Accessibility links

Түркия билігі: Бүліктің беті қайтарылды


Түркия полициясы әскери көлікті қоршап тұр. Анкара, 16 шілде 2016 жыл.
Түркия полициясы әскери көлікті қоршап тұр. Анкара, 16 шілде 2016 жыл.

Түркияда шілденің 16-сына қараған түні мемлекеттік төңкеріспен билікті басып алуға әрекет жасалды. Жаппай қақтығыстар барысында ондаған адам қаза тапқан. Бүгін ел билігі әскерилердің бүлігі басылғаны туралы мәлімдеді.

ӘСКЕРИЛЕР БҮЛІГІ

Сенбіге қараған түні Түркия қарулы күштерінің бір бөлігі елде әскери жағдай жарияланып, коменданттық сағат тәртібі енгізілетіні және билік «бейбітшілік кеңесінің» қолына өтетіні туралы мәлімдеме жасады. Елдегі ірі қалалардың көшелеріне қарулы әскер мен соғыс техникасы енгізілді.

Стамбулда қауіпсіздік күштері Босфор бұғазы арқылы қаланың азиялық және еуропалық бөлігін жалғап тұрған екі көпірді жауып тастаған. Ататүрік әуежайы жабылып, бірнеше телеарнаның жұмысы тоқтатылған. Интернет пен мобильдік байланыс жұмысы нашарлаған.

Босфор бұғазы арқылы өтетін көпірді жауып тұрған түркиялық әскерилер. 16 шілде 2016 жыл.
Босфор бұғазы арқылы өтетін көпірді жауып тұрған түркиялық әскерилер. 16 шілде 2016 жыл.

Қарапайым жұртқа билікті нақты кімдер басып алмақ болғаны түсініксіз болып қалды. Мұның алдында елдің премьер-министрі Бинали Йылдырым қарулы күштер басшылығының бір бөлігі ресми өкіметке бағынудан бас тартқаны туралы хабарлаған. Аnadolu мемлекеттік агенттігі бас штаб басшысы Хулуси Акар мен тағы бірнеше әскери басшының кепілге алынғаны туралы ақпарат таратты.

Түркиялық жеке меншік телеарналардың бірі ел президенті Режеп Ердоғанның ұялы телефон арқылы халықты «заңды билікке» қолдау таныту үшін көшеге шығуға шақырған мәлімдемесін таратты. Ердоған елде «әскерилердің шамалы бөлігі» мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болғанын айтқан.

Анкарада жұрт көшеге Түркия туын алып шыққан. Сонымен бірге көшеге ресми билікке қарсылық білдіріп шыққандар да болған. CNNTurk телеарнасы Анкарада қарапайым тұрғындардың полицияны қоршап, әскерилерге оқ атпауға шақырып тұрғанын көрсеткен.

Әскерилер бүлігіне қарсылық білдіргендер туралы видео:

Түркиялықтар әскери бүлікке қарсылық танытты
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:57 0:00

Ердоғанның көптеген жақтастары елдегі қалаларда көшеге шығып, әскери бүлікке қарсылық білдірген. Haber Turk телеарнасы Стамбулдағы Ататүрік атындағы халықаралық әуежайда Ердоғанды қолдаушылар жаппай жиын өткізгені туралы хабарлаған.

British Airways және Lufthansa әуе компанияларының Түркияға рейстері кері қайтарылғаны немесе өзге елдердің әуежайларына бағытталғаны туралы хабарлады Reuters агенттігі.

Bloomberg Ердоғанның телеарнадан беріліп жатқан үндеуі кенеттен үзіліп қалғанын хабарлаған.

CNNTurk телеарнасы оппозициялық партия лидері Кылычдароглудың әскери төңкерістерден қажетсіз құрбандар болатынын ескертіп, Түркияда бұған дейінгі болған төңкерістерді мысалға келтірген сөзін берген. Елдің экс-премьер-министрі Абдолла Гүл әскери төңкерісті билікті ауыстыру әдісі емес деп атап, оның бейберекеттікке ұласуы мүмкін екенін айтқан. Бұдан соң телеарна жұмысы тоқтап қалған.

Босфор бұғазы арқылы өтетін көпір маңында қаза тапқан адамның денесінің жанында тұрғандар. Стамбул, 16 шілде 2016 жыл.
Босфор бұғазы арқылы өтетін көпір маңында қаза тапқан адамның денесінің жанында тұрғандар. Стамбул, 16 шілде 2016 жыл.

