Осыған дейін де Албания АҚШ-қа тиімді шарттарға келісіп келген. Мәселен, Албания Гуантанамо түрмесінен босаған қылмыскерлерді қабылдады, АҚШ Ирак пен Ауғанстанға әскер кіргізгенде де Тиранада (Албания астанасы – ред.) азғана топ қарсылық танытқаны болмаса, негізінен Албания жәрдемдескен.
Албания бірнеше жыл бойы дамыған көрші елдердің улы қалдықтарын да сақтап келеді. Бірақ «Сирияның химиялық қаруын да Албанияға әкеп жояды» деген хабар тарағалы көпшілік наразы бола бастады.
ХАЛЫҚ НАРАЗЫЛЫҒЫ
Тиранада қарсылық басталғалы бір апта болды. Осы уақыт ішінде жүздеген шеруші қала көшелеріне екі рет шығып үлгерді.
«Химиялық қаруға жол жоқ!» деп ұрандатқан шерушілер АҚШ елшілігінің алдына барардан бұрын парламент үйінің алдына жиналды.
Шеруді ұйымдастырушы, шетелдің улы қалдықтарын елге әкелуге қарсы күресетін альянстың басшысы Сазан Гури:
- Албаниялықтар АҚШ-пен достық қарым-қатынасты қолдайды. Бұл АҚШ-қа қарсы шеру емес. Шеру мақсаты – Албания «қоқыс жәшігі емес» дегенді ұқтыру. Біз АҚШ-қа емес, әкелінетін қару-жараққа қарсымыз. АҚШ халқы да, үкіметі де - үнемі бізбен бірге тізе қосып қимылдап келе жатқан «ағамыз», - дейді.
Бұған дейін де Албания көршілес бай елдердің зиянды қалдықтарын өз аумағында сақтауға келіскен. Биыл қазанда сайланған премьер-министр Эди Рама қызметіне кіріскеннен бірнеше апта өткенде Албанияға зиянды қалдықтарды кіргізуге тыйым салды.
Бұл тыйымды қоршаған ортаны қорғаумен айналыстан екі ұйым қолдады. Осы айдың басында Албания парламенті кейбір залалсыз қалдықтарды ғана елге кіргізуге рұқсат беретін заң жобасын қабылдады.
Тиранадағы Балқан елдерін зерттеу орталығының қызметкері Бесар Ликметаның айтуынша, «Сирияның химиялық қаруын жою үшін оны Албанияға әкелуге қоғамның барлық таптары қарсы».
- Халық қауіпсіздік үшін алаңдайды. Үкіметтің бұл туралы таратқан ақпараты аз болып тұр. Албания АҚШ-ты қолдайтын ел болғандықтан жұрт арасында «АҚШ не айтса, үкімет соны орындайды» деген көзқарас қалыптасқан, - дейді ол.
Ликмета «Албанияның бұдан бұрын Гуантанамо түрмесінен шыққан 11 адамды, Иран үкіметіне оппозиция саналатын Mujahedin-e Khalq партиясының 210 мүшесін қабылдағанын, АҚШ Ауғанстан мен Иракқа соғыс ашқанда да Албания қолдау көрсеткенін» айтты.
Химиялық қаруға тыйым салу (ХҚТҰ) ұйымы қазан айында «Сирияның химиялық қару жасайтын құрал-жабдықтарын қарашаның 1-іне дейін жоюды» хабарлады. Бұл - БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің «Сириядағы химиялық қаруды 2014 жылдың ортасына дейін жою» туралы қарарынан кейін қолға алынған тұңғыш әрекет. Бірақ қаруды жоюдың толық жоспары әлі жасалмаған.
АҚШ «химиялық қаруды Албания аумағында жоюды ұсынды» деген ақпарат тараған соң, бұл елдің премьер-министрі Эди Рама мәселені осы аптада АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керримен бірге талқылады.
