Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

10:57 4.2.2021

1362 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды

Қазақстанда тағы 1 280 адамға коронавирус жұққаны ПТР тестпен дәлелденген. 82 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. Денсаулық сақтау министрлігінің 4 ақпан күнгі хабарламасында осындай мәлімет көрсетілген. Сейсенбі күні 13 адам өлімі тіркелген: 11 адам - коронавирустан, 2 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады.

Кеден бекетінде жолаушының дене қызуын өлшеп тұрған медицина қызметкері. Көрнекі сурет.
Кеден бекетінде жолаушының дене қызуын өлшеп тұрған медицина қызметкері. Көрнекі сурет.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда наурыз айынан бері коронавирус жұқтырғандар 191 639 адамға жетті. 172 209-ы жазылған. Өткен тәулікте 1 110 адам айыққан. 2020 жылдың наурыз айынан бері 2 576 адам қайтыс болған.

Қазақстан билігі 2020 жылдың 1 тамызынан бері пневмонияның коронавирусқа ұқсас түріне жеке код беріп, бөлек есептеп келеді. Содан бері 48 087 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған. 573 адам қайтыс болған. 36 482 адам жазылған..

Қазір коронавирустан 27 886 адам емделіп жатыр. 16 854-інің ПТР тесті теріс шыққан (яғни, оларға клиникалық белгілері бойынша Covid/коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған). 5 799 науқас стационарда емделіп жатыр. 259 адамның жағдайы ауыр, 57 науқастың жағдайы өте ауыр. 53 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 104 млн 340 мыңнан асты. 57 млн 939 мың адам жазылған. 2 млн 265 мың науқас қайтыс болған.

07:12 4.2.2021

3 ақпанда ПТР тесті оң шыққан 1 280 адам тіркелді

3 ақпанда Қазақстанда ПТР тесті оң шыққан 1 280 адам тіркелді. Павлодар облысында (230) көп науқас анықталған.

Жалпы облыстар мен қалалардағы жағдай төмендегідей:

Нұр-Сұлтан - 22 643 (+153 адам жаңадан қосылды)

Алматы қаласында - 22 439 (+111),

Шығыс Қазақстан облысында - 20 470 (+63),

Атырау облысында - 16 291 (+58),

Қарағанды облысында - 14 096 (+80),

Павлодар облысында - 14 313 (+230),

Батыс Қазақстан облысында - 11 307 (+109),

Солтүстік Қазақстан облысында - 11 179 (+70),

Қостанай облысында - 10 478 (+85),

Ақмола облысында - 11 497 (+168),

Алматы облысында - 9 485 (+70),

Шымкент қаласында - 5 905 (+9),

Жамбыл облысында - 5 614 (+10),

Маңғыстау облысында - 4 081 (+16),

Түркістан облысында - 4 148 (+23),

Ақтөбе облысында - 3 981 (+18),

Қызылорда облысында - 3 627 (+7).

2020 жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 191 639 адамға жеткен.

07:12 3.2.2021

2 ақпанда ПТР тесті оң шыққан 1 228 адам тіркелді

2 ақпанда Қазақстанда ПТР тесті оң шыққан 1 228 адам тіркелді. Павлодар облысында тағы 235 адамға коронавирус жұққаны тестпен нақтыланған.

Жалпы облыстар мен қалалардағы жағдай төмендегідей:

Нұр-Сұлтан - 22 490 (+130 адам жаңадан қосылды)

Алматы қаласында - 22 328 (+113),

Шығыс Қазақстан облысында - 20 407 (+81),

Атырау облысында - 16 233 (+89),

Қарағанды облысында - 14 016 (+63),

Павлодар облысында - 14 083 (+235),

Батыс Қазақстан облысында - 11 198 (+85),

Солтүстік Қазақстан облысында - 11 109 (+76),

Қостанай облысында - 10 478 (+84),

Ақмола облысында - 11 329 (+170),

Алматы облысында - 9 415 (+53),

Шымкент қаласында - 5 896 (+13),

Жамбыл облысында - 5 604 (+15),

Маңғыстау облысында - 4 065 (+9),

Түркістан облысында - 4 125 (+4),

Ақтөбе облысында - 3 963 (+5),

Қызылорда облысында - 3 620 (+3).

2020 жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 190 359 адамға жеткен.

18:56 2.2.2021

The Lancet: "Спутник V" екпесі коронавируспен күресте 92% тиімді

Ресейлік ғалымдар "Спутник V" екпесі сынақтың үшінші кезеңінен кейін 92 пайыз тиімділік көрсеткенін мәлімдеді. Сынақ қорытындысы 2 ақпанда халықаралық The Lancet журналында жарияланды.

Журналдағы зерттеу қорытындысында бұл екпенің қауіпсіз екені және өлім мен ауыр дерттен сақтайтыны жазылған.

Ресей билігі тамызда "Спутник V" екпесі сынақтың үшінші кезеңінен өтпей жатып, қолдануға рұқсат берген еді. Сол кезде батыс ғалымдары бұл екпенің тиімділігіне күмән келтірген.

Бірақ ғалымдар қазір "Спутник V" екпесінің пайдасы дәлелденді деп мәлімдеді.

"Зерттеу нәтижесі таза. Коронавирус індетімен күреске тағы бір вакцина қосылды" деп жазды британиялық ғалымдар Иэн Джонс пен Полли Рой.

Ресейлік екпе сынақтың үш кезеңінен өтіп, тиімділігін дәлелдеген бес вакцинаның қатарын енді. Бұған дейін Pfizer, Oxford/AstraZeneca, Moderna және Janssen екпесі үшінші сынақ кезеңінен кейін коронавируспен күресе алатынын көрсеткен.

The Lancet журналының жазуынша, сынаққа 19866 ерікті қатысқан. Оның ширекгі плацебо, қалғаны екпені алған. Вакцина салдырған еріктілердің 16-сына, плацебо салдырғандардың 62-сынан вирус жұққан.

Қазақстан 2 ақпаннан бастап ресейлік "Спутник V" екпесін сала бастаған. Бұл екпе қазір Ресей мен Қазақстаннан бөлек Аргентина, Венгрия, Венесуэла, БАӘ, Түркіменстан, Иранда да салынып жатыр.

"Спутник V" екпесі екі дозадан тұрады. Екінші дозаны 21 күннен кейін салу керек.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG