Сарапшылардың көбі Қытайдың бұл қадамын «Егер Батыс елдері өзін тең әріптес деп танымаса, Қытай бұдан басқа да амалдарға баруы мүмкін» деп Батысты ескерткені деп есептейді. Қытайда шығатын күн панельдеріне баж салығы өткен аптада енгізілді.
Қытайдың ресми бас газеті өткен бейсенбіде «Заман өзгеріп, күштердің ара салмағы ауысқанымен, кейбір европалықтардың менсінбеушілік көзқарасы өзгерген жоқ. Қытайдың қалағаны саудадағы соғыс емес, бірақ сауда протекционизмі осындай қадамға баруға мәжбүрлейді» деп жазды.
Ұлыбританияның Financial Times газеті «Қытай АҚШ тарапынан да лайықты қарым-қатынасқа мүдделі» деп жазады. Наурыз айында Қытай коммунистік партиясының орталық комитетінің бас хатшылығына сайланған Си Цзиньпин АҚШ президенті Барак Обамамен кездесу алдында «Қытай мен АҚШ сияқты алып екі держава жаңа мазмұнды қатынастарға көшер» деп үміттенетінін мәлімдеді.
Батыста бұл сөздер Қытайдың көшбасшы держава болудан үміттенгенінің белгісі ретінде қарастырылады. Батыс диполматтарының бірі Financial Times газетіне «Пекин енді өзін АҚШ-пен тең көреді, ал өзінен кіші көп мемлекеттен жоғары көреді» дейді.
ОҢТҮСТІК АЗИЯҒА ТЕРЕЗЕ
Қытай ықпалының артуы әсіресе Азияда анық сезіліп отыр. Осыдан екі жылдай бұрын Қытай компаниялары Шри-Ланканың ең ірі қаласы Коломбо портында ірі терминал сала бастады. Бұл жұмыстар 2014 жылдың сәуіріне қарай аяқталады деп жоспарланған. Қытай терминалы Коломбо портының әлемдегі ең ірі 20 порттың біріне айналуына мүмкіндік бермек.
Британдық Economist журналы «Шри-Ланка халқы Қытай бизнесінің аралға дендей енуін әрқалай бағалайды. Порттағы жөндеу шеберханаларының бірінің иесі Қытай терминалы Коломбоның әлемдік деңгейге шығуына көмектеседі деп сенсе, енді біреулер Қытайдың көздегені – басқа, оның жасырын мақсаты бар деп қорқады» деп жазады.
Economist журналының жазуынша, Үндістан бұған үзілді-кесілді қарсы. Коломбо – Үндістан бұрыннан пайдаланып келген транзиттік порт. Алып кемелер контейнерлерді Коломбода түсіріп, жүк ары қарай қайықпен Үндістан порттарына жөнелтіледі. Үндістанға жеткізілетін жүктің 13 пайызы Коломбо арқылы өтеді. Егер жаңа терминал толық қуатымен жұмыс істей бастаса, бұл көрсеткіш 28 пайызға дейін өсуі мүмін. «Онда Үндістан шет мемлекет басқаратын терминалға тәуелді болып қалады» деп жазады Economist журналы.
Сондай-ақ Қытай Шри-Ланкада жол салып, әуежай мен тағы бір порт тұрғызып жатыр. Кейбір сарапшылардың пікірінше, Қытайдың Үндістанға қауіп төндіретін мықты порттар желісін құру жоспары бар. Алайда сарапшылардың біразының пікірі «Қытайдың көздегені – коммерциялық мақсат қана, ал жаңа порт салу – әлемдегі ең ірі экспортер және импорт көлемі жағынан екінші орын алатын ел үшін табиғи заңдылық» дегенге саяды. Жүк кемелерінің саны жөнінен Қытай әлемде бесінші орында, әлемнің ірі жүк порттарының көбі сол елде орналасқан. 2012 жылы шығарылған кемелердің 41 пайызы Қытайда жасалған.
Коломбо портындағы жаңа терминалды басқаратын қытайлық СІСТ компаниясының бас директоры Тисса Викрамасингхе Economist журналына берген сұхбатында «жаңа терминалдың мақсаты – әлемдік саудада өріс алған жаңа тенденцияларға сәйкес болу» дейді. Оның айтуынша, кедей елдердің арасындағы сауда-саттық кеңейіп, жүк тасымалдау көлемі ұлғайған сайын Азия, Еуропа және Африка құрлықтарын байланыстыратын теңіз дәліздеріне түсетін салмақ та артып келеді.
Журнал «Қытайдың ірі порт салу саясаты қытай экспансиясына қатысты күдік тудырып, тіпті дипломатиялық шиеленіске әкелуі де мүмкін» деп жазады. Алайда оптимистер Қытай инвестициясы өскен сайын әріптестер қатары да молайып, елді дипломатиялық тұрғыдан тиімді ете түседі деп үміттенеді.