Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

15:36 17.3.2020

Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин жарияланбақ

Маска киген адам сауда орталығына келгендердің температурасын тексеріп жатыр. Алматы, 17 наурыз 2020 жыл.
Маска киген адам сауда орталығына келгендердің температурасын тексеріп жатыр. Алматы, 17 наурыз 2020 жыл.

Қазақстан үкіметі 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қаласында карантин жариялайтынын мәлімдеді. Карантин кезінде бұл екі қалаға кіріп-шығуға шектеу қойылады. 17 наурыздағы дерек бойынша, Қазақстанда 32 адам коронавирус жұқтырған. 15 адам – Алматыда, 17 адам – Нұр-Сұлтан қаласында.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 15 сәуірге дейін елде төтенше жағдай жариялаған.

Карантин кезіндегі шаралар:

  • карантин кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыру;
  • карантин аймағының периметрін белгілеу және оған кіріп-шығу пункттерін анықтау;
  • адамдардың қозғалысын, сондай-ақ көліктердің кіріп-шығуын шектеу;
  • ауруды жұқтырғандардың, вирус жұқтыруы күдігіне ілінгендердің, карантиндегілердің жағдайы үшін аурухана, емдеу мекемелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру және азаматтардың қозғалысын шектеу үшін қала аумағының секторларын және олардың шекараларын анықтау;
  • қоғамдық көлік қозғалысын күндізгі уақытта тоқтата тұру не шектеу және түнгі уақытта тоқтату;
  • азық-түлік сатпайтын сауда базарларының жұмысын, ірі сауда-ойын сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысын уақытша тоқтата тұру (Азық-түлік сататын орындар мен дәріханалардың жұмысы жалғаса береді).
  • санитариялық-эпидемияға қарсы шараларды күшейту және «тамақтарды сатып алушыларға жеткізу» жүйесі бойынша қоғамдық тамақтану нысандарының жаңа жұмыс режимін белгілеу;
  • Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс режимін қайта ұйымдастыру;
  • карантиндік аймақтардағы халықтың және әрбір сектордың азық-түлік өнімдеріне, дәрі-дәрмектерге, өмірге ең қажетті тауарларға тәулік сайынғы қажеттілігін анықтау;
  • карантиндік аймақтың әрбір секторы үшін қоғамдық көлік қозғалысын барынша шектеуді ескере отырып, сауда және азық-түлікпен әрі ең қажетті тауарларымен қамтамасыз ету орталықтарын анықтау;
16:23 17.3.2020

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев карантин жайлы не айтты?

Алматы. 16 наурыз 2020 жыл.
Алматы. 16 наурыз 2020 жыл.

Бақытжан Сағынтаев Facebook желісі арқылы Алматыда карантин қалай жұмыс істейтінін түсіндірді. Сағынтаевтың айтқандарын қысқа шолып шықтық.

  • Қала тұрғындары оқшаулауы тиіс
  • Көшелерді, тратуарларды жуып, дезинфекциялау қажет
  • Қоғамдық орындар мен тұрғын үйлерді дезинфекциялау керек
  • Алматы аумағына адамдардың және көліктердің кіріп-шығуы шектеледі
  • Қаланың кіре-берісіне 27 блок бекеттерін орнатылып, блоктарды полиция мен Ұлттық гвардия күштері күзетеді.
  • Балабақшалар, азық-түлік сатпайтын базарлар, сауда орындарының жұмысы тоқтайды.
17:17 17.3.2020

Тоқаев: Мемлекеттік қызметкерлердің 70 пайызын үйден жұмыс істеуге көшірген жөн

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісінде елдегі төтенше жағдай кезінде мемлекеттік қызметкерлерді, квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің 70 пайызын үйден жұмыс істегені жөн деп мәлімдеді. Ол жеке кәсіпорындарға да осындай ұсыныс жасады. Тоқаевтың жазуынша, бұл ереже қоғам тіршілігін қамтамасыз ететін, қауіпсіздік пен тәртіпті бақылайтын мекемелерге және кейбір ақпарат құралдарына қатысы жоқ.

Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты Қазақстанның барлық аумағына 16 наурыз сағат 8.00-ден бастап, 15 сәуір сағат 7.00-ге дейін төтенше жағдай енгізген.

Қазақстанда 17 наурызда коронавирус жұқтырғандар саны 32 адамға жетті. Коронавирус жұқтырғандар Алматы қаласында 15 адам, Нұр-Сұлтан қаласында 17 адам болды. Екі қалада 19 наурыздан бастап карантин басталады.

17:49 17.3.2020

Футболдан Euro-2020 жарысы келесі жылы өтеді

UEFA (Еуропа футбол қауымдастығы) шешімімен биыл жазға жоспарланған Euro-2020 турнирі 2021 жылы 11 маусым-11 шілде аралығында өтеді. Бұл туралы Норвегия футбол федерациясы хабарлады. Жарыс биыл 12 маусым-12 шілдеде болуы тиіс еді.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG