Денсаулық сақтау министрлігі елдегі шынайы коронавирус ахуалын "зерттейтінін" хабарлады
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесе отырып, "елдегі шынайы коронавирус ахуалын анықтау мақсатында" зерттеу жүргізеді. Бұл ақпаратты ведомство басшысы 2 ақпанда хабарлады.
Министрліктің хабарлауынша, зерттеу барысында коронавирустың шынайы ахуалымен қатар халықтың иммунитеті, карантин енгізу мәселесі зерттеледі.
"Одан әрі қарай зерттеу нәтижесі негізінде статистикалық деректер тіркеледі" деді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
Зерттеу туралы толық ақпарат үкімет хабарламасында жазылмаған. Бірақ онда "танымал қазақстандық дәрігерлердің ұсынысын жан-жақты талдау үшін министрлік өкілдері мен сарапшылар арасында кездесу ұйымдастырылатыны" жазылған.
1185 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 3 адам қайтыс болды
Қазақстанда тағы 1 161 адамға коронавирус жұққаны ПТР тестпен дәлелденген. 24 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. Денсаулық сақтау министрлігінің 2 ақпан күнгі хабарламасында осындай мәлімет көрсетілген. Дүйсенбі күні 3 адам өлімі тіркелген. Үшеуінің де коронавирус тесті оң шыққан.
Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда наурыз айынан бері коронавирус жұқтырғандар 189 131 адамға жетті. 169 963-і жазылған. Өткен тәулікте 1195 адам айыққан. 2020 жылдың наурыз айынан бері 2 559 адам қайтыс болған.
Қазақстан билігі 2020 жылдың 1 тамызынан бері пневмонияның коронавирусқа ұқсас түріне жеке код беріп, бөлек есептеп келеді. Содан бері 47 898 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған. 570 адам қайтыс болған. 36 028 адам жазылған.
Өткен тәулікте коронавирус жұққаны тестпен дәлелденген науқастар саны бойынша ең жоғары көрсеткіш Павлодар облысында (238) тіркелді. Алматыда - 87, Нұр-Сұлтанда - 76, Шығыс Қазақстан облысында – 86, Атырау облысында – 52, Қарағанды облысында – 80, Батыс Қазақстан облысында - 55, Солтүстік Қазақстан облысында – 79, Қостанай облысында - 85, Алматы облысында - 75, Шымкент қаласында - 7, Жамбыл облысында - 8, Түркістан облысында - 19, Маңғыстау облысында - 8, Ақтөбе облысында - 3, Қызылорда облысында 8 адамнан коронавирус анықталған.
Қазір коронавирустан 27 909 адам емделіп жатыр. 11 300-інің ПТР тесті теріс шыққан (яғни, оларға клиникалық белгілері бойынша Covid/коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған). 6 028 науқас стационарда емделіп жатыр. 264 адамның жағдайы ауыр, 55 науқастың жағдайы өте ауыр. 44 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.
Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 103 млн 377 мыңнан асты. 57 млн 272 мың адам жазылған. 2 млн 236 мың науқас қайтыс болған.
1 ақпанда ПТР тесті оң шыққан 1 161 адам тіркелді
1 ақпанда Қазақстанда ПТР тесті оң шыққан 1 161 адам тіркелді. Бұл бір күнгі көрсеткішпен салыстырғанда 98 адамға аз. Павлодар облысында тағы 238 адамға коронавирус жұққаны тестпен дәлелденген.
Жалпы облыстар мен қалалардағы жағдай төмендегідей:
Нұр-Сұлтан - 22 360 (+76 адам жаңадан қосылды)
Алматы қаласында - 22 215 (+87),
Шығыс Қазақстан облысында - 20 326 (+86),
Атырау облысында - 16 144 (+52),
Қарағанды облысында - 13 953 (+80),
Павлодар облысында - 13 848 (+238),
Батыс Қазақстан облысында - 11 113 (+55),
Солтүстік Қазақстан облысында - 11 033 (+79),
Қостанай облысында - 10 394 (+85),
Ақмола облысында - 11 159 (+195),
Алматы облысында - 9 362 (+75),
Шымкент қаласында - 5 883 (+7),
Жамбыл облысында - 5 589 (+8),
Маңғыстау облысында - 4 056 (+8),
Түркістан облысында - 4 121 (+19),
Ақтөбе облысында - 3 958 (+3),
Қызылорда облысында - 3 617 (+8).
2020 жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 189 131 адамға жеткен.
- Авторы: Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ
Қазақстанда коронавиурсқа қарсы ресейлік "Спутник V" екпесін егуді басталды
ПІКІРЛЕР