Раманың айтуынша, «әлі нақты ештеңе шешілмеген». Бірақ бұл мәселені қарашаның 15-інен кешіктірмей бір жағына шығару керек. Себебі Сириядағы химиялық қарудың жойылуын бақылайтын ХҚТҰ қарашаның екінші жартысында Сирия қаруын жою жоспарын талқылайды. АҚШ-тың Албаниядағы елшісі бұл мәселеге орай мәлімет беруден бас тартты.
Бірақ өткен аптада Тиранадағы АҚШ елшісі Александр Арвизу Албанияның Шкодер қаласына барған сапарында «НАТО-ға мүше болып отырған Албания және барлық жауапты халықаралық әріптестер Сириядағы химиялық қаруды жоюдың жолдарын табуға үлес қосуы керек» деп мәлімдеді. Арвизу сол жолы «Сириядағы химиялық қаруды жою жоспарын барынша тез әрі қауіпсіз тәсілдермен іске асыруға барлық елдер кірісуі тиіс. Әлбетте, ол топтың құрамында АҚШ пен Албания да бар» деген еді.
Албанияның химиялық қаруды жою жағынан тәжірбиесі бар. АҚШ-тың қаржылай және техникалық көмегінің арқасында Тирана 2007 жылы өзінің 16 тонна қаруын жойған.
Географиялық жағынан алғанда да Адриатика теңізінің жағасында орналасқан Албания - Сириядағы қару-жарақ қорын жеткізуге қолайлы ел. Албанияға Сириядан жүк жеткізу үшін теңіз арқылы да, әуе жолдары арқылы да үшінші елдің территориясын басып өтудің қажеті жоқ.
ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ
Бірақ жобаны жүзеге асыру кезіндегі қауіпсіздік мәселесі алаңдаушылық тудырады.
Албанияның химиялық қаруынан қалған зиянды қалдықтар әскери қоймаларында сақтаулы тұр. Ликмета таяуда сол қоймаларды өз көзімен көріп қайтты.
- Зиянды қалдықтар сақталған әскери қоймадағы 25 контейнерді күзетіп тұрған бірде-бір күзетші көрмедім. Біреу-міреу шыға ма деп айғайлап, сыртта біраз тұрдым. Ешкім жауап берген жоқ, - дейді ол.
2008 жылы Албанияның ескі қаруларын жою кезінде, әскери қоймада зеңбірек снарядтарын бұзып жатқанда жарылыс болып, 26 адам қаза тауып, 300-дей кісі жараланған.
Парламент спикері Илир Мета қарашаның 7-сі күні телеарнаға сұхбат беріп, «Сирияның химиялық қаруын жоюға Тирананың шамасы жете ме?» деген мәселе көтерді. Ол «Бізден әлдеқайда үлкен әрі дамыған елдердің өзі бұл міндетті мойындарына алмай отыр» деді.
Норвегия Сирияның химиялық қаруын өз аумағында жою ұсынысын қабылдамай тастады. Дания мен Швеция «химиялық қаруды жоюға емес, тасып беруге дайынбыз» деп мәлімдеді.
Сириядағы химиялық қаруларды жоюға қатысуы мүмкін елдердің қатарында Франция мен Бельгия аталады.
Стокгольмдегі халықаралық бейбітшілікті зерттеу институтының қару-жарақты бақылау және таратпау бағдарламасы директоры Ян Энтони:
- Қауіпсіздік мәселесін де, химиялық қаруды жою жоспарларын да Албанияның шамасына қарап талқылау керек. Егер Албания келісіп, біраз міндетті мойнына алса да, бұл олардың бұрын жасаған жұмыстары және тәжірибесімен сәйкес келуі керек. Яғни олардың осы міндетті атқара алатын тәжірибесі, керекті құрал-жабдықтары болуы керек. Егер ол жұмыс тым күрделі болса, жағдай қиын. Онда Албанияға сырттан көп көмек берілуі тиіс, - дейді.
Ал Лидс университетінің қоршаған ортаның улануын зерттейтін профессоры Аластер Хэй «Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы Албанияның шамасы келмейтін ауыр міндетті Тирананың мойнына жүктей қоймас» дейді.
Антуан Блуа мен Арбана Видишикидің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Сағынай Кәрім.