Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

16:14 13.3.2020

Әлемдегі жағдай: Прагада Димаш Құдайбергеннің концерті болмайды

Димаш Құдайберген.
Димаш Құдайберген.

109 адамнан вирус табылған Чехия билігі ел аумағында бір ай төтенше жағдай жариялап, көпшілік қатысатын іс-шара өткізуге тыйым салды. Демек, бұған дейін наурыздың 25-і күні Прагада өтеді деп жоспарланған қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеновтің концерті де болмайды. Болгария да елде төтенше жағдай жариялады.

АҚШ-тың жеті штаты 16 наурыздан бастап екі аптаға мектептерді жапты. Португалия да 9 сәуірге дейін мектептерді, түнгі клубтардың жұмысын тоқтатты. Бельгияда, Францияда сәуірдің басына дейін мектептер, мейрамханалар, клубтар, жұмыс істемейді. Катар кинотеатрлар мен балалар ойнайтын алаңдардың жұмысын шектеді. Түркия мектептер мен университеттердегі сабақты үш аптаға тоқтатты.

Испания Каталония аймағындағы төрт қаланы карантинге жапты. Бұл елде вирус жұқтырғандар үш мыңнан асып кетті. 86 адам қаза болды.

16:34 13.3.2020

Қазақстан денсаулық сақтау министі Елжан Біртановтың айтуынша, вирус жұқтырған екі қазақстандықпен 85 адам байланыста болған.

Біртанов: Вирус жұқтырған екеумен 85 адам байланыста болған
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:54 0:00

16:57 13.3.2020

Қазақстанда үшінші адамдан коронавирус табылды

Қазақстан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанға Италиядан келген әйел адамнан вирус табылғанын хабарлады.

"Тағы бір пациенттен вирус табылды. Әйел адам 12 наурызда Миланнан Мәскеу арқылы Нұр-Сұлтанға келген. Ол борттан түсе сала карантинге жатқызылды. Қазір ол адаммен байланыста болғандарды анықтап жатырмыз. Бұл кісі отырған бортта 90 жолаушы болған. Олар: 37 қазақстандық, 42 ресейлік және тағы 11 елдің азаматы" деді Біртанов.

17:27 13.3.2020

Коронавирус спорт әлеміне қалай әсер етіп жатыр?

  • UEFA Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының матчтарын кейінге қалдырды. UEFA биыл жазға жоспарланған Euro-2020 жарысын өткізу я өткізбеу жағын талқыламақ.
  • Еуропа елдерінің көбі, соның ішінде Англия, Франция, Испания, Италия сәуірдің басына дейін ішкі чемпионаттарын тоқтатты.
  • “Реал” баскетбол командасында бір ойыншыдан вирус табылғандықтан футболдан “Реал Мадрид” (Испания) командасы карантинде. Ал Англияның “Эвертон” командасының да бір ойыншысы вирус жұқтырған соң бұл клуб та карантинге жабылды.
  • Англияның “Арсенал” командасының бас бапкері Микель Артета, Италияның “Ювентус” командасының ойыншысы Ругани, Англияның “Челси” командасында ойнайтын Ходсон Одои, Германияның “Ганновер” футболшылары Тимо Хюберс пен Яннес Хорн, Италияның “Сампдория” шабуылшысы Маноло Габбьядини вирус жұқтырған. Бұл командалардың барлығы да карантинде.
  • Теннистен алдағы төрт аптаға жоспарланған турнирлердің бәрі болмайды
  • Маусымға дейін гимнастикадан ешқандай жарыс өтпейді. Наурызда мәнерлеп сырғанаудан Канадада өтуі тиіс мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты, тау шаңғысынан Францияда өтеді деп жоспарланған әлем чемпионаты болмайды.
  • Баскетболдан NBA, хоккейден NHL және ҚХЛ жарыстары да тоқтатылды.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG