Алматы қаласында қаңтардың 29-ы мен ақпанның 8-і аралығында 2017 жылғы қысқы Универсиада ойындары өтеді. Әлемнің 55 елінен 2000 жас спорттың 12 түрінен сынға түседі. Универсиада ойындары кезінде 3000 ерікті жұмылдырылады. Алдын-ала болжам бойынша, Универсиаданы көруге шетелден шамамен 30 мың турист келмек. Алматыдағы ойындардан әлемнің 80 еліне хабар таратылып, телеаудитория 1 миллиардқа жуық адамды қамтиды деп болжанған. 28-қысқы Универсиаданың ресми сайтындағы мәлімет бойынша, спорттық шараға 17 миллиард теңге бөлінген.
Алматы Универсиада ойындарын өткізуге толық дайын ба? Әуелде «64 мемлекеттен спортшылар келеді және бұл рекордтық көрсеткіш» деп хабарланған қатысушы саны кейін неге азайып кетті? Бөлінген қаржы қалай игеріліп жатыр? Универсиада өткізуге мемлекет бюджетінен қанша ақша жұмсалды және бұл спорттық шараның коммерциялық табысы қандай болмақ? Шетелдік қонақтармен қатар республика тұрғындары тарапынан қызығушылық қай деңгейде? Билеттердің өтімі қалай? Осы және өзге сұрақтарға AzattyqLIVE хабарына қатысқан Универсиада дирекциясы директорының орынбасары Дидар Сағадиев жауап берді.
AzattyqLIVE хабарының видеосы: