Accessibility links

Фактчек: "Короновирус тарағаны" жайлы хабарламалар қаншалықты рас?


WhatsApp мессенджеріндегі хабарламалар

WhatsApp мессенджеріндегі хабарламалар

Осыған дейін WhatsApp мессенджерінде Қызылордада, Жамбыл облысында және Алматы облысы, Алматы қаласында бірнеше адамға коронавирус жұққаны жайлы хабар тараған. Сондай хабарламалардың бірінде "Денсаулық сақтау министрлігі Қытайда тараған вирус Алматыда тіркелгенін айтты. Маска киіп, адамдар көп жүретін жерге бармаңыздар. Жақын уақытта адамдардың өлгені туралы хабар ала бастаймыз" деп жазылған.

Дереккөз: WhatsApp мессенджеріндегі хабарламалар
Жалған

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин 29 қаңтарда Нұр-Сұлтанда өткен брифингте Whatsapp мессенджерінде бұл ақпараттардың барлығын жоққа шығарды.

"Қызылордада бір адам қызуы көтеріліп, бас ауруымен ауруханаға түсті. Ол жуынып алып, терезесі ашық вагонда ұйықтап қалған. Ол Хайнань аралынан келгендіктен ашық боксқа жатқызылды (Хайнаньда вирус тіркелген жоқ). Қазір оның жағдайы жақсы. Қызуы жоқ. Ал Жамбыл облысы бойынша тараған ақпаратқа қатысты айтарым, ол адамға тұмау тиген. Қазір жағдайы қалыпты, қызуы орташа. Алматы облысындағы азаматтарымыздың жағдайы жақсы. Олар Панфилов аудандық ауруханасында тексерістен өтті. Қазір оларды ауруханадан шығару жағы қарастылырып жатыр" дейді Бекшин.

Желіге шолу: Коронавирус жайлы желіде тараған ақпарттар қаншалықты рас?

Коронавирус жайлы желіде тараған ақпарттар қаншалықты рас?
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:32 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG