Астанада соңғы жылдары жер телімін «мемлекет қажетіне» алуға байланысты даулар шығып жүр. Тұрғындар иелігіндегі мүлкіне берілген өтемақы көлеміне наразы болса да, сот даулы істерді көбінесе қала билігінің пайдасына шешеді. Сонымен бірге қалада қоғамдық көлік жұмысы, велосипедті жалға беру жүйесі, екі жыл бойы салынып бітпеген велосипед жолына қатысты сын айтылып келеді. Қыс мезгілінде қаланы қардан тазалау – өзекті проблемаға айналатын әдеті. Әкімшілік ғимараттары, көшелер орналасқан сол жағалаудағы көшелерді қардан тұрақты тазартып отырғанымен, оң жағалауда мүлде басқаша жағдай қалыптасады.
Тұрғындар қала инфрақұрылымын жақсартуға ықпал ете ала ма? Ол үшін не істеу керек?
AzattyqLIVE тақырыпты қалалық мәслихат депутаты Мирас Шекеновпен талқылады. Орыс тілінде өткен хабардың видеосын мына сілтеме бойынша көруге болады.