Үкімет шілденің 1-інен бастап ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер аукцион арқылы жеке меншікке сатылатыны туралы хабарлады. Сонымен бірге шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жерді 25 жылға дейінгі мерзімге жалға алу құқығына ие болмақ. 2015 жылы күзде Жер кодексіне үкіметтің ұсынысы бойынша парламент енгізіп, президент бекіткен бұл өзгерістерге Қазақстан қоғамында қазір қарсылық білдіріп жатқандар да бар.
Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерлері шетелдіктерге сатылмайды деп мәлімдеді.
Азаттық ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің жеке меншікке сатылатыны туралы хабарға шаруалар арасында көзқарасы әртүрлі екені туралы жазған.
Оқыңыз: Шаруалар жерді аукционмен сатуға сақсына қарайды
Жерді жеке меншікке алу кімге пайдалы? Бұған дейінгі тәжірибе нені байқатты? Бұрын жалға алғандар жерді сатып алуға құлықты ма? Жерді шетелдіктерге ұзақ мерзімге жалға беру неліктен қарсылық туғызды?
AzattyqLIVE хабарында «Жас алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбай жер мәселесін талқылады.
Хабардың видеосын төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар.