Accessibility links

Брюссельде "жаңа конституция" мен "билік транзиті" талқыланды


"Жаңа Қазақстан" форумына қатысушылар. Брюссель, 8 сәуір 2018 жыл.
"Жаңа Қазақстан" форумына қатысушылар. Брюссель, 8 сәуір 2018 жыл.

Бельгиядағы "Жаңа Қазақстан" форумында Қазақстан делегациясы Еуропарламент депутаттарымен кездесті. Қазақстандық белсенділер жиында "Назарбаевтан кейінгі кезең" туралы сөз етті.

Брюссельде бір топ қазақстандық белсенді "Жаңа Қазақстан" атты форумға жиналды. Негізгі бөлігі сәуірдің 9-10 күні өтеді деп жоспарланған форумға Қазақстаннан 15 шақты адамнан құралған делегация келген. Олардың ішінде саясаткерлер, белсенділер мен журналистер бар. Қазақстаннан келген делегацияны сәуірдің 8-і күні Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Әкежан Қажыгелдин қарсы алып, жеке жүздесті.

Форумға келген қазақстандық саясаттанушы Айдос Сарымның айтуынша, Брюссельге Қазақстанның болашағына алаңдайтын адамдар жиналған және олар Назарбаевтан кейінгі кезеңдегі елдің жағдайын талқылап жатыр.

- Елдегі көптеген институттар жұмыс істеп жатқан жоқ. Назарбаевтан кейін Қазақстанда мемлекетті қайта құру туралы сөз болады. Партиялар мен институттар бір адамға емес, халыққа, қоғамға бағынатындай болу керек. Қоғамға фейк, хайп жаңалықтар емес, елдегі мәселелерге қатысты салмақты әрі шынайы талқылаулар қажет. Елде көп мәселе бар. Соларды шешу керек, - дейді Брюссельге келген саясаттанушы Айдос Сарым.

"Жаңа Қазақстан" форумына келген саясаттанушы Айдос Сарым. Брюссель, 9 сәуір 2018 жыл.
"Жаңа Қазақстан" форумына келген саясаттанушы Айдос Сарым. Брюссель, 9 сәуір 2018 жыл.

Сәуірдің 9-ы күні Қазақстан делегациясы Еуропарламент депутаттарымен, оның ішінде парламенттің Орталық Азия және Қазақстан бойынша тобының өкілдерімен кездесті. Белсенділермен жүздескендер арасында Еуропарламенттің Азия бірлестігінің жетекшісі Никколо Риналди, адам құқығы жөніндегі сарапшысы Каролина Фалк және Орталық Азия бойынша сарапшысы Фернандо Гарсем де лос Файос, Еуропарламент мүшесі Хейди Хаутала бар.

Айдос Сарымның айтуынша, кездесуде Қазақстан делегациясы мен Еуропа парламент депутаттары геосаяси жағдайларды, Қытайдағы қазақ диаспорасының ахуалы, Қазақстандағы азаматтық белсенділерді қудалау мәселелерін талқылаған.

- Әлемдегі қиындап кеткен геосаяси жағдайды талқыладық. Америка-Қытай, Ресей-Батыс қақтығысы бар. Осы жағдайда Қазақстан субьективті әр өз таңдауы болу керек. Қазақстан Ресей мен Батыс арасындағы тартыстың ойын картасы болмауы тиіс. Сондықтан Орталық Азия интеграциясын құру мәселесін де талқыладық, - дейді Айдос Сарым.

Оқи отырыңыз: Әкежан Қажыгелдинмен қысқа сұхбат

Брюссельге келген қазақстандық саясаткер Әміржан Қосановтың айтуынша, олар Еуропарламент депутаттарымен болашақта Қазақстанда болатын талқылаулар туралы да сөйлескен.

- "Жаңа Қазақстан" форумында елдің болашағы, транзиттік кезеңнен кейінгі Қазақстан, оның саяси бет-бейнесі қандай болады, қандай саяси институттар халықтың тағдырын шешеді, мұрагер проблемасы қалай шешіледі, парламенттің өкілеттігі қандай болады, сөз бостандығы, қандай геосаяси бағытта дамимыз, осындай мәселелерді шешу сияқты он шақты принциптер талқыланады. Осының бәрі жаңа конституцияда жазылу керек. Өкінішке орай, қазіргі конституция қатайып барады. Шектеулер, тыйымдар көбейіп бара жатыр. [Еуропарламентте] жаңа конституцияны айттық. Еуропарламент Қазақстанда үлкен талқылаулар болса, атсалысатынын айтты, - деді форумға келген қазақстандық саясаткер Әміржан Қосанов.

"Жаңа Қазақстан" форумына қатысушылар. Брюссель, 9 сәуір 2018 жыл.
"Жаңа Қазақстан" форумына қатысушылар. Брюссель, 9 сәуір 2018 жыл.

Брюссельдегі "Жаңа Қазақстан" форумы алдында Азаттық тілшісіне сұхбат берген экс премьер-министр Әкежан Қажыгелдин: "[Қазақстанның жаңа] конституциясының бір жобасын дайындаймын. Оны мен қолыма аламын. Алда конституциясының жаңа нұсқасы болады" деген.

Брюссельдегі "Жаңа Қазақстан" форумы сәуірдің 10-ы аяқталады. Жиын барысында қазақстандық делегация Брюссельде тағы бірнеше ұйыммен кездесу өткізеді.

Көре отырыңыз: Брюссельдегі белсенділер жиынын әлеуметтік желіде сынағандар болды

"Оппозиция Қазақстанда жиналса, қамап тастайды"
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:09 0:00

XS
SM
MD
LG