйеуін жұмысқа алғандар енді Сурияны бопсалап жүр екен. Есірткі сатушылардың басшысы «күйеуің жоғалтқан есірткінің ақшасын төле немесе өтеуіне өзің есірткі тасы, әйтпесе балаларыңнан айрыласың» деп қорқытқан.
Тахар губернаторы Мұхаммед Фарид Заки «Калафганның 43 тұрғыны соңғы алты айда Иранда дарға асылғанын» айтты. Бұл - Иран тарапынан берілген ресми дерек. Бірақ Иранда өлімге кесілгендер одан да көп болуы ықтимал.
Закидың айтуынша, жергілікті билік Иранда Калафган тұрғындарының жазалануының себебін анықтауға көшкен. Ол Тахар ауданының есірткі саудасына қатысы барын мойындайды, бірақ «бұл - Тахардың ғана емес, бүкіл Ауғанстанның мәселесі» дейді.
Иранда жазаланған ауғандықтардың нақты саны белгісіз. Тегеран ауған азаматтарын жазалау себептері туралы Кабулға сирек хабарлайды.
Ауғанстан ақпарат құралдары «соңғы жылдары 2000 Ауғанстан азаматы Иран түрмесіне түссе, жүздеген адам қазір өлім жазасын күтіп отыр» дейді.
Ауғандық заңгерлердің айтуынша, олардың ісі сотта дұрыс қаралмайды. Күдіктілердің қорғаушыға беретін қаражаты мен Кабулден көмек алуға мүмкіндіктері жоқ.
(Мақаланы қазақ тіліне Динара Әлімжан аударды)