Әзербайжанның Бельгиядағы елшісі Фуад Искендеровтің пікірінше, мамырдың басында шығарылған, құны 0,9 еуро (1,17 АҚШ доллары) марка «Гейдар Әлиевті еуропалық деңгейде еске алуға ықпал етеді».
ПОШТАНЫҢ ШАҒЫМЫ
Әзербайжан мемлекеттік телеграф агенттігінің ағылшын тіліндегі хабарламасында «Бельгия пошта бөлімі Әзербайжанның жалпыхалықтық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің 90 жылдығының құрметіне марка шығарды» деп жазылған.
Бірақ Бельгия пошта қызметінің (BPOST) өкілі Азаттық тілшісіне маркаға өздерінің ресми мөрі соғылмағанын айтты. Оның айтуынша, аталған марканы компанияның «Менің маркам» деп аталатын бөлімі шығарады. Бұл бөлім клиенттердің жеке өміріндегі оқиғаларға (туған күн, үйлену тойы, т.б.) қатысты марка шығарып береді. Марканың ерекшелігі – АҚШ, Ұлыбритания және басқа елдердегі сияқты адамдар өздерінің не туыстарының суретін BPOST-қа жіберіп, жеке мақсатта қолдану үшін шектеулі мөлшерде шығартып алады. Бельгияда он жыл бұрын қолданысқа енген бұл қызмет қазір аса танымал – жыл сайын жүз мыңдаған ұсыныс түседі.
BPOST өкілінің айтуынша, компания «Менің маркам» талабына сай болу үшін суреттерді сүзгіден өткізеді, «қоғамдық тәртіпке сай келмейтіндерді» (мысалы, суретке жалаңаш түскен адамдардың, Адольф Гитлер мен Иосиф Сталин сияқты әйгілі тирандардың бейнесін) жарияламайды. Өкілдің мәлімдеуінше, компания болашақта да қажетінше тексерулер жүргізеді.
Компания өкілі BPOST-тың әзербайжандық елшілікке хабарласып, «Әлиевтің маркасына ресми мөр соғылды» деген мәлімдеме үшін шағымданатынын айтты. Оның сөзінше, «жеке мақсатқа қолданылатын маркаға тапсырыс беретін адам оған өзі жауап береді. Әлиевтің суретін де біреу жіберген».
BPOST – Бельгиядағы мемлекетке қарайтын, ұлттық және халықаралық пошта хабарларын таситын компания және елдегі ең ірі марка эмитенті.
Брюссельдегі Әзербайжан елшілігі мен әзербайжан диаспорасының әртүрлі ұйымдары мамырдың басында бұрынғы президенттері Гейдар Әлиевтің (1923–2003) мерейтойын атап өтіп, оның құрметіне марка шығартқан.
Советтік Әзербайжанды басқарған, одан соң 1993-2003 жылдары Әзербайжан президенті болған Гейдар Әлиев – 2003 жылы билікке келген қазіргі президент Ильхам Әлиевтің әкесі.
Рикард Йозвиактың мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан.