- Авторы: Манас ҚАЙЫРТАЙҰЛЫ
Төтенше жағдай кезінде той жасауға бола ма?
Қазақстанда төтенше жағдай жарияланғаннан кейін адам көп жиналатын сауда орталықтарын жабуға тапсырма беріліп, той мен ас өткізуге шектеу қойылды. Бұған жұрт пікірі әртүрлі. Өнерпаздар тойсыз табыстан қағылатынын айтады. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "отбасылық шараларды өткізбеген дұрыс" дейді.
Әлемде вирус жұққандардың саны Қытайдан асты
Әлемде Covid-19 коронавирусын жұқтырғандар саны мен көз жұмғандар саны Қытайдан асып кетті. АҚШ-та орналасқан Джон Хопкинс атындағы университет дерегінше, әлемде, Қытайды есептемегенде, 87 мың адамнан вирус табылған. Ал Қытай билігінің мәліметінше, бұл елде 80860 адам дертке шалдыққан.
Коронавирустан әлемде 6513 адам қаза болса, Қытайда 3200 адам қаза тапты.
- Авторы: Аян ҚАЛМҰРАТ
Пандемия шекара жауып, қозғалысты шектеуге мәжбүрледі
Коронавирус пандемиясына шалдыққандар көбейген сайын Еуропа елдері қозғалысты шектеп жатыр. Бүгіннен бастап бірнеше мемлекет жүр көп шоғырланатын жерлерді жапты. Бірақ коронавирустан қауіптенбейтіндер де бар.
Қазақстан мешіттерінде намаз оқуға тыйым салынды
Қазақстандағы төтенше жағдай кезінде елдегі мешіттерде жұма намазы және басқа намаздар оқылмайды. Ал жаназа намазы тек марқұмның жақын туыстарымен, яғни аз топпен өткізіледі.
Бұл туралы 16 наурызда Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы пәтуә шығарды.
"Біріншіден, мемлекет тарапынан елде төтенше жағдай жариялануына және коронавирустың таралу қаупі жоғары болуына байланысты мешіттерде жұма намазы уақытша оқылмайды. Әркім өз үйінде жұма намаздың орнына бесін намазын өтейді. Екіншіден, мешіттер жабылмайды, бес уақыт намазға азан шақырылады, алайда бес уақыт намаз мешітте жамағатпен оқылмайды. Үшіншіден, мешіт жанындағы асханаларда өтетін құдайы тамақ, садақалар (жетісі, қырқы, жылы сынды дәстүрлі кәделер) уақытша тоқтатылады. Төртіншіден, жаназа намазын тек марқұмның жақын туыстарымен, яғни аз топпен өткізген дұрыс" деп пәтуә шығарды діни басқарма.
ПІКІРЛЕР