Reuters агенттігі парламент ғимараты маңында танкілердің оқ атқаны туралы хабарлады. Стамбул әуежайы тұсынан да атыс естілген.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі кейінірек ресми мәлімдеме жасайтынын айтқан. Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің өкілі Тengrinews.kz сайтына Түркиядағы қазақстандықтарға үйден шықпауға кеңес берілгенін, Қазақстан басшылығы Түркиядағы жағдайдан хабардар екенін мәлімдеген.

СЕНБІДЕГІ ЖАҒДАЙ

Соңғы ақпараттар бойынша, әскерилердің билікті басып алғаны туралы мәлімдемесінен кейін 16 шілдеге қараған түні Түркияда жаппай тәртіпсіздіктер мен қақтығыстар барысында ондаған адам мерт болған. Кейбір деректерде құрбандар саны 60 адам, көбі – Анкарада опат болған делінеді. Анкара мен Стамбулда өткен түні әлсін-әлсін атыс естіліп тұрды.

Сенбі күні Анкарадағы резиденциясына оңтүстіктегі теңіз жағалауынан қайтып оралған Түркия президенті Режеп Ердоған «әскерилер бүлігі басылғанын» хабарлап, оны ұйымдастырғандар «қатаң жазаланады» деп мәлімдеген.

Түркия президенті Режеп Ердоған (сол жақтан үшінші) баспасөз мәслихатында сөйлеп отыр. Стамбул әуежайы, 16 шілде 2016 жыл.
Түркия президенті Режеп Ердоған (сол жақтан үшінші) баспасөз мәслихатында сөйлеп отыр. Стамбул әуежайы, 16 шілде 2016 жыл.

Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырим «бүлікті ұйымдастырған» генералдың қаза болғаны және 800-ге жуық адамның тұтқындалғаны туралы мәлімдеген. Түркия мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, елдің ішкі істер министрі Ефқан Ала бес генерал мен 29 полковникті армия қатарынан босатуға бұйрық берген.

Қазір АҚШ-та тұрып жатқан діни тұлға – Фетхулла Гүлен мемлекеттік төңкеріс жасамақ болғандарды айыптап, осы бүлікке қатысы бар деп өзін кінәлаған Анкараның таққан айыбын үзілді-кесілді жоққа шығарған.

Стамбул мен Анкара көшелерінде бұрынғысынша әскери техника мен полиция патрулі жүргені байқалады. Жұма күні кешкісін жұмысы тоқтап қалған мемлекеттік телеарна бүгін қайтадан хабар тарата бастаған.

Бомбалаудан бүлінген Түркия парламенті туралы видео:

Бомбалаудан бүлінген Түркия парламенті
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:24 0:00

АҚШ және өзге де шет мемлекеттер «Түркияның демократиялық жолмен сайланған үкіметіне» қолдау білдіретіні туралы мәлімдеген.

Жұма күні кешкісін Түркия қарулы күштерінің бір бөлігі әскери басшылыққа бағынудан бас тартып, елде әскери жағдай жариялап, үкіметтен билікті өз қолына алатындары және елді «бейбітшілік кеңесі» басқаратыны туралы мәлімдеген.

Әскери техниканың жанынан өтіп бара жатқан адамдар оны суретке түсіріп жатыр. Стамбул, 16 шілде 2016 жыл.
Әскери техниканың жанынан өтіп бара жатқан адамдар оны суретке түсіріп жатыр. Стамбул, 16 шілде 2016 жыл.

Түркияда мемлекеттік төңкерісті нақты кімдер жасамақшы болғаны туралы әзірше ресми мәлімет жоқ.

Өткен ғасырда Түркияда өздерін зайырлы және демократиялық мемлекеттің кепіліміз деп санайтын әскерилер бірнеше рет төңкеріс жасап, билікті қолдарына алған. 1960 жылы билікті басып алған әскерилер сол кездегі премьер-министрді өлтірген. Келесі төңкеріс 1971 жылы жасалған. Ал 1980 жылғы әскери төңкеріс ең үлкен қантөгіске алып келген. Сол жолы елде жарты миллионға жуық адам тұтқындалып, 500-ден астам адам өлім жазасына кесілген.

XS
SM
MD
LG