Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

16:40 16.3.2020

"ҚазМұнайГаз" қызметкерлері мен теннисшінің анализі таза

Ярослава Шведова.
Ярослава Шведова.

"ҚазМұнайГаз" компаниясы 16 наурызда екі қызметкерінің анализінен коронавирус табылмағанын мәлімдеді.

Компанияның хабарлауынша, екі қызметкері осыған дейін коронавирус табылған қазақстандықпен бірге бір ұшақпен ұшып келген.

Сондай-ақ, қазақстандық теннисші Ярослава Шведова (US Open және Wimbledon турнирінің жұптық жарыстарының жеңімпазы) желідегі парақшасында коронавирусқа анализі таза болғанын жазды. Ол Миланнан Мәскеуге ұшып келген борттан бір адамнан вирус табылған соң 14 күнге карантинге жатқызылған. Шведованың сөзінше, АҚШ-та өтетін теннис турнирлері өтпейтін болған соң ол Милан арқылы Мәскеуге келген. Коронавирус салдарынан наурыз-сәуірдегі барлық теннис турнирі өтпейді.

17:02 16.3.2020

Вирус жұққан 12 жасар баланың жағдайы қалай?

Коронавирус жұқтырған 12 жасар қыз Алматыға келе сала оқшауланған. Бұл туралы 16 наурызда Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Дәрігерлердің сөзінше, 12 жасар қыз бала Қазақстанға жеке ұшақтың басқа жолаушыларымен бірге Германиядан 13 наурызда ұшып келген, жағдайы бірқалыпты.

13 наурызда Денсаулық сақтау министрлігі осы жеке ұшақпен келген ер адамнан коронавирус табылғанын хабарлап, оның жағдайы орташа ауыр деп мәлімдеген.

Бұған дейін әлеуметтік желіде сот жүйесінің жоғары лауазымды қызметкері жеке бизнес-джетпен Германияда дипломатиялық қызметте істейтін ұлына ұшып барғаны жайлы ақпарат тараған. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарған жоқ я растамады.

Ресми дерек бойынша, қазір Қазақстанда 9 адам (жетеуі – Алматыда, екеуі – Нұр-Сұлтанда) коронавирус жұқтырған. Елде 1641 адам ауруханада, 981 адам үйде карантинде.

17:48 16.3.2020

Италия жұрты карантинді қалай өткізіп жатыр?

Италия – коронавирустан қатты зардап шегіп жатқан елдердің бірі. Бүкіл ел аймағында карантин. Дертке шалдыққандар мен көз жұмғандар саны өсіп келеді. Бірақ жұрт бұл қиындық та аяқталады деп үміттенеді.

Италия жұрты карантинді қалай өткізіп жатыр?
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:19 0:00

18:44 16.3.2020

Қазақстанда 10 адамнан вирус табылды

16 наурызда Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі елде оныншы адамнан коронавирус табылғанын хабарлады.

"1986 жылы туған әйел адам 15 наурызда Стамбул-Алматы рейсмен ұшып келген" деді министрлік өкілі Диас Ахметшәріп.

Сонымен, қазір Алматыда сегіз, Нұр-Сұлтанда екі адамнан вирус табылды. Германияда бір қазақстандыққа вирус жұққан.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG