Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

12:19 2.3.2021

COVID: Қазақстанда тағы 671 науқас анықталды, 11 адам өлімі тіркелді

Қазақстанда тағы 658 адамның коронавирус тесті оң шықты, 13 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды. Бір күнде 11 адам өлімі тіркелді: 8 адам - коронавирустан, 3 науқас коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады. Денсаулық сақтау министрлігінің 2 наурыз күнгі хабарламасында осындай мәлімет жазылған.

Ресми мәлімет бойынша, 2020 жылдың наурыз айынан бері 214 089 адамға коронавирус жұққаны ПТР тестпен расталған. Содан бері 197 782 адам жазылған, 2 772 адам қайтыс болған.

Қазақстан билігі коронавирус жұққаны ПТР тестпен емес, клиникалық белгілері бойынша анықталған науқастар есебін (коронавирус пневмониясы) 2020 жылдың 1 тамызынан бері жүргізіп келеді. Оған дейін коронавирус пневмониясына қанша адамның шалдыққаны белгісіз. 1 тамыздан бері 49 307 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан, 628 адам пневмонияның сол түрінен қайтыс болған. 42 мыңнан астамы жазылған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір 19 694 адам (КВИ+, КВИ-) коронавирустан емделіп жатыр. 13,6 мыңының ПТР тесті оң шыққан. 250 адамның жағдайы ауыр,48 науқастың жағдайы өте ауыр, 44 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

1 наурыз күнгі мәлімет бойынша, коронавирус жұққаны ПТР тестпен расталғандар саны жағынан Алматы қаласы алда тұр. Бір күнде елдегі ең ірі қалада 102 науқас тіркелген. Ақмола облысында - 78, Павлодар облысында - 77, Нұр-Сұлтанда - 65, Қостанай облысында - 62, Шығыс Қазақстан облысында - 55, Алматы облысында - 48, Батыс Қазақстан облысында - 46, Солтүстік Қазақстан облысында - 37, Қарағанды облысында 27, Атырау облысында - 24, Жамбыл облысында - 5, Қызылорда облысында - 6, Шымкентте - 17, Ақтөбе облысында - 5, Түркістан облысында 3, Маңғыстау облысында 1 науқас тіркелген.

Қазір бірде-бір аймақ "қызыл аймақта" тұрған жоқ. "Сары аймақта": Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстары тұр. Қалғаны "жасыл аймақта".

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 114 млн 417 мыңнан асты. 64 млн 603 мың адам жазылған. 2 млн 538 мың науқас қайтыс болған.

14:06 1.3.2021

Нұр-Сұлтанда мұғалімдер мен полицейлерге коронавирусқа қарсы вакцина егіле бастады

1 наурыздан бастап Нұр-Сұлтанда мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері мен құқық қорғау орган қызметкерлеріне коронавирусқа қарсы вакцина егіле бастады. Бұл туралы қала әкімдігінің сайты хабарлады.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, вакцина алуы тиіс адамдар тізімінде 15 мыңнан астам адамның аты-жөні жазылған. Оларды вакцинациядан өткізу үшін 36 пункт ұйымдастырылған.

1 ақпаннан бері Нұр-Сұлтанда 2 126 адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынған.

09:28 1.3.2021

Қазақстанда Covid-ке шалдыққандар 632 адамға көбейді, 11 адам қайтыс болды

Қазақстанда тағы 622 адамның коронавирус тесті оң шықты, 10 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды. Бір күнде 11 адам өлімі тіркелді: 8 адам - коронавирустан, 3 науқас коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады. Денсаулық сақтау министрлігінің 1 наурыз күнгі хабарламасында осындай мәлімет жазылған.

Ресми мәлімет бойынша, 2020 жылдың наурыз айынан бері 213 431 адамға коронавирус жұққаны ПТР тестпен расталған. Содан бері 196 889 адам жазылған, 2 764 адам қайтыс болған.

Қазақстан билігі коронавирус жұққаны ПТР тестпен емес, клиникалық белгілері бойынша анықталған науқастар есебін (коронавирус пневмониясы) 2020 жылдың 1 тамызынан бері жүргізіп келеді. Оған дейін коронавирус пневмониясына қанша адамның шалдыққаны белгісіз. 1 тамыздан бері 49 294 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан, 625 адам пневмонияның сол түрінен қайтыс болған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір 20 140 адам (КВИ+, КВИ-) коронавирустан емделіп жатыр. 13,7 мыңының ПТР тесті оң шыққан. 248 адамның жағдайы ауыр, 50 науқастың жағдайы өте ауыр, 44 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

28 ақпан күнгі мәлімет бойынша, коронавирус жұққаны ПТР тестпен расталғандар саны жағынан Алматы қаласы алда тұр. Бір күнде елдегі ең ірі қалада 96 науқас тіркелген. Нұр-Сұлтанда - 42, Павлодар облысында - 82, Ақмола облысында - 75, Алматы облысында - 70, Қостанай облысында - 62, Шығыс Қазақстан облысында - 41, Солтүстік Қазақстан облысында - 38, Батыс Қазақстан облысында - 35, Қарағанды облысында 32, Атырау облысында - 14, Жамбыл облысында - 9, Қызылорда облысында - 8, Шымкентте - 7, Ақтөбе облысында - 6, Маңғыстау облысында - 4, Түркістан облысында 1 науқас тіркелген.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде коронавирус жұқтырғандар 114 млн-нан асқан. Шамамен 64,3 млн адам жазылған, 2,53 млн адам қайтыс болған.

08:46 28.2.2021

Қазақстандағы Covid дерегі: 849 науқас, 15 өлім тіркелді

Медқызметкер коронавирус вакцинасын егуге әзірлеп жатыр. Көрнекі сурет.
Медқызметкер коронавирус вакцинасын егуге әзірлеп жатыр. Көрнекі сурет.

28 ақпан күні Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирус инфекциясын жұқтырушылар 849 адамға артқанын, аурудан тағы 15 адамның қайтыс болғанын хабарлады.

Жаңа тіркелген науқастардың 791-інде ПТР тесті оң шыққан (КВИ+), 58-інде ПТР теріс шыққан, бірақ оларға ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын пневмония (КВИ-) диагнозы қойылған.

Қайтыс болған 15 адамның 13-і КВИ+, екеуі КВИ- науқастары қатарынан анықталған.

Қазақстанда ПТР тестімен расталған науқастардың күнделік саны бір күннен соң, коронавирус пневмониясы, Covid өлімі деректері екі күннен соң жарияланып жүр. Яғни вирус жұқтырғаны анықталған 791 науқас 27 ақпан күні тіркелсе, коронавирус пневмониясына шалдықты деген 58 науқас пен 15 адамның өлімі 26 ақпан күні тіркелген.

Осылайша вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған науқастардың жалпы саны 212 809 адамға жетіп отыр. Оның 196 342-сі жазылып шыққан, 2756-сы қайтыс болған. Аурудан көз жұмғандар статистикасына вирус жұқтырғаны расталған, бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адам кірмей қалған.

Қазақстан үкіметі былтыр 1 тамыздан бастап ПТР тестімен расталмаған коронавирус пневмониясы есебін жүргізе бастады. Пневмонияның бұл түрімен тамыздың басынан бері 49 284 адам тіркеліп отыр. Оның 42 093-і жазылып шыққан, 622-сі көз жұмған.

Қазақстан билігі коронавирус статистикасын КВИ- және КВИ- деп екі бөлек санап отыр. Бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы секілді халықаралық ұйымдар бұл екі деректі біріктіріп көрсетіп отыр.

Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратқа қарағанда, қазір коронавирус инфекциясынан 20 280 адам (13 711 КВИ+ және 6 569 КВИ-) емделіп жатыр. Оның 4 483-і стационарда, 15 797-і амбулаториялық жағдайда емделіп жатыр. 249 науқастың жағдайы ауыр, 52 науқастың жағдайы өте ауыр, 42 науқас өкпені желдету аппаратына қосылған.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG